Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3-сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Бағалау теориясының негізгі түсініктері
  3. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  4. Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
  5. Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .

 

1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді), жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары;
4) басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;
5) бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомасы;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
10-1) веб-қосымша – салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және салық міндеттемелерін орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкциясыз қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;
11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-т. қараңыз).
Осы Кодекстің мақсатына орай, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде осындай келісіммен айқындалған мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін Қазақстанның үкіметтік емес қоғамдық қорлары өтеусіз негізде алған мүлік те грант деп танылады;
12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
14) дивидендтер – бұл:
акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс;
исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс;
акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
Т = Қа – Қк,
мұнда:
Т – мүлікті бөлуден түсетін табыс;
Қа – мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;
Қк – мүліктің заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны.
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;
15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;
16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;
17) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі;
17-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады;
18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;
19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік;
19-1) инвестициялық алтын – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:
алтын монеталар үшін:
мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;
алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1 000 үлесіне шаққанда 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ұлттық валюта монеталары инвестициялық алтын болып танылмайды.
Бұл ретте алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:
1800 жылға дейін соғылған;
«пруф» (proof) сапасында, бетін айнадай жалтыратуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
шығарылымының таралымы 1 000 данадан аспайды;
оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.
Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағасының бағамдалуын) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады;
қалған алтын үшін:
мұндай алтын құйма және (немесе) пластина түрінде жасалған;
мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне шаққанда 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);
20) инжинирингтік қызметтер көрсету - инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;
20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
21) келісімшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;
21-1) құпиялылық туралы келісім – геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге), оның ішінде, ақпаратты алу туралы шарт (келісім) жатады;
22) келісімшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында;
коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметін қолдау мақсатында;
әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;
әлеуметтік салада осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін мүлік;
25) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;
26) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметші; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
28) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
30) роялти - мыналар үшін:
пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;
31) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға;
32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;
33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
35) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
37) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;
39) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңының 9-б. қараңыз).
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңының 9-б. қараңыз).
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер, оның ішінде:
мұндай мүлік алынған (берілген) құнды,
қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді,
лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа берілетін төлемдер;
салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша;
вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;
репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі;
исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер.
Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы болып танылады.
40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.
Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстері проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкін;
41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;
41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
43) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
44) ұтыстар — салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар;
45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімнің негізінде салық қызметі органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;
45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады;
46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;
47) тауарлардың импорты - Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.
1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылады;
2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;
3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;
7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді;
8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) – 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.
Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2017 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).
2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету | Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері| Бап. Салық төлеушінің құқықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)