Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. Флюороз

Читайте также:
  1. Сурет. қышқылды некроз
  2. Сурет. Жетілмеген дентиногенез
  3. Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы
  4. Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы
  5. Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы

ФЛЮОРОЗДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрап тексеру, шағымы Эстетикалық ыңғайсыздық төмендегідей түрде көрінеді: —тіс беттерінде ақ бұлыңғыр дақ түрінде; —тіс сауыты бетінде сары немесе қоңыр түстес дақтардың пайда болуы, кейде тіс бетінде кішігірім дөңгелек келген ақаудың пайда болуы; —тістер бетінің бұзылысы-ойықтар мен эрозияның пайда болуы, тіс сауытының пішінінің өзгеруі Тіс сауытының дамуы кезеңінде жоғары концентрациялы фторидтің амелоблоастарға ұлы әсер етуі даму кезеңін бұзуы нәтижесінде кіреукенің дұрыс қалыптасуын және дамуын өзгертеді. Ұзақ уақыт фтордың әсер етуі салдарынан фосфатазаның белсендігі төмендейді және кіреукенің минералдану үрдісі бұзылады.  
Анамнезі, жынысы, жасы Флюорозбен зақымданған тістердің кіреукесі мен дентиннің өзгеруі пациенттің жынысына тікелей байланысты емес.Сүт тістер флюорозбен өте аз зақымданады. Бұндай көрініс эндемиялық белбеуде тұратын тұрғындарда ауыз суда фтордың көп болуы кезінде кездеседі. Тұрақты тістердің флюорозбен зақымдануы ауыз суында фторидтің көп болуы сол аймақта дүниеге келген немесе 2-4 жыл тұрған тұрғындар арасында жиі кездеседі.   Ана организмінде фтордың көп бөлігін планцетаның ұстап қалу нәтижесінде сүт тістердің минералдану үрдісіне әсер етпейді. Тістерде минералдану үрдісі токсикалық әсерден ерте аяқталуы нәтижесінде кіреукедегі патологиялық өзгерістер өте аз болады.  
Аурудың туындауына әсер ететін факторлар   Фторқұрамдас қосындыны көп мөлшерде тұрақты қабылдау(ауыз суында фтордың концентрациясы 2 мг/лкөп болғанда)   Фторқұрамдас қосындыны күнделікті тұрақты түрде қолдану тұрақты тістердің кіреукесінде патологиялық өзгерістердің пайда болуын арттыра түседі.
Аурудың пайда болуын науқас немен байланыстырады   Жоғары концентрациялы фторланған ауыз су. Фторидқұрамдас таблеткалар. Фторидқұрамдас тіс қойыртпақтары    
Негізгі аурудың дамуы Флюороздың ауырлығы және таралуы климатогеографиялық ерекшеліктерге, тағамдануға, организмге түскен фтордың концентрациясына, кіреукенің минералдану үрдісінің аяқталуына тікелей байланысты Суда фтордың бірдей жоғары концентрациясының болуы кезінде климаты ыстық аймақтарда тұратын тұрғындардың суды көп қолдануы нәтижесінде флюороз пайда болады.
Ертеректе жүргізілген емнің нәтижесі   Ем жүргізілмеген. Тістің қатты тіндерін декальцийнациялауды қолдану арқылы жүргізілген. Дақтарды жою  
Қарап тексеру Флюорозбен зақымданған тістердің кіреукесінің мөлдірлігі, жылтырлығыжоғалып, бұлыңғыр болады. Соған байланысты кіреуке бетінде күңгіріт және ақ мөлдір емес аймақтардың пайда болуы тән. Кіреуке кейде сайланып шұбарланып кетеді. Мөлдір емес ақ дақтар және жолақтар қоңыр түске ауысады. Кіреуке құрылымында айқын көрінетін Рециус сызықтары мен Гунтер-Шрегер жолақтары аймақтары анықталады. Зақымданған тінде ақуыздар және фтор басым. Кіреуке бетінің жоғары дәрежедегі борпылдақтығы экзогенді бояғыш заттардың шөгуіне жағдай туындатады. Кіреуке призмасының жартылай резорбциялануы нәтижесінде призмааралық кеңістік ұлғаяды және біркелкі емес минералдану аймақтарының пайда болуы кіреукеде бұлыңғыр ақборлы өзгерістердің пайда болуына әсер етеді.
  Флюороздың клиникалық көріністерінің жүйесі (Патрикеев В. К.) 1. Жолақты түрі – тістердің вестибулярлы бетінде ақбор түстес жолақтар анықталады. (көбіне үстіңгі жақ күрек тістерде). 2. Дақты түрі—күрек, сүйір және кіші азу тістерде, өте азүлкен азу тістердің сауыттарының әртүрлі аймақтарында бор түстес дақтар анықталады. Кейде бор түстес өзгерген кіреуке бетінде жақсы дамымаған ашық сары түстес дақтар көрінеді. Дақтар аймағындағы кіреуке беті тегіс, жылтыр. 3.Ақборлы –шұбар түстес түрі- барлық тістер тобының зақымдануының өте ауыр түрі. Кіреуке бұлыңғыр, дақталған болып келеді. Түсі ақ түстен қара –қоңыр түске дейін өзгереді. Кіреуке бетінде кішігірім шар тәрізді дөңгелек шеті тегіс емес, табанының түсі сұр түстен қоңыр түске дейін өзгерген ақаулар-белгілер пайда болады. 4. Эрозиялы және деструктивті түрі – кіреукенің құрылымының көптеп бұзылуымен және қажалуымен сипатталады. Кіреукедегі зақымданған аймақ пішіні ойық және эрозиялы, тістердің вестибулярлы бетінде орналасады. Пигменттелген дентиннің анықталуы мүмкін.   Бор түстес жолақтар кіреукенің беткі қабатында орналасады. Бұл түрі ДДҰ жүйесінің II (жеңіл) дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл кезде бор түстес дақтар тіс сауытының 25% алаңын алып тұрады. Кіреукенің тығыздығы төмендеп, минералдану бұзылады да бояғыш заттар кіреукенің өткізгіштігі жоғары аймақтардан ене отырып сауыт түсін өзгертеді. Дақты аймақтарда азот құрамдас органикалық заттардың мөлшері көбейеді. Флюороздың бұл түрі III дәрежеге сәйкес келеді де тіс сауытының 50% астам аймағын қамтып тұрады. Гидрооксиапатит кристаллдарының құрылымының айқындығы бұзылған, әсіресе кіреукенің беткі қабатында. Дақ аймағында призмааралық кеңістік зақымданған. ДДҰ жүйесі бойынша бұл клиникалық көрініс флюороздың IV дәрежесі —кіреукенің орта ауырлықтағы зақымдануына жатады. Ақаудың беті және кіреуке қажалады(ойықтар пайда болады),жартылай дентинде, ал фтормен уыттанудың өте ауыр жағдайында механикалық әсердің күшінен сауыттың толық бұзылуы мүмкін. Флюороздың бұл түрі ДДҰ ұйымының V (ауыр) дәрежесіне сәйкес келеді.

 

Қазіргі кезде эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде флюороз ауруын бағалау үшін арнайы сынама ұсынылды. H. T. Dean бойынша флюороз сынамасы (1934, 1942) кіреукедегі мөлдірлік еместік жағдайды есептейді.

Сынаманы тек кіреукедегі көзге көрінетін өзгерістерді бағалау үшін қолданады. Сынама арқылы жеке тжәне тістемнің жағдайын анықтайды.

DEAN БОЙЫНША ФЛЮОРОЗ СЫНАМАСЫ

 

Жағдайы   Клиникалық көрінісі Ауырлық дәрежесі
қалыпты   –0  
Күмәнді Бірлі жарым ақ дақтар 0,5  
Онша көп емес   Тістің 25% кем беткейін алып тұратын кіреуке аймағындағы көп емес бұлыңғыр аймақтар 1,0  
Жеңіл Тістің 50% бетін алып тұратын кіреуке дегі бұлыңғыр аймақтар 2,0  
Орта Тістің 50% көп бетін алып тұратын қоңыр түстес дақтар 3,0  
Ауыр Қоңыр дақтар тістің бетін толық жауып тұрады, эрозиялар және қажалу байқалады. 4,0  

 

Эпидемиологиялық зерттеу кезінде ең көп зақымданған екі тісті бағалау жүргізіледі. Сынаманың маңызын формула бойынша есептейді:

F = nw/N,

N —тексеруден өткендердің жалпы саны; n —тексеруден өткендердің ішінде флюороз диагнозы анықталғандар саны; w —ауырлық дәрежесі.

 

ФЛЮОРОЗДЫҢ ЖЕҢІЛ ТҮРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністеріО бщ иек ли ни че ск иеп ри зн ак и Айырмашылық белгілері  
Тісжегінің дақты кезеңі Кіреуке бетіндегі ақ бор түстес дақтар. Тісті кептіргеннен кейін анық көрінеді. Ағымы симптомсыз. Көбіне мойын бөлігінде немесе жанасу бетінде кіреукенің зақымдануы байқалады. Минералсызданған ошақ 2% метилен көгімен бояғанда боялады.

ФЛЮОРОЗДЫ ЕМДЕУ

 

Емдеу Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі  
Жергілікті жолақты және дақты Ақборлы теңбіл және эрозиялы деструктивті түрі Емдеуге қолданылатын заттар және емдеу әдісі аурудың ауырлық дәрежесі үрдісіне байланысты. Ағарту (10% тұз, фосфор қышқылы), микроабразия,қайта минералдау терапиясы. Қайта минералдауға арналған заттар. Пломбалық материалдар. Жас анды сауыт жасау   Дақтарды жою. Жоғары сезімталдықты жою. Тістің қатты тіндерінің ақауларын жабу. Тіс сауытының анатомиялық пішінін қалпына келтіру. Тістің қатты тіндерінің кальцийсізденуі. Қуыстарды егеп тазалау және пломбылау.

 

ФЛЮОРОЗДЫҢ АЛДЫН –АЛУ (8.6.1 тарауды қара)

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 417 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. | I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. | Негізгі қасиеттері, жүйесі. | Микротолықтырылған композиттік материалдар. | Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы| Сурет. Жетілмеген дентиногенез

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)