Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердегі тісжегіні емдеуді жӘне реставрациялыҚ технологияны Қолдануды Қамтамасыз ететін аспаптар,Қосымша ҚондырҒылар, аксессуарлар.

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  3. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  4. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  5. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  6. ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ ӘДІСТЕРІ
  7. ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ.
Аспаптар мен заттар Қолдану тәсілі Мақсаты
1. Стоматологиялық қондырғы Пациентті әртүрлі стоматологиялық іс әрекеттерге дайындау. Стоматологиялық іс-әрекеттерді жүргізу Емдік алдын алу және ақыл кеңес беру шараларын көрсету
2.Турбиналы арнайы жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп тазалау Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру немесе эндодонтық емдеу кезінде қуысқа енуге жол жасау
3.Механикалық жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп тазалау. Қайта қалпына келтірілген тістердің бетін тегістеу Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру. Тіске анатомиялық пішін беру. Түбір өзегінің сағасын кеңейту.
4. Композиттік материалдарды қатайтуға арналған галогендік және сәулелідиодты полимеризаторлар. Сәуле тығыздығы 400 мВт/см2 кем емес, толқын ұзындығы 380–520 нм галогенді сәулемен әсер ету Жабысқақты жүйені және сәулемен қатаятын композиттерді қатайтуға арналған.
5.Сәулефильтлі немесе сәулефильтрі клипс түріндегі көзәйнек.Егер дәрігер немесе көмекшісі көз көруіне коррекция жасайтын арнайы қондырғыны колданатын болса. Сәулефильтрлейтін көзәйнекті сәулемен қатайтатын аппараттармен жұмыс істеу кезінде қолданады. Көз анализаторына гологен сәулесінің қауіпті әсер етуінен қарғау
6. Плексигластық қорғаныс қалқаны Маңдайүстіне кійілетін қорғаныс қалқаны Көз ағзасы және демалу жолдарын тістің қатты тіндерін егеп тазалау кезінде, ауыз қуысын және түбір өзектерінқатты әсер ететін антисептиктік препараттармен өңдеуде немесе әртүрлі қауіпті инфекциялы ауалы тамшылы қоспалардың түсуінен қорғау
7. Радиовизиография немесе рентгенография жүйесі Медициналық жағдайда рентген сәулелерін қолдану Мониторда радиовизиографиялық көріністі алу, тексерілетінобъектінің рентгенограммасы
8.Капсула түріндегі пломбалық материалды, соның ішінде амальгамманы араластыруға арналған прибор. Пломбалық материал бар капсуланы бірнеше секунд механикалық шайқау, араластыру. Қолдануға дайын пломбалық материалды алу.
9.Амальгаманы тісжегі қуысына апаруға арналған пистолет. Амальгаманы пистолеттің ішкілігіне алып, оны тікелей егеп тазаланған қуысқа сығып енгізеді. Стоматологиялық бөлменің былғануын алдын алу. Материалдарды тасымалдауға өте қолайлы.
10.Тісжегіні анықтайтын сәулелі детектор Тістің қатты тіндерін қуатты сәле шоғырымен сәулелендіру Көзге көрінбейтін жерде орналасқан тісжегі қуысын нақтылау
11.Электроодонтодиаг- ностикалауға арналған прибор Тіс ұлпасына аз күшпен әсер еткенде электр тогына қайтарған жауабын тіркейтін аппарат Тіс ұлпасының жағдайын анықтау (ұлпаның өміршеңдігін немесе ондағы өзгерістерді)
12. Ультрадыбысты скейлер Жоғары жиіліктегі ультрадыбыстық тербелісті қолдану Мамандандырылған тісүсті шөгінділерін алу. Тістің қатты тіндерін егеп тазалау. Түбір өзегінің тазалану сапасын жақсарту
13. Ауалы абразияға арналған қондырғы Ауаның үлкен қысымымен майдадисперсілі ұнтақты қолдану Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын иілген тіс беттеріндегішылым шегушілердің қақтарын алуға арналған
14. Арнайы резеңкелер мен щеткалар Механикалық ұштықтың көмегімен және арнайы қойыртпақтармен жұмыс істеуге арналған Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын иілген тіс беттеріндегішылым шегушілердің қақтарын алуға арналған Тіс қақтарын алғаннан кейін тіс түбірлерін және қайта қалпына келтірілген тіс беттерін жылтыратуға және тегістеуге арналады.
15. Артикаина және лидокаин негізінде жасалған анестетиктер Карпульді анестетиктермен инфильтрациялық неесе өткізгіштік жансыздандыру жасайды. Ауру симптомын басу.
16.Жансыздандыруға арналған карпульді шприцтер мен инелер Карпуланы анестетикпен шприцке қойып, оған инені бұрап орнатады да шприцтің поршеніне күш сала отырып ішіндегі анестетикті баяу егеді.. Ауру симптомын басу.
17.Тістің қатты тіндерін егеп тазалауға арналған алмазды және қаттықоспалы борлар Тубиналық несеме механикалық ұштықтарды қолдана отырып үзілісті қозғалыспен жұмыс сітеу   Тісті қалпына келтіру үшін қуысты қалыптастыруғы немесе түбір өзегі сағаларына енуге жол ашу
18.Тегістеп жылтырату жүйесі, реставрациядан кейін жылтырату межелік жүйе, реставрация бетін жылтыратуға арналған карбидті және алмазды борлар,майысқақ полиэстерден даярланған абразивті жолақтар. Тубиналық несеме механикалық креі айналатын ұштықтарды қолданады. Реставрация бетін тегіс жылтыратады.
19.Сәуле өткізгіштік жолақтар (матри- цалар), металлды матрицалар (әмбебап). Матрицаның контурлы жүйесі по Блек жүйесі бойыншы II, III, IV класс тісжегі қуысын қайта қалпына келтіру кезінде тістер арасына орнатады. Жасанды нүктені қалпына келтіру, тіске анатомиялық пішін беру
20. Матрица ұстағыш Тіс арасындағы арада матрицаны ұстап тұруға арналған   Блек жүйесі бойынша II класс тісжегісін қайта қалпына келтіру кезінде қолданады.
21. Ағаш сыналар Матрицаны тістер арасына қойғаннан кейін орнатады. Матрицаны ұстап тұру үшін
22.Унидозаға арналған пистолет Пистолетке композиттік материал толтырылған унидоз орнатады. Пистолеттің қозғалтқышын басқан кезде унидоздан композиттік материал сығылып шығады. Пациенттен пациентке инфекцияның берілу жолын алдын алу үшін
23. Уақытша және тұрақты пломбалық материалдар. композиттер, соның ішінде төменмодулді (ағымды), бүктелген, амальгама, шыныполиалкенатты цементтер Материалдардың нұсқамаларымен таныс керек   Тісжегі қуысын уақытшы жабуға немесе тұрақты реставрациялау үшін
24.Гидроксид кальций құрамдас емдік төсемдер Доғал аспаппен (нығыздағыш-штопфер) ашылған ұлпа мүйізшесіне немесе қуыс табанына қояды. Орынбасушы дентинді ынталандыру
25.Тістерді байлауға арналған синтетикалық полимерлі ма- териалдар (таспа-лента), материалды кесуге арналған қайшы Материалдардың нұсқамаларымен таныс керек   Қозғалған тістерді байлап қатайтуға, тісі жоқ аймақтарда тіс қою үшін
26.Шыныталшықты штифттер Түбір өзегіне цементтердің көмегімен енгізіп қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алң жасау ретінде қолданады.
27.Титанды анкерлі штифттер Түбір өзегіне цементтердің көмегімен енгізіп қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алң жасау ретінде қолданады.
28.Кіреуке және дентинді уландырға(травление) арналған қышқыл материал Дентинге 10– 15 с, ал кіреукеге — о 15 -30 с Композиттердің тіс тінімен жанасу алаңын шағынкеңістіктер арқылы ұлғайтады.
29.Пломба бетін тегістеу және егеу кезінде пайда болған шағынсызаттарды жабуға арналған материал — Optigard Кіреуке және реставрация бетін пломба шекарасынан 2 мм арақашықтықта кондиционерлейді,қышқылды сумен жуып тастап, аппликатормен кептіріп жұқа қабат материалмен жауып ауамен үрлейді де 20сек қатайтады. Реставрация мерзімін ұзарту.
30.Ұнтақсыз резеңке қолғаптар Әр пациентті қабылдар алдында ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның тарау жолын алдын алу.
31. Жұмсақ қорғау бет перделері (маски) 3–4 пациентті қабылдағаннан кейін ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның тарау жолын алдын алу.
32.Тістерді ауыз сұйықтығынан оқшалауға арналған мақта біліктері Біліктермен сілекей шығатын сілекей без түтікшелері орнына қояды.   Құрғақ операциялық алаң жасау
33.Гигиеналық екі қабатты құрғақ полиэтилен негізіндегі сулық. «қолтырауын» типтес сулықты ұстап тұруға арналған қысқыштар Сулықты пациенттің кеуде тұсына су тартқыш қабат жағымен жауып, қысқышпен ұстатады. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау
34.Сілекей сорғыштар, шаңсорғыш ұштықтары. Ауыз қуысынан сұйықтықты, ерітінділерді, түбір өзегінен шығарылған сулы ауалы массаларды сорып шығарады. Құрғақ операциялық алаң жасау. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау.
35.Ұштықтарды майлауға арналған баллондар Арнайы қондырғалар арқылы ұштықтарды майлайды. Ұштықтың үйкеліске ұшырайтын бөлшектерін майлау және тазалау
36.Антисептиктік ерітінділі баллондар және арнайы гигиеналық сулықтар   Пластмассалық және металды стоматологиялық қондырғылардың бетін өңдейді: полимеризаторлардың,ультрадыбысты ұштықтардың, турбиналы және механикалық ұштықтардың т.б. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
37. Коффердам Емдеуді талап ететін тістерге қояды. Операциялық алңды әртүрлі былғанудан сақтау. Бөгде заттарды жұтып қою немесе бөгде заттың тұрып қалуынан қорғау.
38.Стоматологиялық ретрактор Ауыз қуысының кіре берісіне орнатады. Жұмысшы алаңның жақсы көрінуін қамтамасыз етеді.
39.Композиттік материалдардың түсін таңдауға арналған прибор Приборда арнайы үшлюминациялық флюренциялық суық катодтағы күндізгі солтүстіктік аспан түстес сәуле шығаратын, тістің табиғи түсін таңдауда өте қолайлы RGB- шамын қолданады. Композиттердің түсін оңай, жеңіл және қатесіз таңдау
40.Автоклавтарда аспатарды және науашықтарды залалсыздандыруға арналған бұындықтар(пакет) Дезсұйықтықтарда тазаланғаннан және ұстағаннан кейін аспап жиынтықтарын арнайы бұындықтарға науашықтармен бірге орап, автоклавқа қояды. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
41. Ультрадыбыстық ванна Приборды қосу кезінде сұйықтық ортасында ультрадыбыстық тербеліс пайда болады. Автоклавқа қоярдан бұрын аспаптарыд толықтай тазалау
42. Автоклав Бұылған аспаптарды автоклавқа қойып, керекті температура режимін орнатады 134 оС, қысымы 321 бар, және 40 мин кейін аспатар толық залалсыздандырылады   Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
43.Глассперленді стерилизатор. Глассперленді шарлар. Глассперленді шарлы камераға аспаптарды салады. Приборды қосқан кезде шарлар тез қызады және аспаптар залалсыздандырылады. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
44.Қабырғалық немесе бактерицидтік шамдар Ультракүлгін сәулесімен әсер ету Аспаптарды сақтау.Қосымша заласыздандыру. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау

 

Дәрігер-стоматологтың әр-түлі дәрігерлік шараларды орындауы көбіне дұрыс таңдап алынған борларға байланысты болады. (3.1,3.2. сурет). ISO6360 жүйесінде борлар жайында төрт топ цифлардан тұратын ақпараттар кодталған ААА ББВ ГГГГДДД ЕЕЕ. Бірінші топ цифлары — код (А), екіншісі-(Б) арттағы диаметрін және (В) жалпы диаметрін белгілесе, үшінші - (Г) пішінін және (Д) жұмысшы бөлігінің абразивтілігін, төртінші-(Е) 0,1мм тең жұмысшы бөлігінің бірліктік максимальді диаметрі.

Мысалы, ААА ББВ ГГГДДД ЕЕЕ — (А) бордың жұмысшы бөлігі жасалынған материал:

• 500 — қатты қоспалы борлар (вольфрам карбиді);

• 635 — керамикалық абразив «Арканзас»;

• 806 — алмазты аспаптар.

Борларды қолданудың ережелі төмендегідей: Алмазды борларды бүтін және зақымданған кіреукені, содан басқа аяқтау кезеңінде тісжегі қуысын финирлеу кезінде майда дәнді соңында қызыл жолақты алмазды борларды қолданады.

Қуысты қалыптастыруды аяқтау кезеңінде соңында көк сақиналы алмазды борларды қолданады. Бұл стандартты борлар және бұл борларда белгілер болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, әсіресе эндодонттық ем жүргізу кезінде соңы ұзарған борлармен жұмыс істеу тиімді.Кіреукенің шекараФинирование границсын финирлеуді 10–16 қырлы вольфрам-карбидтен жасалған борлармен жүргізу керек. Жұмсарған және инфекцияланған дентинді алуды қатты қоспалы борларды қолдану арқылы орындайды. Алмазды борлар инфекцияланған жұмсарған дентинді алу кезінде тез былғанады және қолданудан тез шығып қалады.

ISO ұсынған борлардың ұзындық стандарттары.

 

Турбиналы ұштыққа арналған Иілген ұштыққа арналған Тік ұштыққа арналған
16мм - -
19мм 22мм 44,5мм
21мм 26мм 65мм
25мм 34мм 70мм

 

3.1.Сурет. ISO жүйесі бойынша белгілеу: А-бордың жұмысшы бөлігінің материалы; Б-соңғы құйрық жағының диаметрі; В- жалпы диаметрі; Г-жұмысшы бөлігінің пішіні; Д-жұмысшы бөлігінің абразивтілігі; Е-жұмышы бөлігінің диаметрі.

 

 

 

3.2. Сурет. Қайта қалпына келтіру стоматологиясында қолдануға рұқсат етілген борлардың пішіні.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 315 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | ПЕРИОДОНТ | ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. | ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ| СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)