Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
6) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қызметін тоқтататын дара кәсіпкер қосылған күн салығын төлеуші болып табылған жағдайда табыс етіледі.
2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен
кешіктірілмей басталуға тиіс.
5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
6. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
7. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
2)салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның ескертуі!
5) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.
8. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына:
1) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатты табыс етуге міндетті.
Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
11. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде өздеріне қатысты салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету | Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы| Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)