Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер иелену түрлері. Икта.

Читайте также:
  1. Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері.
  2. Категории участников конфликта. Учет их специфики при его урегулировании.
  3. Конструктивное решение конфликта.
  4. Профилактика возможного конфликта.
  5. Социально - психологический анализ межличностного конфликта.
  6. Ширктің түрлері.

Алғашқы кезде бұрыңғы мемлекеттік құрылымдардың дәстуррлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да, олардың қарапайым қайталануы болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды институт әскери- лендік жүйе болды. Хакандар мемлекетке халық жиналатын жерлерді өздерінің туыстарына және жақын адамдарына тарту етіп сыйға берді. Мұндай тартулар парсы тілінде «Икта», ал иеленушілер иктадар деп аталынса, арабша иеленуші «Мукта» деп аталынған. Деректерде иктасы бар мукта, муктаны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жағдай, икта муктаға заңды түрде бекітіліп берілмеген. Ал муктадар иктаны өздеріне мәңгі мұрагерлікке бекітіп алуға тырысып отырған.

Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты болды.
1. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері берілген.
2. Орташа үлестік жерлер бектерге.
3. Кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.

Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің және бір үлкен көп тараған түрі әскери үлестік (лендік) жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілетін болған. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери қызметтердің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты болды. Шамасы, әскери үлестік жерлер сарбаздар арсында да бөліске түскен. Кейбір деректер, әскери қызметкерлерге заттай, ақшалай да ақы берілгендікті хабарлайды. Үлестік жер алғандар да, иктадарлар да өздерінің билеушілерінің алдында қажет болған кезде, қару-жарағымен қаруланған сарбаздарымен қызметке дайын болған.

Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл қарахан әулетінің жаулап алынған жерлер, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы жерлерден тұрды.

Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дін басыларының негізгі материалдық базасы діни мекемелердің пайдасына атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі-әскербасылары өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вақфтық жерлер де болды. Әдетте, вакфтық жерлерден мемлекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды.

Жері жоқ шаруаларды қанаудың кең тараған түрлерінің бірі үлескерлік арқылы жүзеге асырылды. Араб және парсы–тәжік деректемелерінде үлескерлер (шаруарлар) музари немесе барзигар деп аталды. Үлескерліктердің мәні мынада болды: мемлекеттік немесе мұрагерлік жолмен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді.. Үлескер (шаруа) түсімінің көбін салық түрінде мемлекетке және жерді меншіктенушіге не вакф (вақфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлескерлерге айналушылар әдетте өзінің суармалы жер учаскелері жоқ шаруалар еді.

X-XII ғғ. Қарахан мемлекетінде шаруаларды қанаудың екінші бір түрі коммендация. Оның мәні, ұсақ жер иелері немесе орта шаруалар семьясының, азық-аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің таражға түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғануына (патронатына) берілуі. Ол үшін кедейлер өздерінің «қорғаушыларына» тиісті алым-салық төлеп отырған. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болды.

Өндіргіш күштің өсуіне, өндірістік тәсілдің дамуына байланысты коммендациялық қанау түрі де өзгеріп отырған. Малсыз, жерсіз қалған шаруалар, кедейлер үстем тап өкілдерінің тәуелділігіне толық түсіп отырған. Олар өздерінің «қорғаушыларына» алым-салықпен өтей алмаса, өздерінің борыштарын жауынгерлік қызметпен немесе жұмыспен өтеген.

Сонымен жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен бұрыңғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы болып қоймай, олардың дамыған жалғасы екендігін көрсетеді. Олай болса бұл кез (X-XII ғғ.) Қазақстанның Өңтүстік және Оңтүстік-шығыс аудандарында феодалдық қатынастың қалыптасып болғандығына толық дәлел.

 

11 сұрақ –жауабы: Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.) Қыпшақтар туралы алғашқы хабарҚытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.

12 сұрақ-жауабы. Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. ҚидандардыңЛяо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.X—XII ғасырдың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монголия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтарды мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде XI ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты алып жатқан.Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Моңғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын, дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.Шаруашылық-экономикалық құрылысы. Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты болған. Қысқа пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды. Деректемелер жалайырлардың, наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген. Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы болмайынша далада шаруашылық жүргізу мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда мінер аты болды. Көшпелілер оның етін жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды. Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер, жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып отырды.

13 сұрақ-жауап. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

14-сұрақ-жауап. Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығыныңханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғызҚарашораұлы Көкім, қарақалпақСасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.[


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 1928 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Соңғы палеолит. | Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). | Мәдениеті | Түргеш қағанатының қалыптасуы | Орналасуы. | Саяси тарихы. | Шаруашылығы. | Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары | Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. | Оғыздар Қазақстан аумағында |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кімет ұймы-мемлекеттік қурылым.| Жеті жарғы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)