Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нату және ұнатпау

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
  5. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары
  6. Ерітіндідегі иондардың жалпы және активті концентрациясы
  7. Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің агрегациясы және жалпыламасы.

I

Әлеуметтану дегеніміз адамды зерттеу, бірақ оның тәндік, жан дүниесіндегі мәнісін емес,

әлеуметтік мәнісін зерттеу, демек, оның тәндік және жан дүниесіндегі мәнісі әлеуметтік

мәніске шарт есебіндегі нәрсе ғана. Осылайша, біз бір адамдарды басқаларымен

біріктіретін, оларды бірге ұстап тұратын, оларды бірлескен қам қарекеттер мен өзара

қарекетке итермелейтін немесе ынталандыратын пиғылдар мен қозғаушы күштерді ғана

емес, қайта, және ең алдымен, соның салдарынан пайда болатын ортақ мәністі сақтап,

қолдап отыру үшін қажет адам ойының жемістерін танып, зерттеуге ұмтыламыз. Адам

ойының жемістері қауым (Gemeinde), мемлекет, шіркеу тәрізді, көбіне болмыстың

элементтері, кейде тіпті жаратылыстан тыс нәрсе ретінде қабылданатын маңызды

пошымдармен аяқталады....Біздің әрқайсымыз басқа адамдармен тікелей және жанама

түрде көптеген байланыстарда және қарым - қатынастарда өмір сүреміз.Біздің әрқайсымыз

көп адамдарды білеміз, бірақ бүл олардың жалпы санымен салыстырғанда - аз адамдар.

Мен басқа адамдарды қалай білемін? Бұл мәселені қарастырмас бұрын, әуелі кейбір айырмашылықтарды айқындап алайық. Мен біздің айналамыздағы адамдарға қатысты төрт айырмашылықтың ішіндегі ең бастылары - білу мен білмеу, таныстық пен бейтаныстық арасындағы айырмашылық деп білемін.

1. Таныстық пен бейтаныстық (жаттық)

... Бөтен қалада, бөтен адамдар ортасында сіз аяқ астынан танысыңызды, тіпті "жақсы

танысыңызды" немесе жай ғана ескі танысыңызды кездестіресіз. Әдетте, бұл - қуанышты

жәйт. Онымен әңгімелесуге құмарлық бірден пайда болады, ал бөгде адаммен біз мұндай

құмарлықты сирек байқаймыз - өйткені осынау бұлдыр, әлсіз тілек көбіне басқа тілде

сөйлесумен тойтарылып тасталады. Егер ұшырасқан адамды сіз тек жүзтаныстық

арқасында білетін болсаңыз, онда, тегінде, сіз бірінші рет (бұл соңғы рет болуы да мүмкін)

онымен қол алысып амандасасыз. Және де танысыңыз басқа бір тұрғыдан - бір жолы сіз

онымен кездесіп, азын - аулақ тіл қатысқаныңыздан басқа, немесе сіз оны өздеріңізді

жақындастыратын кейбір қасиеттері бойынша, мысалы, кәсіп яки мамандық жағынан

әріптес ретінде білетіндігіңізден басқа жағдайда - сонымен, басқа бір тұрғыдан ол сізге

мүлдем бөгде адам, атап айтқанда, басқа ұлттан болып, басқа тілде сөйлейтін адам болып

шығуы мүмкін: бәрібір ол - танысыңыз, тіпті, сіздер қиналып ұғынысатын және бір - біріңіздің тіліңізді нашар түсінетін болсаңыздар да солай. Біздің тіліміз таныс пен біз жай

ғана білетін адамның арасындағы айырмашылықты ғажап айырады. Таныс - менің 3 танысым - мені де біледі; ал мен жай ғана білетін адам шындап келгенде мені білмейді

немесе, бері салғанда, мені біле бермейді. Биік адамды - жаратылыстық мағынада да,

рухани мағынада да - кеп адам керіп, біледі, алайда ол оларды көрмейді де, білмейді де, ал

кейде білгісі де келмейді. Мен жай ғана білетін адам мені есінде сақтамаған; тіпті есінде

қалсам да мен туралы ештеңе білмеуі де мүмкін. Не ол маған салғырт қарайды, не мен

оған ұнамаймын. Ал таныстарды, керісінше, кейбіреулер достарының санатына қосады -

бүл ой машығының немесе сөйлеу тәсілінің үстірттігінің айғағы, дегенмен таныстық үшін

өзара ұнатып қалудың, жаттық үшін - өзара ұнатыспаудың жеңіл тенденциясы тән: бар

болғаны тенденция, бірақ тенденциялар маңызды.

нату және ұнатпау

Адамды жай ғана білу де, онымен таныс болу да біз оған жамандық тілей, немесе, керісінше, ол бізге ұнайды, сондықтан оны жақсы көреміз (бүл әлдеқайда сирек кездеседі)

деген сөз емес. Біз ұнататындар мен біз ұнатпайтындардың арасы жер мен көктей. Ұнату

да, ұнатпау да - эмоция, кейде оны адамға дейінгі бірдеңе деп біліп, инстинкт деп атайды;

шындығында олар көбіне ең асқақ, ізгі адам үшін ерекше сезімдермен байланысты, көп

жағдайда сондай сезімдерден, демек, біз ойлайтын, білетін нәрселердің бәрінен туындайды. Бұған дейін айтылғанындай, таныстық пен ұнатудың - жаттық пен ұнатпаудың арасында белгілі, нақты мәні бар өзара байланыс болады. Ұнату мен ұнатпау

неғұрлым инстинкт! болса, олар сыртқы құбылыстарға, әсіресе әйелдерде, соғұрлым

тәуелді бола түседі; бүл ең алдымен еркектің оларға әсерінен туындайтын сезімге

қатысты, олар - оның дене пішімінен, сырт келбеті мен бет әлпетінен, оның қалай

киінетінінен, өзін қалай ұстайтынынан, сөйлейтінінен, мәнері қандай екендігінен, оның

даусы қалай естілетіндігінен туындайтын әсерлер. Еркектер де әйелге бір көргеннен

ғашық бола береді: біреулерге әдемі пошым, екінші біреулерге тамаша бейне, тағы

біреулерге жай ғана көз жанары немесе батыл сөз, енді біреулерге әдемі көйлек немесе

сәнді қалпақ ұнап қалады. Алайда, тікелей инстинктік ұнату мен ұнатпауға бөтен

адамдармен танысу тәжірибесі кереғар шығуы мүмкін. Бұл орайда алғашқыда жағымсыз

эсер қалдырған біреу, кейін аса сүйкімді, қызықтыратын, тіпті тартымды адам болып

шығуы мүмкін екендігі басшылыққа алынады; әйелдер мен қыздарда басында өздеріне

ұнамаған еркекке ғаламат ынтызарлық туындайтыны бола береді, мысалы, жесір

королеваның Ричард ІІІ - ге ынтызарлығы сондай. Осыдан ұзаққа сілтейтін адал махаббат,

оның үстіне мәңгілік махаббат өсіп шыға ма - бұл басқа мәселе. Көбіне - көп кейінгі ащы

тәжірибе қуаттайтын алғашқы әсер қалай десек те дұрыс болып шығады. Бірақ қарама -

қарсы ситуация да дағдылы дерлік нәрсе: алғашқы тамаша әсер, аса бір жағымды иланым

неғұрлым жақын таныса келе сағым сияқты сейіліп кетеді де, біз сыртқы жарқыраққа оп -

оңай алданғанымызға опық жейміз. Бірақ көптеген адамдар - бейтаныс, бөтен адамдар ғана емес, өзіміз білетін, бәлкім, тіпті жақсы білетін адамдар - бізде ешқандай сезім тудырмайды, бізді селқос қалдырады. Рас, селқостық үнемі қатып қалмайды, ол не ана, не мына жағына оп - оңай бет бұрады. Ұнату мен ұнатпаудың реңктері көп, әсіресе егер жоғарыда тілге тиек болған парасатты, яғни, біздің ойлы санамызда негізі бар ұнату мен ұнатпауды ескерсек солай болып шығады. Көбіне - көп былай болып шығады: біз өз жағымыздағы, өз қосынымыздағы адамдардың бәріне - біз онымен бұрыннан таныспыз ба, әлде, енді ғана танысып жатырмыз ба, соған қарамастан, оларға белгілі бір дәрежеде, азырақ та болар, іш тартамыз, олар - дауға қатысушылар, дос - жар, жерлес немесе шағын отандас, кәсібіміз бір әріптес, діндес немесе партиялас жолдас, жұмыстас әріптес болуымыз мүмкін; кейбір, әдетте, шамалы іш тартуымыз мұның өзі едәуір дәрежеде өмір тәжірибесінің молдығына байланысты – енді бір сословиеге жатуымыздың арқасында, мысалы, дворяндар санатына, немесе бір тапқа - дәулеттілерге немесе дәулетсіздерге жатуымызға қарай туындайды. Және керісінше, ұнатпау да дәл осындай жолмен, басқа қосындағылардың бәріне қатысты туындап, орын 4 алады; бұл ұнатпау көбіне, әсіресе, әңгіме нағыз күрес жайында болғанда, өшпенділікке айналып кетеді, ал өзге бір жағдайларда ұнатпау тек көбірек немқұрайдылық ретінде көрінеді, соның есебінен ол әлсірей береді, сөйтіп басқа бір себептер болған жағдайда және неғұрлым жақын танысқанда ол оп - оңай шынайы ұнатуға айналып кете алады.Екінші жағынан, өзара, ұнатуды ояту үшін жете түсінілген ортақ немесе бері салғанда жақын мүдделердің болуы, және ұнатпау үшін мүдделердің қарама - қарсы болуы жеткілікті. Мысалы, кейде көптеген адамдардың тұтынушылар ретіндегі мүдделері ортақ болып, олар сол ортақтықты сезінеді, соның салдарынан олар бір - біріне біршама ұнайды. Олардың

мүддесі өндіруші мен тұтынушының мүддесіне кереғар, сондықтан оларды

ұнатпайды, бұл ұнатпау тұтынушылардың бір -бірін ұнатуынан күштірек болады.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде | Адам ырқы | Корпорация | Азаматтық қоғам |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Девочки рассказали ему о своих приключениях, и Дед Мороз отправил подружек домой. Так они стали верить в деда Мороза.| Сену және сенбеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)