Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  3. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  4. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  5. Бап. Акциз ставкалары
  6. Бап. Алым ставкалары
  7. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету

 

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

 

 

Рет N Пайдалы қазбалардың атауы Ставкалар, %-пен
     
1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас 2,5
2. Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы 4,7
3. Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас 5,6
4. Жерасты сулары, емдік балшық 10,6

 

Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.
Ескерту. 342-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі

 

Бап. Салық кезеңі

 

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

Бап. Төлеу мерзімдері

 

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Салық декларациясы

 

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.
Ескерту. 345-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу тәртiбi

 

1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және iшiнара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:
1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;
2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.
5. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте, салық төлеуші мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.
6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесiнің тиесілі сомасын осы Кодексте және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.
7. Мемлекеттің атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін оған уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидiң және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiнің бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
8. Салық төлеуші және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесiнің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген заттай нысандағы мерзiмде және нысандар бойынша табыс етеді.
Ескерту. 346-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі | Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері | Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Салық базасы | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық базасы| Бап. Есептеу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)