Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  3. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  4. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  5. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  6. Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде
  7. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері

 

1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:
1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
жекеше нотариустар;
адвокаттар;
жеке сот орындаушылары үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация;
3) салық төлеушілердің әрбір санаты:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;
осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.
2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;
2) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық агенттері үшін мынадай:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;
1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;
2) салық агенті шегерімге жатқызған, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;
3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
3) салық ставкасы туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;
7) салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің:
жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;
шегерімге жатқызылған шығыстарды;
табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;
салық салынатын табысты (залалды);
салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;
шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетілген;
2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;
2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;
3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.
Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың табысы жөніндегі;
3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі | Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі | Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы | Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі | Бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар | Бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері| Бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)