Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде

Читайте также:
  1. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.

... Бірақ кез-келген өзара қызметті және кез - келген өзара жәрдемді айырбас деп

түсінсек, онда кез - келген бірлескен өмір де өзара қызмет пен жәрдемнің үздіксіз айырбасы екендігі айдан анық және де бірлескен өмір екеуара ғана болса, тіпті көбірек анық; бір мезгілде екі жақтың елеулі себебі (ең қарапайым жағдайда екі кісі ойда болғанда) – басқадан қызмет күтіп, соны талап ету болмаған немесе басқалардың көмегі арқылы күту, талап ету, мәжбүрлеу (сондай - ақ аталмыш индивидті байланыстыратын, яғни оны басқалармен біріктіретін және қажетіне қарай басқаның орнына жүретін жиынтықтан күту мен талап ету) арасындағы айырмашылық анық бола түседі, басқаның, басқалардың және тұтас көпшіліктің пайдасына өзіңнің тілегің мен қалауың, тіпті осы тілегің мен қалауың -бері салғанда солай деп санау сіңіп кеткен - басқаның немесе басқалардың сондай тілегі мен қала уынан нәр алған кезде де солай болады. Мұндай тілек пен қалаудың нәтижесі басқа индивидке немесе басқа индивидтер жөніндегі мүлдем басқа позиция болып табылады. Ол позиция өздігінен -ақ ананың балаға, ол әлі парықсыз сәби кезінде одан ештеңе күтпейтін және талап етпейтін махаббаты сияқты шүбәсіз, ал оның есі кіріп, парасатқа ие болған кезде, ондай махаббат болған күнде де, ол айқындаушы рөл атқармайды. Жалғыз махаббат өздігінен байланыстыра алмайды. Қатты ұнату мен бүйрегі бұрып түру да сол секілді; өзара махаббатсыз махаббат қатып - семіп қалады, бірақ ол, қайрансыз үмітті, сүйікті адамының бар екендігін білуді ғана талғажау етіп, әупірімдеп өмір сүре береді, өйткені сүйіктісі үшін жақсылық тілеумен қатар, әсіресе жыныстық махаббатта, өзіне де ләззат тілейді; жыныстық махаббатта ынтызарлық неғұрлым күшті болса, соғұрлым күштірек өшпенділікке айналады, өйткені бұндай жағдайда ол - өзін-өзі жақсы көру көбіне өзін өлтіріп жіберу ырқын туғызатыны секілді, азғындаған махаббат.

2. Әлеуметтік байланыстылықтың туындайтын және ең жоғары түрлерінде әрқашанда бір

элемент бар: оны, бір жағынан, өзара септесу, өзара көмек немесе, бері салғанда, қалыс,

яғни бейбіт қызмет; екінші жағынан, индивидуалдық ырықты айқындайтын -байланысты

(әлеуметтік) ырық деп анықтауға болады. Осылайша байланыстылық пен өзаралықты

мынадан сезініп, танып білуге болады: әріптестің (қатысушының, мүшенің) оларға сәйкес

келмейтін, тіпті оларға қарсы бағытталған қылығы әрқашан басқаның немесе

басқалардың, сол арқылы, орнығып үлгерген болса, бүтіннің өзінің қарсы қарекетін

туындатады, және ол қарсы қарекет бүтіннің тіршілігі жеке кісінің мінез -құлқына 7

неғұрлым азырақ тәуелді болса, соғұрлым бет қаратпас болады. Мысалы, екі адамның

достығы, көбінесе некеде (ол, өз кезегінде, жақын-жұрағаттардың әлеуметтік ырқына

байланысты болғанымен) әрбір әріптестің мінез -құлқына тәуелді болады және солар оны

бұзуы мүмкін. Керісінше, қоғамда жеке кісі, әдетте, ештеңе тындыра алмайды, тек бірнеше, көп адамның, бұқараның мінез -құлқы ғана оның тіршілігін нығайтады немесе қауіп төндіреді: бұл арада өзін көрсететін нәрсе - көпшілік пен азшылықтың арасындағы қарама - қарсылық, көпшіліктің өмір сүріп отырған бүтінді сақтағысы немесе өзгерткісі келе ме, және де өзінің ырқын азшылыққа бүтіннің ырқы ретінде таңу үшін көпшілік жеткілікті күшті ме дегендегі айырмашылық. Индивидтің немесе адамдардың бөлігінің

(азшылықтың) әлеуметтік ырыққа қарсы бағытталған мінез -құлқы оған тиісінше үн қату

үшін жеткілікті белгілі бір көпшіліктің наразылығын тудыратынын түсіну қажет болатын

ахуал әдеттегі нәрсе; мұндай ахуалда көпшілік, тіпті оған азшылықтың айтарлықтай ырқы

қарсы тұрса да, объективті түрде жиынтық ырықты көрсететін болады. Бірақ әлеуметтану

тұрғысынан бір принципті белгілеп, күлбілтелемей анықтап алу маңыздырақ, ол принципке сәйкес көпшіліктің немесе ерекше (басым) көпшіліктің ырқы бүкіл "кеңестің"

немесе бүкіл корпорацияның ырқы деп саналып, шешім қабылданғаннан кейін қарама -

қайшылық, бері салғанда, алғашқы кезде және уақытша алып тасталатындай етілуге тиіс.

III


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нату және ұнатпау | Корпорация | Азаматтық қоғам |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сену және сенбеу| Адам ырқы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)