Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТҮбір Өзектерін механикалыҚ ӨҢдеу жӘне пломбылау Әдістері

Читайте также:
  1. I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  4. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  5. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  6. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

6.7.1. ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

 

Әдістер Қолдану мақсаты Қолдану тәсілі
Step-back (бір қадам артқа) (түбірұшы- сауытты әдіс)   Имек түбір өзектерін механикалық өңдеу және кеңейту үшін Жұмысшы ұзындығын анықтағаннан кейін алғашқы фаилдың (түбірұшылық) көлемін анықтайды, ал түбір өзегін кем дегенде024 көлемге дейін кеңейтеді. Келесі фаилдардың жұмысшы ұзындығы 2мм дейін қысқарып отырады.
Step-down (сауыттан төмен қарай)   Имек түбір өзектерін механикалық өңдеу және кеңейту үшін Түбір өзегі сағаларын Gates-glidden борымен кеңейтуден бастайды. Түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын анықтайды. Содан кейін рет ретімен түбір өзегінің жоғарғы, орта және төменгі бөліктерін өңдейді

 

 

6.7.2. ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН ПЛОМБЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

 

Әдістер Материалдар Қолдану тәсілі  
Қойыртпақтармен пломбылау   Мырыш-эвгенолды, эндометазон және т.б.   Түбір өзегін қағаз штифтермен кептіргеннен кейін түбір инесінің немесе К-фаилдың ұшына қойыртпақты жағып алғаннан кейінтүбір өзегіне енгізе отырып жұмысшы ұзындығына дейін нығыздап толтырады.
Бір штифпен пломбылау Өзекті соңғы рет өңдеген эндодонттық аспаптың көлеміне сәйкес келетін стандартты гуттаперча штифті, (мастер-файл). Силер АН+, Аdseal және т.б.)   Түбір өзегі қабырғасын толықтай силермен өңдеп толтырады. Силермен өңделген немесе силер жағылған гуттаперча штифтін баяу барлық жұмысшы ұзындығына дейән енгізеді. Гуттаперчаның шығып тұрған бөлігін қыздырылған аспапен түбір өзгегі сағасы деңгейінде кесіп тастайды.
Гуттаперчаны латеральді (бүйірінен) нығыздау Өзекті соңғы рет өңдеген эндодонттық аспаптың көлеміне сәйкес келетін стандартты гуттаперча штифті, қосымша диамерті алдыңғы гуттаперчадан аз қосалқы гуттаперча (мастер-файл). Силер АН+, Аdseal және т.б.) Спредерлер Гуттаперча штифтін жұмысшы ұзындығына дейін енгізеді. Түбір ұшы тарылымына вводится на рабочую длину. Мм жетпейтіндей етіп түбір өзегіне спредерді енгізеді. Гуттаперчаны түбір қабырғасына қарай нығыздап, аспапты өзекте 1 мин ұстап тұрады. Қосалқы гуттаперча штифтін қолдану кезінде спредердің көлемі При использовании дополнитель мм кем болуы керек. Гуттаперчаның шығып тұрған бөлігін қыздырылған аспапен түбір өзгегі сағасы деңгейінде кесіп тастайды.    

 

 

1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

35 жастағы пациент стоматологқа 46 тісінде солқылдап ауыратын, тістегенде ауыратын, тісі өсіп кеткен сияқты сезімнің пайда болғанын айтып шағымданады. Бұрын тісінде өздігінен пайда болған, сыздап ауыратын, температуралық тітіркендіргіштен ұлғая түсітін ауру сезімі болғанын айтты. Медициналық көмек алу үшін келіп қаралмаған.

Қарап тексергенде: астыңғы жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. 46 тістің аймағындағы қызылиек қызарған, сипап тексергенде ауырады, вазопарез симптомы оң. 46 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Қуыстың қабырғасын, табанын, түбір өзегінің сағасын сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Қағыр тексергенде қатты ауырады. ТҰЭҚ -120мкА. Ауызішілік жанаспалы рентген суретте сүйек тінінің компакті пластинка сақталған, борпылдақ заттарыайқындылығын жоғалтқан.

Диагноз қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, емдеу жоспарын құрыңыз.

1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

26 жастағы пациент стоматологқа 25 тіснде тісжегі қуысының бар екенін айтып шағымданады. Тісі бұрын ұлпаның жедел қабынуы бойынша емделген. Пломбасы 2 апта бұрын түсіп қалған.

Регионарлы лимфа түйіндері өзгеріссіз. 25 тіс аймағындағы қызылиекте жылан көз бар. Тіс сауытының түсі өзгерген. Тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Қуыстың қабырғасын, табанын, түбір өзегінің сағасын сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Түбір өзегі сағасында пломба қалдықтары бар. Қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік жанаспалы рентген суретте түбір өзегі 2/3 бөлігіне дейін пломбыланған, түбірұшында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы анықталады.

Диагноз қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

1.

Жылан көздің болуы тән:

1) периодонттың түбір ұшының жедел қабынуы;

2) периодонттың түбір ұшының созылмалы қабынуы;

3) түбірұшы абсцессі;

4) ұлпаның созылмалы қабынуы;

5) пародонттың ошақты қабынуы.

2.

Периодонттың түбір ұшының созылмалы қабынуына салыстырмалы диагностка жүргізеді:

1) ұлпаның жедел қабынуымен;

2) флюорозбен;

3) кіреуке тісжегісімен;

4) цемент тісжегісімен;

5) радикулярлы жылауықпен.

3.

Периодонттың түбір ұшының жедел қабынуыа салыстырмалы диагностка жүргізеді:

1) ұлпаның өліеттенуімен (ұлпа гангренасы);

2) ұлпаның қызаруымен;

3) дентин тісжегісімен;

4) цемент тісжегісімен;

5) кіреуке тісжегісімен.

4.

Түбірұшы абсцессінің жылан көз бар кезінде ауызішілік жанаспалы рентген суретте анықталады::

1) периодонтальді саңлаудың кеңейуі;

2) шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылуы;

3) шекарасы анық сопақ немесе шар тәрізді сүйек тінінің сорылуы;

4) сүйек тінінің тығыздылу ошағы;

5) сүйек тінініңсеквестрленуі.

5.

Периодонттық созылмалы қабынуы кезінде ауызішілік рентген суретте анықталады:

1) периодонтальді саңлаудың кеңейуі;

2) шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылуы;

3) шекарасы анық сопақ немесе дөңгелек пішінді сүйек тінінің сорылуы;

4) сүйек тінінің тығыздануы;

5) сүйек тінінің секвестрациясы.

6.

Тістегенде пайда болатын ауру сезімі, тісі өсіп кеткен сияқты сезім қандай ауруға тән:

1) периодонттық жедел қабынуына;

2) периодонттық созылмалы қабынуына;

3) ұлпаның жедел қабынуына;

4) түбірұшы абсцесс, жылан көз;

5) цемент тісжегісіне.

7.

Периодонттың қабынуы кезінде электродиагностканың көрсетілімі:

1) 2–6 мкА;

2) 6–12 мкА;

3) 30–40 мкА;

4) 60–80 мкА;

5) 100 мкА жоғары.

8.

Түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын анықтайды:

1) электроодонтодиагностикамен

2) электрометриямен;

3) лазерлі флюоресценциямен;

4) люминисцентті диагностикамен;

5) лазерлі плетизмографпен.

9.

Түбір өзегінде майланған қабатты алу үшін қолданады:

1) ортофосфор қышқылының ерітіндісін;

2) ЭДТА ерітіндісін;

3) сутегінің асқын тотығын;

4) перманганат калийді;

5) иодты калий ерітіндісін.

10.

Түбір өзегін анисептикалық өңдеу және органикалық қалдықтарды еріту үшін қолданылатын ерітінді:

1) ортофосфор қышқылының ерітіндісін;

2) ЭДТА ерітіндісін;

3) сутегінің асқын тотығын;

4) перманганат калийді;

5) иодты калий ерітіндісін.

 

ДҰРЫС ЖАУАПТАР ЭТАЛОНЫ:

1— 3; 2 — 5; 3 — 1; 4 — 2; 5 — 3; 6 — 1; 7 — 5; 8 — 2; 9-2; 10-3.

 

 

ТАРАУ


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 295 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы | Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы | Сурет. қышқылды некроз | ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ | ТІСТІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ | ЛПАНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ | Лпа қабынуын емдеу әдістері | ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫ | ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЕМІ. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЭНДОДОНТТЫҚ АСПАПТАР| ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)