Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар.

Читайте также:
  1. Микротолықтырылған композиттік материалдар.

Нанотехнология жаңа молекуланы жасау кезінде жеке атомдардың, молекулалардың, молекуларлы жүйені басқару мақсатында наноконструтормен, арнайы физикалық, химиялық, биологиялық қаситеттерін нанометрлік өлшемдік аймақтық кеңістіктің физикалық-химиялық үрдістерінің заңдылығын зерттейтін сала болып келеді. Негізінен нанотехнология реттік нанометрлік көлеммен өлшенеді. 1 нанометр/1000 000 000 тең, бір миллиардтық метр, немесе 1\1000 (бір мыңдық) микрон. Бұл көлемнің өте кіші екенін анықтау үшін жер шары мен волейбол добының көлемін салыстыра отырып көз жеткізуге болады.

Алғаш рет нанотехнология терминін 1974 жылы жапон зерттеушісі Танугучи сызықтық өлшем кеңістігінде болатын 0,1 ден 100 нм (1 нм = 10– м) үрдісті түсіндіре отырып ұсынған. Стоматологияда жоғары кіші бөлшектегі материалды қолдану беріктілік қасиеті жағынан айырмашылығы жоқ толықтырғыш бөлшек өлшемі 0,01-0,4мкм тең микротолықтырылған композиттерді (микрофилдер) жасаудан бастап қолданыс тапты.

Нанотехнология қатаю кезінде өте аз отыратын беріктігі жоғары микробөлшекті негізіндегі материалды жасауда көш басында тұр. Материалдың осындай қасиетке ие болуы нанобөлшектердің өзара жеңіл араласуы нәтижесінде болады. Осы қасиеті материалдың толықтырғыш дәрежесін арттырады және материалдың беріктік сипаттамасын жақсартады.

Алғашықы нанотолықтырғыштар кремнийдің екі тотықтығы негізінде болған. Бірақ бұл материалдар ISO 4049 талаптарына сәйкес рентгенконтрасты болмағандықтан оның құрамына жерде аз кездесетін иттербия фториді сияқты металлдар қосындысын енгізе бастады.

НАНОТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ДАЯРЛАНҒАН КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР

 

Материалдар Құрамы
Filtek Suprеme XT Нанокластерлер + наномерлер
Premise Бөлшек өлшемі 0,4 мкм барий шынысы негізіндегі толықтырғыш, бөлшек өлшемі 0,02 мкм алдын-ала қатайтылған толықтырғыш (PPF) диоксид кремний негізіндегі толықтырғыш  
Ceram X Шынытолықтырғыш, модифицияланған керамикалық нанобөлшек
AELITE Aesthetic Enamel Микрофильді толықтырғыш, нанобөлшектер

 

1. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

 

30 жастағы пациент профилактикалық тексеру мақсатында келіп қаралды. Қарап тексергенде ауыз қуысында қызыл иек қызарған, сүңгілеп тексергенде қанайды. Тістері жұмсақ қақпен жабылған. Қақтарды толық алып тазалағаннан кейін 13, 42, 41, 31, 32, 33 тістердің вестибулярлы беткейінде мойын бөлігінде бор түстес ақ дақтар анықталды. Кіреукенің табиғи жылтырлығы жоғалған. Жоғарыда көрсетілген тістердің кіреукесінің түсінің өзгергені бұрын байқалмаған.

1. Жоғарыда аталған патология қандай зақымдануға жатады?

2. Диагноз қойыңыз.

3. Диагноз қоюда қолданатын қосымша тексеру әдісін атаңыз.

4. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

5. Осы ауруға емдеу жоспарын құрыңыз.

2. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

Пациент астыңғы жақ тістер арасына тамақ қабылдағанда ас қалдықтарының тұрып қалатынына, суықтан және тәттіден аздап қысқа мерзімді ауыратынына шағымданады. Тісін тілімен сипап көргенде ақау бар екеніні анықталатынын айтады. Науқастың айтуы бойынша 2 апта бұрын ас қабылау кезінде тісінің кішкене бөлігі сынып қалғанын және ақау пайда болғанын айтты. Сырттай қарап тексергенде бет әлпетінде ауытқулар анықталмайды. Шеттік лимфа түйіндері ұлғаймаған, сипап тексергенде ауырмайды.

· Қарап тексергенде 25 тісте тісжегі қуысы анықталды. Дистальді жанасу бетінде ескі пломба және орта тереңдіктегі жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың табанын сүңгілеп тексергенде ауырмайды; ауру сезімі тісжегі қуысының қабырғасында анықталады.

Суыққа қысқа марзімді ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауырмайды.

· Қарап тексергенде 26 тістің медиальді жанасу бетінде аз пигменттелген кіреуке аймағы анықталды. Аймақты кептіріп тексергенде бор түстес жылтыр еместігі айқындалды. Зақымдану ошағының орталық бөлігін сүңгілеп тексергенде кіреукенің беткі қабатының бұзылғаны анықталды. Осы белбеуді тексергенде зонд 1,5мм тереңдікке бойлап енеді. Бор түстес дақ тістің медиальді айдаршық жиегіне тарала орналасқан. Шайнау бетінде табиғи сызаттары пигменттелген. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды.

1. Тексеру жоспарын құрыңыз.

2. 25 және 26 тістердегі ауруға салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

3. Диагноз қойыңыз.

4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

1. Тістің қатты тіндерін қышқылдық уландыруға арналған препараттағы әсер етуші компонент:

1) сірке қышқылы;

2) сүт қышқылы;

3) ортофосфор қышқылы;

4) ЭДТА;

5) үшхлорсірке қышқылы.

2. Уландырғыш препараттарды тісжегі қуысынан алу жолдары:

1) сумен жуу арқылы;

2) мақта тампонмен алу;

3) 3% сутегінің асқын тотығымен жуу арқылы;

4) 0,02% хлоргексидин ерітіндісімен жуу арқылы;

5) 3% гипохлорид натрий ерітіндісімен бейтараптандыру.

3. Композиттерге келесі материалдар жатады:

1) шыныиономерлі цементтер;

2) күміс амальгамасы;

3) органикалық және бейорганикалық толықтырғыш мономерлер үйлесімі негізіндегі пломбалық материалдар

4) мырыш-фосфатты цементтер;

5) мырыш тотығы.

4. Блек бойынша I класс тісжегі қуысы орналасады:

1) күрек тістердің жанасу беттерінде;

2) үлкен және кіші азу тістердің төмпешіктерінде;

3) кіші азу тістердің мойын бөлігінде;

4) үлкен және кіші азу тістердің табиғи сызаттарында және фиссураларында;

5) күрек тістердің кесу қырларында.

5. Тісжегі қуысын егеп тазалаудың соңғы кезеңі:

1) некротомия;

2) тістің табанын егеп тазалау;

3) кіреукеге қиық жасау;

4) қуыстың қабырғаларын финирлеу;

5) тісжегі қуысын ашу.

6. Пломбаның жиегінің салбырап тұруының алдын алу үшін:

1) матрица қою;

2) тісаралық кеңістікке интердентальді сына орнату;

3) матрица және интердентальді сына қою;

4) матрицаны қолданбай пломбаны тегістегішпен қалыптастыру;

5) пломбаның салбырап тұрған бөлігін бормен алып тастау.

7. Егеп тазаланған қуысқа адгезивті енгізу жолдары:

1) тіс тіндерін уландырғаннан кейін;

2) кіреуке және дентинді уландырудан бұрын;

3) композиттің бірінші порциясын қойғаннан кейін;

4) қуысты медикментті өңдеу алдында;

5) композитті қояр алдында үш қайтара енгізеді.

8. III класс бойынша тісжегі қуысыы орналасады:

1) күрек және сүйір тістердің мойын бөлігінде;

2) күрек және сүйір тістердің жанасу бетінде;

3) үлкен және кіші азу тістердің төмпешіктер үшында;

4) үлкен және кіші азу тістердің жанасу бетінде;

5) күрек және сүйір тістердің кесу қырларында.

9. Матрицаны қояды:

1) уландырудан бұрын;

2) уландырғаннан кейін;

3) адгезивті жаққаннан кейін;

4) композиттің бірінші порциясын қойғаннан кейін;

5) пломбаны өңдеу алдында.

10. V класс бойынша тісжегі қуысына жатады:

1) үлкен азу тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуысы;

2) үлкен және кіші азу тістердің окклюзиялық бетінде орналасқан тісжегі қуысы;

3) барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуысы;

4) үстіңгі жақ бүйір күрек тістердің тұйық тесігінде орналасқан тісжегі қуысы;

5) астыңғы жақ күрек тістердің кесу қырында орналасқан тісжегі қуысы.

11. Компомерлер қандай материалдардың үйлесімділігі болып табылады:

1) амальгама және жабысқақ жүйе;

2) силикофосфатты цементтің мырыш-фосфатты цементпен;

3) композиттік материал және герметик;

4) судағы дентин және эндометазон;

5) шыныпоиалкенатты цемент және композит.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ;

1 —3; 2 —1; 3 —3; 4 —4; 5 —4; 6 —3; 7 —1; 8 —2;

9 —3; 10 —3; 11 —5.

 

 

4 ТАРАУ


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 280 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. | I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. | Негізгі қасиеттері, жүйесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Микротолықтырылған композиттік материалдар.| Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)