Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  3. Бап. Қолдану тәртібі
  4. Бап. Қолдану тәртібі
  5. Бап. Қолдану тәртібі
  6. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  7. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

 

1. Мүліктік кепіл шарты салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.
Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күніне дейінгі күнтізбелік он бес күннен бұрын жасалмауға тиіс.
2. Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:
1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
2) кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
тыйым салынған мүлік;
мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;
3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық қызметінің органына кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді.
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

 

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті, салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына табыс етеді. Өтінішке:
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;
кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растау қоса беріледі.
Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларының қалған бөлігін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті табыс етуге құқылы.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем болмаса, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сай келетін салық төлеушілерге:
салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш беру күніне дейінгі кезең бес жылдан аз болса;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылғы түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса, қолданылмайды.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде табыс етілген кезде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалады.
4. Егер салық төлеуші (салық агенті) өзіне қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын;
осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
6. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:
1) салық төлеушімен келісілген, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
7. Салық қызметі органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде бекітілген графикке сәйкес ай сайын тең үлестермен төлеуді жүргізуге міндетті.
8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
9. Салық төлеуші (салық агенті) осы тараудың ережелерін сақтамаған және (немесе) шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Ескерту. 6-тарау 51-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 191 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау | Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы | Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау | Бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)