Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Читайте также:
  1. C Тері және сіңірлердің некрозы
  2. Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау.
  3. Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы
  4. Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және дәрежесі
  5. Богатым плевать на патриотизм
  6. Волна патриотизма
  7. Глава десятая. О патриотизме

1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

 

22-сұрақXVI ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары

Қазақ-орыс қатынастарының тарихи та­мыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады.

IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30 мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан мен Орта Азия халықта-рымен «салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді. Бұл сауда бай-ланыстарының жандануына септігін тигізді.

1594 және 1595 жылдары Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені белгілі.

XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен ба-ғалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.

Ресейдің Батыс Сібірге басып кіруі мен оны өзінің құрамына енпгіудің бас-тамасы 1581 жылы Сібір хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорық-тарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Сібірге және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына жағдай жасады.

Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жері-мен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Сібір аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді. Кейін Тұмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністері (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының батыстағы шека-ралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев бекінісі бой көтерді. XVIII ғасырдыңбасы Ресей үшш I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшін, Түркиямен Қара теңіз үшін

жүргізілген соғыстармен және Сібірді жаулап алу, Шығыс елдерімен байла-ныс орнату сияқты тарихи оқиғалармен ерекшеленді. I Петрдің сыртқы сая-сатында Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы Қазақ жерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында Қазақ жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта Сібір губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін күшейтілген бекіністер жүйесін құру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл жерлер алтынның қорына ете бай екені атап керсетіледі. 1715 жылы То-былдан Ертіс бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш және Омск (1716) бекін-істерін салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отряд-тары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колба-синск бекінісін салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оңжаға-лауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайын-дайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері 1717-1718 жылдары под-полковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызады. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері жоғары Ертіс желісін құрады.

23-сұрақ.Қазақстандағы Индустрияландырудың ерекшелігі,нәтижелері.

Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалалардажұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшінтттіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.

1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды.

Индустрияландырудың жетістіктері. 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.

24-сұрақ.Қазақстан Алтын Орда құрамында.Саяси және мемлекеттік құрылымы.

Алтын Орда (моңғ. Алтан Ордын улс; тат. Altın Urda; орыс. Золотая Орда; түр. Altın Ordu)[1] — Басында моңғол[2][3][4] — кейініректүркіленген[5] — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс ЕуропаныңОрал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.

Атауы

Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.

Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.

Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.

Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.

Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданыңеншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады.[6][7]

 

Алтын Орданың хандары

Жошы хан (ок. 1182— 1227), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (ок. 1224— 1227)

Бату хан (ок. 1208 — ок. 1255), Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1227 — ок. 1255)

Сартақ, Батый ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1255/1256)

Ұлағжы, Сартақның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1256 — 1257)

Берке, Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1257 — 1266)

Мөңгу-Темір, Тұғанның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1266 — 1282)

Тұда Мөңгү-хан, Жошы Ұлысының ханы (1282—1287)

Тұла Бұға-хан, Жошы Ұлысының ханы (1287—1291)

Тоқта-хан, Жошы Ұлысының ханы (1291—1312)

Өзбек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1312—1342)

Тыныбек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1342)

Жанибек I, Жошы Ұлысының ханы (1342—1357)

25-сұрақ .«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын 2012 жылғы қаңтар айындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын ғана емес, жалпы «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын бүгінгі жаһандық даму дәуіріне сай толықтыру, онда алға қойған мақсаттарды арада өткен 15 жыл уақыттағы өзгерістер мен қол жеткен жетістіктер деңгейінде саралап, жаңаша бағыт-бағдар, серпін беру, – деп қабылдадым.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның болашақ дамуының даңғыл жолы іспеттес. Аталмыш құжат Елбасының мемлекетті дамыту, сананы сілкіндіріп, қоғамды жаңғырту бағытындағы осы уақытқа дейін жүргізіп келе жатқан игі бастамаларының заңды жалғасы. Президент осы бағдарламада мемлекетімізді дамыту, бүгінгі қоғамдағы қатынастарды реттеп отырған заңдарымызды тиімді пайдалану және оларды жетілдіру, әлеуметтік мәселелерді шешу, еңбек қатынастарын реттеу сияқты міндеттерді жүзеге асыру бағытында нақты ұсыныстар жасайды. Тек ұсыныстар жасап қана қоймай, Парламент пен Үкіметтің және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының алдына нақты міндеттер қойып отыр.Елбасының бұл бағдарламасын қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады.

Сұрақ.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы атажайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 414 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мәдениеті | Түргеш қағанатының қалыптасуы | Орналасуы. | Саяси тарихы. | Шаруашылығы. | Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары | Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. | Оғыздар Қазақстан аумағында | Кімет ұймы-мемлекеттік қурылым. | Жер иелену түрлері. Икта. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жеті жарғы| Кадет корпусы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)