Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістер тісжегісініҢ патологиялыҚ анатомиясы

Читайте также:
  1. Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы
  2. Төменгі жақ сүйір тістерінің анатомиялық пішінін мүсіндеу
  3. ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ АЛДЫН-АЛУҒА ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫНА АРНАЛҒАН ЗАТТАР
  4. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
  5. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
  6. ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ.

Тісжегінің кіреукедегі дақты кезеңінденегізі сыртқы бетке қараған, ал ұшы кіреуке-дентин шекарасына бағытталған үшбұрышты тәріздес зақымдану ошағы анықталады. поляризациялы микроскопиялау әдісімен зерттегенде кіреукеде үшбұрыш пішінді жарақат ошағы анықталады және оның табаны кіреукенің сырт бетіне қарай орналасқан. Жарақат ошағындағы өзгерістер дақтың аумағымен тығыз байланысты. Егер дақтың көлемі 2-мм аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы белдеулер анықталады. Тісжегі дағының көлемі ұлғайған кезде үш белдеуді (зоны) ажыратады – жарақат денесі (тело поражения), қараңғы және мөлдір белдеулер. (2.10сурет).

 

 

2.10.Сурет. Тісжегінің дақты кезеңіндегіминералсыздану белдеуінің схемалық суреттемесі (поляризациялық микроскопия):

1 — беттік қабат (бүтін); 2 — зақымдану денесі; 3 — қараңғы белдеу; 4 —мөлдір белбеу.

•1белдеу — беткей қабат, ені 50 мкм дейінгі бүтін кіреуке.

•2белдеу — орталық белдеу (зақымдану денесі), бұл белдеуде минералсыздану жақсы бейнеленген, микрокеңістіктердің көлемі 25%-ға дейін көбейген. Кіреукенің өткізгіштігі өте жоғары дәрежеде.

•3 белдеу — қараңғы белдеу, бұл белдеуде микрокеңістіктер 15–17% құрайды.

•4белдеу — ішкі қабат, немесе мөлдір белдеу, микрокеңістіктер көлемі 0,75–1,5% құрайды.

Дентин тісжегісі. Дентин тісжегісікіреуке –дентин байланыс аймағының бұзылуымен басталады және дентин түтікшелері бойымен тарап, ұлпаға қарай бағыт алады. Дентинде және ұлпада қорғаныс үрдісі басталады. Дентин түтікшелері семеді,ал одонтобластар өсінділері орталыққа қарай ығысады. Қорғаныс реакциясы нәтижесінде дентин және ұлпа шекарасында орынбасушы немесе қалыпты дентиннен дентин түтікшелерінің орналасу бағдарының аздап өзгешелігі бар ирегулярлы дентин түзеледі.

Тісжегі кезінде дентиннің минералдаушы құрамының минералсыздануы, дезинтеграция және органикалық матрицаның еруі нәтижесінде құрылымдық бүтіндігінің бұзылуы жүреді. Дентиннің тісжегімен зақымданған ошағы 5 белбеуден тұрады. (2.11 сурет).

2.11.Сурет. Тістердің тісжегісі кезіндегі дентиндегі зақымдану белдеулері.

1 — бүтін дентин; 2 — жартылай мөлдір дентин; 3 —мөлдір дентин; 4 — күңгірт дентин; 5 — инфекцияланған дентин.

• 1 белдеу— қалыпты дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшелерінің құрылымы өзгермеген, одонтобластар өсіндісі дентин түтікшелерін толтырып тұрады.

• 2 белдеу— жартылай мөлдір дентин. Жартылай мөлдір дентин қабаты дентин түтікшелері арасындағы дентиннің минералсыздану нәтижесінде пайда болады. Бұдан басқа дентин түтікшелері ішінде минералды қаттардың шөгуі байқалады. Бұл белдеуде микроорганизмдер байқалмайды.

• 3 белдеу — мөлдір дентин. Бұл белдеуде минералсыздану дәрежесі айқын бейнеленген. Клиникалық бұл дентиннің жұмсаруымен көрінеді. Бірақ коллаген талшықтарының бір бөлігі бұзылмайды. Міне осыған байланысты қолайлы жағдайда бұл белдеуде қайта минералдану үрдісі толықтай қамтамасыз етіледі.Белбеуде микроорганизмдер болмайды.

• 4 белдеу — күңгірт дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшклерінің кеңейуі анықталады. Коллаген талшықтарының дезинтеграциясы нәтижесінде бұл белбеуде қайта минералдану мүмкін емес. Белдеуде кеңейген дентин түтікшелерінде барлық жағдайда микроорганизмдер болады.Клиникалық дентин жұмсарған, және ережеге сәйкес оны толық алу керек.

• 5 белдеу — инфекцияланған дентин. Белдеуде дентин құрылымы ыдыраған, микроорганизмге толы. Бұл белдеу емдеу кезінде толық алыну керек. Тісжегі кезінде ұлпада өзгерістер болуы мүмкін. Осы өзгерістердің дәрежесінің айқындылығы оның ағымы мен зақымдану тереңдігіне байланысты. Тісжегінің дақты кезеңінде және беткей тісжегі кезінде ұлпада өзгеріс болмайды. Егер тісжегі үрдісі дентинге тараса, ұлпада тамырлардың және нерв талшықтарының морфологиялық өзгеріске ұшырағаны анықталады. Одонтобластардың санының азаюы және бағыттарының бейтараптануы көрінеді. Одонтобластардың тітіркенуі орынбасушы дентиннің түзілуіне ықпал етеді.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 364 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ | ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | ПЕРИОДОНТ | ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ.| ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)