Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Патент құнын есептеу

Читайте также:
  1. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  2. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  3. Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу
  4. Бап. Бөлек есептеу әдiсi
  5. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  6. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  7. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Ескерту. 432-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық базасы | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі | Бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу | Бап. Салық базасы | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қолдану тәртібі| Бап. Қолдану тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)