Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  7. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

 

Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.

 

Бап. Салық кезеңi

 

1. Мүлiк салығын есептеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.
Ескерту. 401-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Салық есептілігi

 

1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация тапсыруға міндетті.
Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.
Ескерту. 402-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау | Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары | Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары | Бап. Базалық салық ставкаларын түзету | Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi | Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi | Бап. Салық есептілігі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Салық базасы | Бап. Салық ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі| Бап. Салық базасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)