Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЛпаныҢ патогенезі

 

Ұлпа қабынуының түрлері Патоморфологиялық өзгерістер Патофизиологиялық өзгерістер
Ұлпаның жедел қабынуы(К04.01) (ұлпаның жедел ошақты қабынуы)   Қабыну ошағында детриті жасушалық белбеу, микроорганизмдердің шоғырлануы, негізгі заттарда көп мөлшерде денешік қалдықтары анықталады. Жасушалық элементтері қатты бұзылысқа ұшыраған, коллагенді фибрилдер ісінген, бірақ макрофагоциттер мен плазмациттер саны көбейген. Одонтобластар қабатында жасушаішілік және жасушааралық ісінудің әсерінен жасушалар бір –бірінен алшақ қашықтықта орналасқан, ал цитоплазмада митохондрийдің ісінуі, кейде кристтің жыртылуы анықталады. Осыған ұқсас өзгерістер субодонтобласт қабатында да байқалады. Капиллярлар саңлауында қанның түрлі элементтер саны көптеп көбейген. Эндотелиоциттер мен қанның плазмолемм жасушалары арасындағы тығыз байланыс анықталады. Эндотелиоциттер цитоплазмасында пиноцитозды көпіршіктердің көбейуі байқалады. Капиллярлардың базальді жарғағы қалыңдаған. Нерв талшықтарының құрылымдары да өзгеріске ұшыраған. Аксоплазмада миелиндердің пайда болуымен қатар матрикстің электронды тығыздығының жоғарлағаны көрінеді.Қалыпты өзгеріске ұшырамаған ұлпа құрылымы тек түбір бөлігінде анықталады.     Ұлпаға зақымдаушы фактордың әсер етуі ұлпада гиперергиялық типтегі қабыну үрдісін туындатады. Ұлпаның барлық компоненттерінің зақымдануы ұлпадағы жедел қабынуының бастаушы мезанизмі болып табылады: жасуша, жасушааралық заттар, талшықтар, қан тамырлары, нерв шоғыры. Осының бәре қан айналымын бұзады да тіндер гипоксиясына, қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарлауына және алғашында серозды ал кейіннен келе жалқықтың пайда болуына, ал 6-8 сағаттан кейін іріңнің пайда болуына тікелей ықпал етеді. Іріңді жалқықтың пайда болуына қабынуы ошағына полиморфтыядролы нейтрофилдердің белсенді көшуімен сипатталса, ал содан кейін моноциттердің фагоцитарлық белсенділігі тікелей әсер етеді. Гипоксия ұлпада қышқылданбаған заттардың түзелуімен жүретін зат алмасудың бұзылысына алып келеді. Соның әсерінен ұлпа жасушасының фагоцитарлық белсенділігі төмендейді де метаболизмді ацидоз туындайды да осы ошақта ұлпа ыдырап, ұлпада ошақты абсцесс пайда болады. Бұндай жағдай 48 сағатқа дейін жететін жедел ошақты ұлпаның қабынуына сәйкес келеді.  
Іріңді (ұлпа абсцессі) (К04.02) (ұлпаның жедел диффузды қабынуы)   Ұлпа элементтерінің кең ауқымды кері қайтымды емес құрылымды өзгерістерімен сипатталады. Тіндердің өліеттену аймақтары, детритті жасушалар мен микрорганизмдер санының көбейуі анықталады. Определяются участки.Ұлпаның негізгі затында – жасушалық қабықшадан бос органоидтар, миелинді құрылымдар көптеп кездеседі. Одонтобласттар қабатында жасушааралық ісік қарқындау нәтижесінде жасушалар бір-бірінен алшақтай түседі. Оларда жасушааралық дистрофия анықталады және ядролары пикнозданып, жарғақтары көп көлемде жыртылады. Бұл жасушалардың цитоплазмалары цитолизге бейім. Бұндай одонтобласттарды өмір сүруге бейім емес деп санауға болады. Субодонтобласттық қабатта да деструктивті өзгерістер анықталады: жасушааралық ісінудің анық дамуы нәтижесінде жасушааралық байланыс бұзылады, ядроның пикноздануы, ядролық жарғақтың жыртылуы,цитоплазмадағы митохондрийдің вакуолденуі жүреді. Фибробласттардың морфологиялық өзгерісі жақсы дамыған. Олардың цитоплазмасында көптеген вакуолдер, пинцитозды көпіршіктер, липидті гранулалар анықталады да митохондрийдің вакуолденуі жүреді. Капиллярлы торда және нерв талшықтарында өзгерістер арта түседі. Капиллярлар саңылауында бірден қанның пішінді элементтерінің саны арта түседі. Нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер, макрофагтар және плазмоциттердің көптеп шоғырлануы пайда болады. Нерв талшықтарында аксоплазма вакуолденеді де онда жасушалық органоидтар тіптен анықталмайды. Ұлпалы нерв талшықтарының миелинді қабықшасы электронды тығыздығы орташа гомогенді затқа ұқсас болып келеді.   Тіс қуысынан жалқықтың толық шығуы нашар болған жағдайда жаңадан абсцесстер пайда болып, олардың бір біріне қосылу нәтижесінде ұлпаның барлық құрылымды элементтерінің кері қайтымсыз зақымдануымен сипатталатын ұлпа флегмонасы дамиды. Жалқық сауыт ұлпасынан түбір ұлпасына қарай тарайды. Бұл көрініс ұлпадағы жедел ошақты қабынудың жедел диффузды қабынуына ауысқанына сәйкес каеледі.  
Созылмалы (К04.03) ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы)   Ұлпадағы заттық өзгерістердің басым болуымен сипатталады. Талшықты элементтердің белсенді өсуінің жүруімен қатар жасушалардың саны, сонымен бірге одонтобластардың да саны азайады. Қабыну ісігі жойылады. Ұлпаның петрификациясы және тамырлардың облитерациясы анықталады. Микроабсцесстер төңірегінде кейіннен фиброзды капсула құрайтын лимфомакрофагальді инфильтратпен тығыздалған грануляциялық тін пайда болады. Ұлпаның жедел қабынуы кезінде жалқықтың бұзылған дентин арқылы тісжегі қуысына шығуы жедел қабынудың созылмалы қабынуға ауысуына жағдай жасайды. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңде абсцеес шеңберіндегі ұлпаның жартысы лимфомакрофагальді инфильтратпен тығыздалған грануляциялық тінге ауысады. Ал екінші кезеңінде ұлпа тіні фиброздың дамуына ұласады, ұлпадаталшықты элементтер саны көбейеді де ұлпаның петрификациялануына бейімделінуіне жағдай жасайды.  
  Ұлпаның өліеттенуі (ұлпаның шіруі) (К04.1) (ұлпаның созылмалы шіри қабынуы)   Ұлпада құрамында микроорганизмдер саны басым, массасы құрылымсыз, содан басқа майлы қышылдардың кристаллдары мен гемосидериндерден тұратын өліетене бастаған ошақ аймағы пайда болады. Өмірсүргіштік қабілеті сақталған ұлпа ыдыраған аймақтан грануляциялық тіннен тұратын серозды қабыну белгісі бар демаркациялық сызықпен бөлінген.   Жедел диффузды қабыну үрдісінің созылмалыға ауысуы көптеген тіндердің өліеттенуімен сипатталады. Бұл ошаққа тісжегі қуысының дренажды тесіктері арқылы анаэробты микроорганизмдердің енуі ұлпаның созылмалы шіри қабынуын дамытады.
Созылмалы гиперпластикалық (ұлпа полипі) (К04.05) (ұлпаның созылмалы өсе қабынуы)   Жас, құрамында дамыған капиллярлы торы және жасушалық элементтер мен талшықтарға бай грануляциялық тіндердің белсенді өсуі жүреді. Содан кейін бұл тін жетіледі және құрамындағы эпителиймен бірлесе ұлпада полип түзейді. Көбіне ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының, өте аз жедел ошақты және диффузды қабынулардың шегі болып табылады. Тісжегі қуысының тіс қуысымен кең байланысқан кезінде пролиферация үрдісі альтерация және эксудация үрдісінен басым болады; қабынған ұлпа біртіндеп тісжегі қуысын толықтай жауып тұратын жас грануляциялық тінге ауысады.
Анықталмаған ұлпа қабынуы (К04.09) (ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі)   Жаңа нейтрофилдердің қосылу нәтижесінде хемотаксистік белсенділік артады. Жедел қабынудың патоморфологиялық көрінісі созылмалы қабынудың морфологиялық көріністеріне қабаттасады.   Дренаж болмаған жағдайда жалқықтың ағымының бұзылысы анықталады. Бұл тіс қуысында қабыну заттарының жиналуына, қуыста қысымның артуына, жаңа абсцесстердің пайда болуы себебінен ұлпадағы қабыну үрдісінің өршуінің дамуына ықпал етеді.

 

 

5.3. ҰЛПА ҚАБЫНУЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Диагностикалық симптомдар Патогенездік негіздеме
Ұлпаның жедел қабынуы(К04.01) (ұлпаның жедел ошақты қабынуы)  
Сұрау, шағымы   Әртүрлі тітіркендіргіштерден пайда болған, тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін ұзақ уақыт басылмайтын қатты ауру сезімі Ұлпадағы ауру сезімі әлсіз тітіркендіргіштер әсерінен пайда болады. Сауыты бүтін тіс 50–60 °С жылы температураға және 15–20 °С суық температураға жауап қайтарса, ұлпа қабынуы кезінде 28–30 °С дейін температураға дейін жылытылған сумен тісті жуған кезде ауру сезімі пайда болады. Осындай ауру сезімінің пайда болуы ауру сезімін өткізуші және тітіркендіргішке жауап қайтарушы миелинсіз талшықтардың ноцицептивті белсенділігімен байланысты болады. Қабынған ұлпаның жүйке шетін тітіркендірген кезде «нейроннды тұзақ» типтес нейронды торда айналмалы қозу нәтижесінде ұзаққа созылған ауру сезімі туындайды. Қозу осындай торға түсе отырып онда ұзақ уақыт айналып жүруі мүмкін және қандайда бір сыртқы әсер бұл үрдісті тоқтатқанша немесе нейронды байламда «әлсіреу» сияқты үрдіс туындамайынша ұзаққа созылған рефлекторлы әсер қалдырады.  
Өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді ауру сезімі; ару сезімінің қайталауы (10–30 мин) ауру сезімінсіз кезеңмен (бірнеше сағат) алмасып отырады. Өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді ауру сезімі қабынған ұлпада қан айналымының бұзылуы кезінде ұлпаның ісінуі нәтижесінде жүйке рецепторларының кезеңмен қысылуы нәтижесінде туындауы мүмкін. Мұндай гистамин, драдикинин сияқты вазобелсенді заттар ұлпаның миелинсіз талшығын белсендіреді, сонымен қатар интерстициальді қысымның жүйкеге әсер етуін қамтамасыз ете отырып тамырлардың өткізгіштігін жоғарлатады, Қандай да бір деңгейге жеткеннен кейін қысым жалқықты дентин түтікшелері арқылы сыртқа шығуы үшін қысылуына ықпал етеді. Бұл кезде ұлпа ішілік қысым азаяды және ауру сезімі біраз уақытқа дейін басылады. Жүйке жүйесінің бактериальді токсиндермен, дентин және ұлпаның органикалық субстанциясының ыдаруы нәтижесіндегі заттармен тітіркендірілген кезде, қабыну ошағында рН төмендегенде, простогландиндердің және басқа қабыну медиаторларының босауынан қатты ауру сезімі туындайды. Бұл үрдіс жүйке талшықтарынан нейропептидтердің босануы әсерінен күшейе түседі және қандай да бір тітіркендіргіш агент ауру сезімі ретінде қабылданады.  
Ауру сезімінің түнге қарай күшейуі   Ауру сезімінің түнде күшейуі түнгі уақытта парсимпатикалық жүйке жүйесінің қызметінің басым болуымен байланысты болады және түнгі уақытта жүрек қызметінің ритмінің, қан айналымының және зат алмасу үрдісінің баяулауымен байланысты. Бұл ұлпада уытты заттардың алмасуының жиналуы әсерінен жүйке рецепторларын тітіркендіріп ауру сезімін туындатады.
Ауру тарихы   Тісінің ауырғанына 2 күндей болған. 2 күн ішінде сауыт ұлпасында ошақты абсцесс қалыптасады. Содан кейін абсцесс барлық сауыт ұлпасына және жартылай түбір ұлпасына тарайды. Ұлпаның жедел ошақты қабынуы диффузды түрге ауысады.
Бұрын химиялық, температуралық тітіркендіргіштерге қысқа мерзімді ауру сезімі мазалаған Ұлпаға патогенді микроорганизмдердің тісжегі қуысы арқылы енуі
Тісі пломбыланған, тісжегі бойынша емделген. Диагноз қою кезіндегі қателік (ұлпа қабынуын тісжегі ретінде емдеген) және дұрыс ем жүргізілмеген. Тісті егеп тазалау сумен салқындата отырып жүргізілмегендіктен ұлпаның термиялық күйуіне алып келген; терең тісжегі кезінде қуысты пломбылау кезінде қышқылдық әсердің ұзақ уақыт әсер етуі, қуыс табанынан дұрыс толықтай ұландырғыш заттарды шаймау; терең тісжегі кезінде композиттік материалдан емдік және аралық төсемсіз пломба қою;  
  Бұрын ауру сезімі мазаламаған Терең пародонтальді қалта арқылы ұлпаның ретроградты инфекциялануы немесе жедел инфекциялық арулар кезінде гематогенді жолмен ұлпаның инфекциялануы
Өмір тарихы, жынысы, жасы Ұлпа қабынуымен еркек және әйелдер бірдей ауырады. Жас адамдар арасында ұлпаның жедел қабынуы жиі кездеседі. Жас адамдардың тіс ұлпасында зат алмасу үрдісінің және қорғаныс қасиетінің жақсы дамуы жедел ағымды қабыну үрдісіне жиі жауап қайтарады.
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Ағзалардағы соматикалық аурулардың болуы немесе болмауы ұлпа қабынуының ағымына, пайда болуына және таралуына ешқандай әсер етпейді.   Ұлпа қбануының этиологиясы және патогенезі соматикалық ауруларға байланысты емес.
Қарап тексеру, Сырттай қарап тексеру     Өзгерістер жоқ Ауру сыртқы өзгерістерсіз туындайды.
Регионарлы лимфатүйіндерінде өзгеріс жоқ Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
  Ауыз қуысының кілегей қабығын және қызылиектіқарап тексеру     Ауыз қуысының кілегей қабығы және қызылиек ақшыл қызыл түстес, ылғалды.   Ұлпаның жедел ошақты қабынуы ауыз қуысының кілегей қабығында және қызылиекте клиникалық көріністер бермейді.
Ауырған тісті тексеру   Ыдыранды жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы. Тіс қуысы ашылмаған. Тісжегі қуысын зондпен сүңгілеп тексергенде бір нүктеде ауру сезімі байқалады және ауру сезімі сүңгілеп болғаннан кейін де сақталады. Cуық және ыстық ұзаққа созылған ауру сезімін туындатады. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Тіс ұлпасының электрқозғыштығы 15-25мкАРетген суретте терең тісжегі қуысы анықталады. Түбірұшы тіндерінде өзгеріс жоқ.   Көптеген микроорганизмдер және олардың токсиндері терең тісжегі қуысына жиналып ұлпада қабынуы үрдісін туындатады. Ұлпа мүйізшесі аймағында, тісжегі қуысының ең жұқарған табанында біріншілік қабыну ошағы пайда болып, сүңгілеп тексергенде қатты ауру сезімі пайда болады. Дентин сезімталдығы туралы гидродинамикалық теорияға байланысты ауру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дентин өзекшелеріндегі сұйықтықтың ағымы әсерінен туындайды деп болжауға болады. Сұйықтықтың ағымы кезінде гидродинамикалық күш дентин өзекшелерінде қысымды жоғарлатады да шеттік ұлпа аймағындағы жүйке жүйесіне беріледі және оларды ынталандыра отырып афферентті импульсті қалыптастырады. Бұл импульстар ОЖЖ түсіп ауру сезімін туындатады.Одонтобластардың өсінділерін қоздыру арқылы берілетін ауру сезімі рецепторы қызметін атқаратын синаптикалық теория бар.  
Ұлпаның іріңді қабынуы (К04.02) (ұлпаның жедел диффузды қабынуы)  
Сұрау, шағымы     Өздігінен пайда болған, солқылдап ауыратын, ұстама тәрізді, ұзақтығы 2 сағаттан астамға созылатын, ауру сезімінсіз ашық мерзімі 30-40минутқа жуық, тарала ауыратын ауру сезімі Ұлпаның жедел ошақты қабынуына ұқсас  
Ауру сезімінің түнге қарай күшейуі Ұлпаның жедел ошақты қабынуына ұқсас  
Барлық тітіркендіргіштерден ұзаққа созылған ауру сезімі, тітіркендіргішті жойғаннан кейін бірден басылмайтын, көбіне ыстық судан пайда болатын ауру сезімі. Суық су ауру сезімін аздап басады. Ұлпаның жедел ошақты қабынуына ұқсас  
Үшкіл нерв тармағы бойымен аурудың таралуы: үстіңгі жақ тістердің ұлпа қабынуы кезінде – самайға,жақ сүйек аймағына, қабаққа,астыңғы жақ тістерге, ал астыңғы жақ тістердің ұлпа қабынуы кезінде- желкеге, құлаққа, жақ асты аймағына, үстіңгі жақ тістерге беріледі. Пациенттің қатты ауру сезімінің анық анықтай алмауы нейроанатомиялық негізде әлі зерттелмеген. Тістегі ауру сезімінің таралуы үшкіл нерв, бет,тілжұтқыншақ және кезбе нервтерінің талшықтарының жақын орналасуынан болуы мүмкін.
Жалпы әлсіздік: бас ауруы, әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі Организмнің жалпы уыттануының көріністері  
Ауру тарихы Аурудың пайда болғанынан 3 тәуліктен кейін ауру сезімі ұлғая түседі, ашық мерзім қысқарады, үшкіл енрв бойымен тарала ауыратын ауру сезімі пайда болады. Суық ауру сезімін аздап басады. Анальгетиктер ауру сезімін қысқа мерзімге тоқтатады. Жалпы жағдайы нашарлайды.   Тіс қуысы мен тісжегі қуысы арасында дренаждың болмауы инфекцияның сауыт ұлпасыан түбір ұлпасына таралуына ықпал етеді. Нерв рецепторлары көптеп қабыну үрдісіне ұшырайды да ұлпа қабынуының ағымы күшейе түседі.  
Өмір тарихы   Ұлпаның жедел ошақты қабынуына ұқсас    
Қарап тексеру, сырт келбетін қарап тексеру Бет терісінің бозарғаны, науқастың шаршаған түрі байқалады.   Ұйқысыз түндер және қатты ауру сезімінің нәтижесі
Регионарлы лимфатүйіндері өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды. Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
Ауыз қуысының кілегей қабығы мен қызылиекті қарап тексеру Ауыз қуысының кілегей қабығы және қызылиек ақшыл қызыл түстес, ылғалды.    
Ауырған тісті тексеру   Көптеген жұсарған ыдыранды дентинге толы тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы. Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенде ауырады. Cуық және ыстық ұзаққа созылған ауру сезімін туындатады. Тісті қағып тексергенде ауруы мүмкін. Тіс ұлпасының электрқозғыштығы 25-35мкА. Ретген суретте терең тісжегі қуысы анықталады. Түбірұшы тіндерінде өзгеріс жоқ.   Жалқықтың толықтай сауыт және жартылай түбір ұлпасына таралуы нәтижесінде ұлпаішілік абсцесстер бір –бірімен қосылып ұлпа флегмонасына айналады да ұлпаның барлық құрылымдық элементтерін зақымдайтын кері қайтымсыз үрдіс туындайды.
Ұлпаның созылмалы қабынуы (К04.03) (ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы)  
Сұрау, шағымы   Шағымы жоқ (аурудың симптомсыз ағымы кезінде)   Тісжегі қуысы көбіне тітіркендіргіштер әсер етуіне қолайсыз жерде орналасқан
Тітіркендірігштер әсерінен пайда болған ұзаққа созылған сыздап ауыратын ауру сезімі (көбіне ыстық және қатты тағамдардан), ыңғайсыздық сезімі-дискомфорт   Тітіркендіргіштер әсерінен туындаған ару сезімі тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын ару сезімін тасымалдаушы болып келетін миелинсіз талшықтардың ноцицептивті белсенділігіне байланысты. Осындай химиялық - гистамин, брадикинин, простогландин сияқты қабыну медиаторлары вазодилатацияны туындатып қан тамырларының өткізгіштігін жоғарлата отырып нерв ұштары аймағында интерстициальді қысымның жоғарлауына ықпал етеді де ұлпаның миелинсіз талшықтарын ынталандыратыны анықталды.
Суық бөлмеден ыстық бөлмеге ауысқанда пайда болатын сыздап ауыратын ауру сезімі Температураның бірден қатты ауысуы қабынған ұлпаға қатты тітіркендіргіш болып саналады.
Ауру тарихы Тісі бұрыннан мазалайды. Тісінде бұрын өздігінен пайда болған қатты ауру сезімі болған. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының ағымы бірнеше аптадан бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін Тіс қуысының ашылуы әсерінен дренаждың пайда болуынан ұлпаның жедел қабынуы аурудың клиникалық көріністерін ауыстырып, созылмалы түріне ауысады.
Өмір тарихы, жынысы, жасы Ұлпа қабынуымен еркек және әйелдер бірдей ауырады, бірақ орта және егде тартқан жастағы адамдар арасында ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы жиірек кездеседі. Орта және егде тартқан адамдардың организмінің реактивтілігі төмендейді. Ұлпада дистрофиялық және склероздық өзгерістер туындайды, қан және нерв ұштары саны азаяды. Осының нәтижесінде ұлпаның созылмалы түрлері симптомсыз түрде жүреді
Жас ұлғаюына байланысты әртүрлі тітіркендіргіштерге ауру сезімінің табалдырығы жоғарлайды. Жас ұлғайған сайын ұлпада дистрофиялық және склероздық өзгерістер жүреді.  
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Ағзалардағы соматикалық аурулардың болуы немесе болмауы ұлпа қабынуының ағымына, пайда болуына және таралуына ешқандай әсер етпейді. Пародонт ауруы, сонымен қатар ОЖЖ жалпы аурулары және эндокриндік жүйе аурулары ұлпаның электр тогына және басқа сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығына әсер етуі диагноз қоюды қиындатады. Ұлпа қбануының этиологиясы және патогенезі соматикалық ауруларға байланысты емес. ОЖЖ және гармональді бұзылыстар ұлпаның созылмалы қабынуы кезінде нервтің қозуын өзгертеді және әртүрлі тітіркендіргіштерге ауру сезімінің табалдырығының өзгеруіне тікелей әсер етеді.
Қарап тексеру   Өзгеріс жоқ Ауру сыртқы өзгерістерсіз туындайды.
Регионарлы лимфатүйіндері өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды. Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
Ауыз қуысының кілегей қабығы мен қызылиекті қарап тексеру Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында және қызылиекте өзгеріс болмайды.    
Ауырған тісті тексеру   Жұмсарған дантинге толы терең тісжегі қуысы бар. Тіс қуысы бір нүктеде ашылған болуы мүмкін. Зондпен сүңгілеп тексергенде табанының барлық бетінде ауру сезімі анықталады, әсіресе ұлпа мүйізшесі өсіндісінде. Тіс қуысы ашылған жағдайда табанын сүңгілегенде бір нүктеде қатты ауырады және қанайды. Температуралық реакция оң. Ұлпаның электрқозғыштығы 40-60мкА дейін төмендеген. Рентген суретте терең тісжегі қуысы анықталады, ал 30% жағдайда түбір ұшында периодонт саңылауының кеңейгені байқалады.   Тіс қуысы ашылмаған жағдайда микроскопиялық зерттеу кезінде тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысуы анықталады. Сондықтан дренаж пайда болып ұлпаның жедел қабынуы созылмалы түріне ауысады. Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан жағдайда қуыстағы қысым төмендейді және ауру сезімінің сипаттамасы өзгереді. Ұлпада фиброзды өзгерістер жүреді және тек қана күшті тітіркендіргіштер (жоғары температура, механикалық қысым) сыздап ауыратын ауру сезімін туындатады. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тек сауыт ұлпасы ғана емес түбір ұлпасы да зақымданады. Кейбір жағдайларда түбір ұлпасынан микроорганизмдер түбір ұшы тесігі арқылы түбірұшы тіндеріне қарай өтіп, периодонтальді саңылауда өзгерістер мен абсцесстердің пайда болуына ықпал етеді.  
Тісте тұрақты пломба бар. Температуралық жылы әсер оң. Тіс төмпешіктерінед жүргізілген электродиагностика ұлпаның электр қозғыштығының төмендегенін көрсетеді, бірақ кейде ұлпаның электрқозғыштығы қалыпты жағдайда болады. хотя электровозбудимость бывает и в норме. Рентген суретте терең тісжегі қуысы анықталады, тісжегі қуысы пломбалық материалмен толы. Кейде периодонт саңлауының кеңейгені анықталады.   Диагноз қою кезінде қателік жіберілген: ұлпа қабынуы тісжегі ретінде диагноздалған, және соған байланысты дұрыс ем жүргізілмеген. Немесе тіс бұрын тісжегі бойынша емделген, бірақ егеп тазалау технологиясы мен пломба қою технологиясы дұрыс сақталмаған.  
Ұлпаның өліеттенуі (ұлпаның шіруі) (К04.1) (ұлпаның созылмалы шіри қабынуы)  
Сұрау, шағымы Әртүрлі тітіркендіргіштерден, әсіресе ыстықтан сыздап ауыратын ауру сезімі. Ауру сезімі тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін басылмайды. Ауру сезімі біртіндеп ұлғайады және баяу басылады. Тісінде ыңғайсыздық сезімі бар. Тісжегі қуысының тіс қуысымен кең байланысуы және сауыт ұлпасының гангренасы күшті тітіркендіргіштерден ауру сезімінің пайда болуын толық түсіндіреді. Ауру сезімінің механизмі ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына ұқсас келеді.  
Суық бөлмеден ыстық бөлмеге ауысқанда пайда болатын сыздап ауыратын ауру сезімі және кері Бірден температураның алмасуы сауыт ұлпасының гангренасы кезінде де күшті тітіркендіргіш болып саналады.
Ауыздан жағымсыз иістің шығуы Ұлпаның гангренасы қабынған ұлпаға анаэробты микроорганизмдердің енуінен басталады және ауыз қуысында жағымсыз иістің пайда болуын туындатады.
Ауру тарихы   Бұрын жедел және сыздап ауыратын ауру сезімі болған Уақыт өте келе ауру сезімі басылған және пайда болуы азайған. Сауыт ұлпасының гангреналық зақымдануы және кең ауқымды дренаж баяуағымды созылмалы қабыну үрдісіне алып келеді    
Өмір тарихы, жынысы, жасы Ұлпа қабынуымен еркек және әйелдер бірдей ауырады, бірақ орта және егде тартқан жастағы адамдар арасында ұлпаның созылмалы шіри қабынуы жиірек кездеседі. Орта және егде тартқан адамдардың организмінің реактивтілігі төмендейді. Ұлпада біртіндеп склероздық өзгерістер туындайды, қан және нерв ұштары саны азаяды. Осының нәтижесінде ұлпаның созылмалы түрлері симптомсыз түрде жүреді
Жас ұлғаюына байланысты әртүрлі тітіркендіргіштерге ауру сезімінің табалдырығы жоғарлайды. Жас ұлғайған сайын ұлпада дистрофиялық және склероздық өзгерістер жүреді.  
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Ағзалардағы соматикалық аурулардың болуы немесе болмауы ұлпа қабынуының ағымына, пайда болуына және таралуына ешқандай әсер етпейді. Пародонт ауруы, сонымен қатар ОЖЖ жалпы аурулары және эндокриндік жүйе аурулары ұлпаның электр тогына және басқа сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығына әсер етуі диагноз қоюды қиындатады. Ұлпа қбануының этиологиясы және патогенезі соматикалық ауруларға байланысты емес. ОЖЖ және гармональді бұзылыстар ұлпаның созылмалы қабынуы кезінде нервтің қозуын өзгертеді және әртүрлі тітіркендіргіштерге ауру сезімінің табалдырығының өзгеруіне тікелей әсер етеді.
Қарап тексеру Өзгеріс жоқ   Ауру сыртқы өзгерістерсіз туындайды.
Регионарлы лимфатүйіндері өзгеріссіз, немесе сырқат тіс жағындағы лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін және аздап ауырады. Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
  Ауыз қуысының кілегей қабығы мен қызылиекті қарап тексеру Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында және қызылиекте өзгеріс болмайды.    
Ауырған тісті тексеру   Тіс сауытының түсі сұр түстес болып келуі мүмкін. Тіс қуысымен кең байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Температуралық тітіркендіргіштер әрқашан ауру сезімін туындатпайды. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады. Тіс қуысына тісжегі қуысы арқылы анаэробты инфекцияның енуі алғашында сауыт ұлпасының гангренасына ал содан кейін түбір ұлпасының гангренасына алып келеді. Сондықтан барлық тітіркендіргіштерге сезімталдық төмендейді.
Үрдістің ұзақ ағымды кезінде сауыт ұлпасы толықтай ыдырайды және сауыт сұр түстес болады. Қағып тексергенде аздап ауырады. Ұлпаның электр қозғыштығы 40-80мкА дейін төмендейді. Рентген суретте терең тісжегі қуысы анықталады және түбір ұшы аймағында периодонтальді саңылау кеңіген немесе сүйек тіндерінің сорылуы байқалады.   Микроорганизмдер еш кедергісіз түбір ұшы тіндеріне еніп деструктивті өзгерістер туындатады.
Созылмалы гиперпластикалық (ұлпалық) полип (К04.05) (ұлпаның созылмалы өсе қабынуы)  
Сұрау, шағымы Әр түрлі тітіркендіргіштерден, әсіресе механикалық және ыстықтан пайда болатын сыздап ауыратын ауру сезімі Грануляциялық тінге ұқсас өскен ұлпа әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы мүмкін, бірақ тек күшті тітіркендіргіштер ғана айқын көріністі ауру сезімін туындатады. Ауру сезімінің механизмі ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына сияқты. Көптеп өскен дәнекер тін нерв ұштарына тітіркендіргіштердің, қабыну реакциясы нәтижесінде пайда болған химиялық медиаторлардың әсер етуін тежейді.
Тісжегі қуысында жіне тіс қуысында өскен тін анықталады. Өсіп кеткен ұлпа тіс қуысынан шығып тұрады.
Аздаған жарақаттаушы факторлардың әсерінен тістен аздап қанау байқалады. Гипертрофияланған грануляциялық тін жақсы дамыған капиллярлы тордан тұрады.
Ауру тарихы   Тіс бұрын мазалаған. Тіснде бұрын жедел және сыздап ауыратын ауру сезімі болған. Ұлпаның жедел қабынуының созылмалы ағымға ауысуы ұлпаның өсе қабынуына тән клиникалық көріністермен сипатталады.
Өмір тарихы, жынысы, жасы Ұлпа қабынуымен еркек және әйелдер бірдей ауырады. Ұлпа қабынуының бұл түрі 30 жастағы жастар арасында жиі кездеседі.   Грануляциялық тіннің өсуі тісжегі қуысының тіс қуысымен кең байланысуына ықпал етеді. Жас организмнің және ұлпаның жоғары реактивтілігі пролиферация кезеңінің альтерация және эксудация кезеңінен басым болуына алып келеді.  
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Ағзалардағы соматикалық аурулардың болуы немесе болмауы ұлпа қабынуының ағымына, пайда болуына және таралуына ешқандай әсер етпейді.   Ұлпа қбануының этиологиясы және патогенезі соматикалық ауруларға байланысты емес.  
  Қарап тексеру   Өзгеріс жоқ   Ауру сыртқы өзгерістерсіз туындайды.
Регионарлы лимфатүйіндері өзгеріссіз Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
Ауыз қуысының кілегей қабығы мен қызылиекті қарап тексеру Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында және қызылиекте өзгеріс болмайды.   Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында және қызылиекте өзгеріс болмайды.  
Ауырған тісті тексеру     Тіс қуысымен кеңінен байланысқан ашық қызыл түсті аздап ауыратын, сүңгілегенде тез қанайтын грануляциялық тінге толы терең тісжегі қуысы анықталады. Суыққа қарағанда ыстыққа тіс жауап қайтарады. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде тіске электроодонтодиагностика жүргізу қиындайды. Рентген суретте терең тісжегі қуысы анықталады, түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. Периодонттальді саңылау кеңейуі мүмкін Кейбір жағдайларда ұлпаның қабынуы кезінде оның ыдырауы бірден немесе жарақат әсерінен тіс қуысының ашылуы оның тісжегі қуысымен кеңінен байланысуы нәтижесінде тоқтап қалуы мүмкін. Тіндік некроз пролиферация реакциясына ауысады да тісжегі қуысын біртіндеп толтыратын грануляциялық тіннің пайда болуына ықпал етеді. Грануляциялық тін сүңгілеп тексергенде тез қанайтын майда ұсақ қан тамырларға, жасушалық элементтерге бай.
Тіс қуысымен кеңінен байланысқан терең тісжегі қуысы бозарған қызыл түстес ісік тәрізді тығыз өсіндімен жабылған. Өсіндіні сүңгілеп тексергенде аздап ауырады, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы нашар, тез қанайды. Зондирование этого образо- вания слабоболезненно, реакция на темпера- турные раздражители невыраженная. Рентген суретте терең тісжегі қуысы анықталады, түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. Периодонттальді саңылау кеңейуі мүмкін Тісжегі қуысынң жас грануляциялық тінмен жабылуы кезінде сыртқы механикалық тітіркендіргіштер оны жиі жарақаттайды да оның өсуін ынталандырады. Грануляциялық тін дамып жетіледі және беті эпителиймен жабылып тығыз полип пайда болады.  
Анықталмаған ұлпа қабынуы (К04.09) (ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі)  
Сұрау, шағымы Өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, аурусыз ашық мерзіммен сипатталатын ауру сезімі. Ауру сезімі кешке және түгі уақытта пайда болады; сыртқы тітіркендіргіштерден ұзаққа созылған ауру сезімі. Аурудың нерв тармақтары бойымен таралуы мүмкін. Тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысқан кезінде дренажды тесік тамақ шайнаған кезде ас қалдықтарымен тығыздалып жабылады да жалқықтың шығуы бұзылады. Бұл өте қолайлы жағдайда анаэробты микрофлора жақсы дамыйды. Осының нәтижесінде ұлпада микроабсцесстер қалыптасады, ұлпаішілк қысым жоғарлайды, рН қышқылдық жаққа қарай өзгереді, простогландиндер және басқа қабыну медиаторлары мен жасушалардың ыдыраған заттары босайды. Көрсетілген үрдіс ұлпаның жедел қабынуына тән клиникалық көрініс береді.
Ауру тарихы   Бұрын тісінде ұлпаның созылмалы қабынуының бір түріне сәйкес ауру сезімі болған. Соңғы бірнеше күн бойы ұлпаның жедел қабынуына тән ауру сезімі пайда болған. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне тіске артық салмақтың түсуі, тістің жарақаты, тіс қуысының тісжегі қуысымен байланысының ас қалдықтарымен жабылуы,организмнің суықтауы, вирусты және бактериальді инфекция ықпал етуі мүмкін.
Өмір тарихы, жынысы, жасы Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі барлық жастағы адамдарда болады және олардың жынысына байланысты болмайды. Жынысы және жасы ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне әсер етпейді
  Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне тіске артық салмақтың түсуі, тістің жарақаты, тіс қуысының тісжегі қуысымен байланысының ас қалдықтарымен жабылуы,организмнің суықтауы, вирусты және бактериальді инфекция ықпал етуі мүмкін. Аталған патологиялық жағдайлар жалпы организмнің және тіс реактивтілігін төмендетеуі нәтижесінде ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі дамиды.
Қарап тексеру   Өзгеріс жоқ Регионарлы лимфатүйіндері өзгеріссіз   Ауру сыртқы өзгерістерсіз туындайды. Лимфоидты жасушаны антигенді ынталандыру жоқ  
Ауыз қуысының кілегей қабығы мен қызылиекті қарап тексеру Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында және қызылиекте өзгеріс болмайды.   Осы жағдайда ауыз қуысы кілегей қабығы мен қызылиекте өзгеріске тән көріністер болмайды.
Ауырған тісті тексеру   Тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Табанын сүңгілеп тексергенде ауырады. Суыққа ұзаққа созылған ауру сезімі туындайды. Тістің электрқозғыштығы 40-80мкА. Рентген суретте 30% жағдайда тістің түбір ұшы аймағында периодонтальді саңлаудың кеңейгені байқалады. Тіс қуысынан жалқықтың шығуы бұзылған жағдайда немесе дренажды тесіктің ас қалдықтарымен жабылуы кезінде анаэробты микрофлораның дамуына қолайлы жағдай туындайды және микроабсцесстер пайда болады да тісте өршу үрдісі дамиды.    
       

 

5.4. ҰЛПА ҚЫБЫНУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТКАСЫ

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 255 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Микротолықтырылған композиттік материалдар. | Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар. | Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы | Сурет. Флюороз | Сурет. Жетілмеген дентиногенез | Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы | Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы | Сурет. қышқылды некроз | ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТІСТІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ| Лпа қабынуын емдеу әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)