Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету

Читайте также:
  1. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  2. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  3. Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
  4. Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері
  5. Бап. Салықтық бақылау
  6. Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

 

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
Осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған кезеңде осындай салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс еткен жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) — заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхаты негізінде әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде берген өкілеттіктері шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде салық қатынастарына оператор арқылы қатысу

 

1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттігі, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады.
3. Осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін орындаған кезде, оператор осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген салық әкімшілігін жүргізудің тәртібі қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуына байланысты осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Ескерту. 2-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері | Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушінің құқықтары| Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)