Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төлеңгіттер

Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратын старшындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады.

Лдар

Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.
Қазақтар өз тайпаластарын құл етіп ұстамаған. Құлдар төлем орнына да, ұзатылған қыздың жасауына қоса берілетін құл не күң орнына да жүре беретін. Ат жарыстары кезінде жүлде ретінде бәйгеге де тігіле алатын. Құлдың құлағын кесіп ен салатын. Құлдың шағым айтып, бидің алдына баруына да, куә ретінде сотқа тартылуға да қүқығы жоқ болатын. Егер сатып алынған күң ислам дінін қабылдап, қазаққа ерге шығатын болса, оған бас бостандығы толық берілетін. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес қазақтардың құл ұстауына тыйым салынды. Құлдардың қазақтармен араласып ағайындас болып кеткен кейінгі ұрпақтары толық бас бостандығын алған. Олардың біразы төлеңгіттердің қатарын толықтыра түскен, бірқатары дала қазақтарының «асырап алған балаларына» айналып кеткен.

Жауабы:.Жанқожа Нұрмұхамедұлы


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 550 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 2 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 3 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 4 страница | Жауабы:Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). | Хантұсындағысыртқысаясат | ТМД-ның Қазақстанға әсері | ТМДмемлекеттеріменинтеграциялықпроцестері | Көтерілістің шығу себептері | Жауабы:.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы | Азақтардың қоныстануы мен жалпы саны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сұлтандар| Мірбаяны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)