Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Читайте также:
  1. C Тері және сіңірлердің некрозы
  2. Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау.
  3. Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы
  4. Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және дәрежесі
  5. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  6. Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу
  7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.
1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.
Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың уставын тіркеу Республикада Әділет министрлігінде жүргізіледі. Бұл процедура бірлестіктерге мемлкеттік қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен қарым–қатынаста, сондықтан оған кіретін азаматтар арасында шектеу орнатады. Бірлестіктерге заңды құқық береді. Қоғамдық бірлестіктер деп–азаматтардың өз еркімен, олардың тілегі негізінде құырлған ұйымдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы аумағында саяси партиялар, көпшілік ұйымдар, кәсіподақтар, әйелдер, арагерлер, ғылыми, техникалық, жастар және балалар ұйымдары, мәдени–ағартушылық т.б. ерікті қоғамдар, шығырмашылық одақтар, жерлестер, қорлар, ассоциациялар–қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық ұйымдардың партиядан айырмашылығы олар бірінші орынға саяси мәселелер қоймайды, саяси бағдарлама жасамайды.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.
Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.
Қоғамдық бірлестіктер құрылуы мен құқығы және қызметінің тоқтату шарты «Қазақ ҚСР–дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2,3 тарауларында баяндалған. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең құқықты. Олардың құқықтары жарғыларында белгіленеді. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің мақсаты мен қызметі жөнінде еркін хабар тарата алады, өз органдары арқылы өз инициативасын жүргізеді, өз мүшелері мен қатсушыларын көрсете біледі және олардың тілегін қорғай алады, сонымен қатар сол сияқты заңға қарсы емес уәкілдіктер жүргізе алады. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым–қатынас 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР конституциясы негізінде реттеліп отырылады. Мәселен, конституцияның 5–бабында «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарына, қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді» – делінген. Конституция нормаларын бұзуға бағыттлаған мақсаты мен қимыл көрсеткен қоғамыдық бірлестіктерді құруға немесе қызмет істеуге рұқсат етілмейді.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;
2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;
3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.
Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.
"Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.
"Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.
"Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста.
"Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.
Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.
Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.
"Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.
Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.
"Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
^ Орыс қауымы (русская община) Әділет министрлігінде қыркүйектің 1-інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым "Русский вестник" атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.
Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.
Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық-патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркем өнер ұжымдарын құруға ат салысады.
^ Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.

Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы" конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтар-дың республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.
Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы.Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.
Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.
^ Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.
^ Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.
Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы - ерікті қоғамдық ұйым, кәсіподақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. 14 облыста облыстық және 22 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Федерацияның құрамында Ғылым академиясының, архитектура, Жобалық және Зерттеу институттарының, инновациялық және ұсақ кәсіпкерлер, мұнай, газ, көмір, т.б. кәсіподақтары бар. Қазірде федерация 7,5 млн. кәсіподақ мүшелерінен, 43 мыңнан астам бастауыш ұйымдардан тұрады. Кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде басшылық жасайтын 835 аудандық және қалалық, 209 облыстық кәсіподақ; қоғамдары бар.
Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалыұ, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет, спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.
Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы, әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді.
^ Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері. Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеулік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы.
"Бірлесу" кәсіподағы республикадағы ғана емес, бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды.
"Бірлесу" қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.
"Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл - еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел" деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.
"Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның мақсаты: Арал теңізі жағдайына, республикадағы экологиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.
Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелек үстел, Мәскеуде Арал күні, Арал аймағындағы экологиялық апат туралы телемарафон өткізілді. 1996жылы халықаралық "Арал-Азия-Қазақстан" коғамдық комитеттің мәртебесі бекітілді. Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда. Осы мақсатпен "Халықаралық Арал сыйлығы" құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы Қоғамдық Академия құрылды.
Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама берілген. Олардан шығатын қорытынды - қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.

82, Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.

Қимақ қағанатының құрылуы[өңдеу]

VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдарияаңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.

Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.

Саяси тарихы[өңдеу]

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды

Қимақтардың жазуы[өңдеу]

Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады.» Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді

Этникалық және тайпалық құрамы[өңдеу]

Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ- тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады

Қимақтардың шаруашылығы[өңдеу]

Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

Қимақ қағанатының құлауы[өңдеу]

X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия жэне т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшахсолардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

83,

 
  Жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет еткен тарих ғылымдарындағы терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін маңызды мәселелердің бірі қалалар тарихы. Бүкіл өзгерістер мен жаңалықтардың басталар жері үкімет саясатының алғаш жүзеге асар орыны болып табылатын қалалар тарихы- қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстерде болып жатқан мәселелердің себептері мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Қала өмірінің келелі мәселелері мен фактілерін нақты сараптау, жүйелеу болмаса онда ірі елді мекендердің дамуы ерекшелігінің заңдылығын ашу қиынға соғар еді. Сондықтан да жылдан — жылға ғаламдар мен ізденушілердің қаланың аса танымал емес беттерін ашуға деген қызығушылықтарының артуы да заңды құбылыс. Осы тақырыпқа өзек боларлық қалалар ежелден – ақ сауда, қолөнер, мәдениет, қоғамдық және саяси қызметімен отырықшы жер өңдеу, мал шаруашылық-көшпелі өркениеттің синкретизм звеносы ретінде танымал болған Семей өңірінің тарихын тереңнен зерттеу болып табылады. Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Шығыс Қазақстан облысындағы ХІХ ғ. ІІ жартысы-ХХ ғ. Басындағы сауда кәсіпкерлігінінің дамуы жаңаша зерттеу. Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты міндеттерді шешу көзделді: - Шығыс Қазақстан облысының ХІХ ғ. ІІ жартысы-ХХ ғ. басындағы экономикалық және мәдени жағдайына тарихи тұрғыда шолу жасау; - Шығыс Қазақстан облысындағы (ХІХ ғ ІІ жартысы) сауда кәсіпкерлігінің дамуындағы негізгі алғышарттарын көрсету; - Шығыс Қазақстан облысындағы сауда ісінің дамуының халықтың экономикалық жағдайына тигізген әсері мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне талдау жасау; - Шығыс Қазақстан облысындағы сауда және өнеркәсіп саласындағы халықаралық байланыстардың орнау процесінде болған ерекшеліктерді айқындау; - жергілікті халыққа қызмет көрсету (көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет) саласындағы сауда кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін кезең-кезеңімен анализдау; - Шығыс Қазақстан облысындағы сауда ісін дамытудағы қазақ, татар, орыс көпестерінің қосқан үлесін айқындау; Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлік теориясына арналған тарихнаманы негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: отандық зерттеушілердің еңбектері мен шетелдік, ТМД елдерінің зерттеушілері. Кеңес дәуірінің тарихшыларын өзі екіге бөліп қарастырдық: революцияға дейінгі және революциядан кейінгі зерттеуші ғалымдар. Сондай-ақ, мұрағаттан (архив) алынған материалдар зерттеудің тарихын жан-жақты толық айқындауға негіз бола отырып, дереккөзі ретінде пайдаланылған. Қазақстандағы революцияға дейінгі және 1917-1940 жылдардағы өнеркәсіптің тарихы тарихнамалық еңбектерде де қарастырылды. Осындай жұмыстардың арасынан Д.И.Дулатованың, А.Н.Нүсіпбековтің, Н.Даулбаевтың, В.В.Турттың, С. Нұрмұхамедовтің, Б.Абишеваның, М.Қозыбаевтың, И.Қозыбаевтың, М.Асылбековтің, А.Алтаевтың, Р.Құрманғалиеваның және тағы басқалардың зерттеулерін бөліп алып қарауға болады. Семей мұрағат ішінде XIХ – XXғ.ғ. Семейдегі Ертіс бойындағы өнеркәсібі саласы бойынша (торговые связи Семипалатинского Прииртышья) атты құнды құжаттарға толы жинақ сақталған. Тарихи деректермен жеткілікті сипаттап құрастырылған бұл туындының жауапты редакторы А. Әубакіров бастаған редакция ұжымы. Жинақ негізінен мұрағаттарда жинақталған – құжаттардың басын біріктіріп Семей өңірінде XVIII – XIX ғ.ғ. белең алған қызу сауда байланысының, ондағы өнеркәсптің қалыптасу жолдары әкімшілік орталығы Семей болғандығын дәлелдеп береді. Мысалүшін, Семейдің ХІХ – ХХ ғасырлардағы өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер көбінесе тек орыс тілінде ғана бар. Орыс тілінде болса да бұл баға жетпес біздерге қалған мұра деуге болады. Сонымен, Семей қаласындағы өнеркәсіп құрылымы, сауда дамуы жөніндегі бұл деректерде нақты – нақты сандар мен қай жылдары көре аламыз. Осы өңірде өткізілген ірі – ірі жәрмеңкелердің сауда айналымының, өнеркәсіп өнімдері есеп – қисабын тіркеу әкімшілігі Семейде орналасқаны туралы біздер мәлімет ала аламыз. Шығыс Қазақстан Мемелекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты – Ғани Қарасаев осы «Қазақстар мен Ресей арасындағы айырбас сауда» деген мақалаларынан біздің өлкемізге, яғни Семей қаласының өнеркәсібі туралы материалдарын оқи аламыз. Біздің туған қаламыз Семейге байланысты, қандай мақала болмасын бізге баға материалдар. Жанұзақ Қасымбаев өзінің тарихи еңбегінде, бұл еңбегі «История города Семипалатинска» деген атпен 1998 жылы Алматы қаласында басылып шығарылды. Бұл еңбегі Семей қаласының тарихын яғни 1718 жылдан бастап 1917 жыл аралығындағы уақытты қамтиды. Бұл кітап Ертіс бойында ежелден қалыптасқан Семей болғандығын жан – жақты сипаттап береді. Қытайдың батысы, бір шеті Ресейдің солтүстігі тағы бір ұшы Өзбекстан, Қырғызстан саудагерлері Семей қаласына тұрақтап, өнеркәсіп өнімдерін бойынша тұрақты араласып отырғандығы туралы міне осы тарихи еңбектерден толық көре аламыз. Деректік жинақта Қазақстан Республикасының мұрағат қорында жиналған материалдар маңызды орын алады. Мұрағат деректері қарастырылып отырған кезеңдегі Семей қаласының өнеркәсіп дамуының негізгі қайшылықтарын анықтауда зерттеудің нағыз тарихи материалдар көзі болып табылады. Бұрыңғы кезеңдерде де сауда байланысы бүгінгі дей нақты жолға қойылғанын аңғартады.қай жылы қанша жәрмеңке ұйымдастырылып, әп уақытта өнеркәсіп айналымының мөлшерін айғақтайтын құжаттар тізімі тек қала, облыс мұрағаттарынан ғана емес, Ресейдің мемлекеттік тарихи мұрағаттарымен Омск, Томск, Новосібір облыстарындағы тарихи мұрағаттарда да сақталған бірнеше құнды деректер осы Семей мұрағат үйінің директоры Гүлнәр Төлеуқызы Қасымова мен Семей басшылары арқасында осы Семейге алынып қаламыз үшін маңызы өте зор құнды еңбек «Торговые связи Семипалатинского Прииртышья» (ХVІІІ – ХХ ғ.ғ. Семейдегі Ертіс бойындағы сауда байланысы) атты жинақтан орын тапты. Бірінші тараудың өзінде іріктеле келе қажетті деген 90 – ға жуық маңызды деген дерек қамтылған. Семей өңіріндегі 300 жыл бұрынғы Ташкент, Бішкек байлары мен Ресей көпестерінің белсенділік танытқандықтарысоншалық, олардың осы өлкедезаңды түрде өз дүкендері мен тұрақты мекен жайлары болғандығы жөнінде материалдар бар. Сонымен қатар, «Торговые связи Семипалатинского Прииртышья» атты еңбек еліміздің шарықтық экономикаға енген кезеңінде қажетті бір құжат ретінде аса бағалы материалдар болып табылады. Аполлованың «Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХVІІІ – ХІХ в.в.» Москва1960 г. атты еңбегінде осы Семей өңіріне байланысты материалдары сақталған деректер бар. Бұл Аполлов И.Г. – ның еңбегі осы аумақтағы экономикалық және саяси өмірге арналған. Семей қаласының өлкетану мұражайының кітапханасында сақталған бұл еңбек біздің аумақ жайында көптеген деректер бере алады. 1848 ж. Семей қаласында болған поляк революционері А. Янукевич «Күнделіктері мен хаттары» туралы бағалы еңбек жарыққа шықты онда қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар бар екен. Міне осының ішінде біздер оның Семей өңіріне байланысты еңбектерін көре аламыз. Осы Семей қаласының өнеркәсібінің орны мен рөлі жөнінде 1856 жылы Құлжаға сапар шеккен Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде біршама мәліметтер берген Семей өнеркәспітің қандай рөл атқарғанын орталық мемлекеттің архивтің қызметкері К. Сопыбекованың «Такой была родина Абая» атты мақаласынан мына жолдарынан көруге болады: «По данным состояло 1843 г. в Заречной Семипалатинской слободе состояло 166 лавок, а также слады для товаров, принадлежавшие купцам». Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазу барысында Семей қаласының тарихына қатысты құнды материалдар келтірілген отандық ғалымдардың мақалары да жазуға өз септігін тигізді. Жұмыстың деректік негізі. Мұрағат деректеріне қоса патша өкіметінің «Ресей империясының заңдарының толық жинағы» атты жинақталған заңдық актілер мен құжаттар, далалық облыстардағы «Қырғыздар туралы» заңдар жинағы, Ресей империясының заңдар жинағы пайдаланылды. Қазақ өлкесінің шаруашылық өмірі жайлы қызықты материалдар бірқатар революцияға дейінгі басылымдарда: 1899 жылғы «Сібір сауда - өнеркәсіп календары», «Семей облысының естелік кітапшасы» тағы да басқа құжаттардан қарастырылды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Шығыс Қазақстан облысы аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және басқа да ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басындағы Қазақстандағы сауда ісінің қалыптасу мен дамуындағы Семейдің Ертіс өңіріндегі алар ролі тарихи талдау арқылы нақты сипаты анықталды. Сонымен бірге: - бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға енгізілді; - Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы өңіріндегі сауда кәсіпкерлігінің қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды; - отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған ХІХ ғ соғы мен ХХ ғ басындағы Шығыс Қазақстан облысындағы сауда кәсіпкерлігі халыққа қызмет көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызметке байланысты кәсіпкерліктің тарихы зерттелінді; - Осы кезең аралығындағы Семей өңірі мен үкімет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері анықталды; - жергілікті кәсіпкерлікті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды. - Аймақтағы сауда ісіне үлес қосқан саудагер көпестер тұралы құнды материалдар бир жүйеге келтіріп жинақталған. Жұмыстың мерзімдік шегі. ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы, яғни Ресейдегі реформалардың Қазақстанда, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына тигізген ықпалынан бастап, револфцияға дейінгі аралықты қамтиды.

XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі[өңдеу]

Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.

Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.

Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.

Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.

1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.

Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пүт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.

Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазақтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді.[1]

Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы[өңдеу]

XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.

Ел аралап жүріп жасалатын сауда[өңдеу]


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 2861 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұлтандар | Төлеңгіттер | Мірбаяны | Саясаты | Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы | Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан | Азақстан Республикасының сыртқы саясаты | VI-ХII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті | Тәуелсіз Қазақстан білім мен ғылымның дамуы | Білім беру жүйесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөкей Ордасы: Жәңгір хан| ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)