Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бөлек есептеу әдiсi

Читайте также:
  1. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  2. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  3. Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу
  4. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  5. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  6. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады.
2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын ұйымның:
мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады.
2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:
күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
3. Қаржы лизингіне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің мүлiктi қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.
5. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын ислам банктерінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдісін қолдануға құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.
Ескерту. 262-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу | Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу | Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету| Бап. Шот-фактура

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)