Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 4 страница

Читайте также:
  1. Contents 1 страница
  2. Contents 10 страница
  3. Contents 11 страница
  4. Contents 12 страница
  5. Contents 13 страница
  6. Contents 14 страница
  7. Contents 15 страница

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылар басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30 жылдарыңда бұл жүйе өзгере бастады, султандардың рөлі арта түсті. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүзден батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарынды -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары- султандар билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай бір қатар жаңа өзгерістерді енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып тастап отырды.

Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар... ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен султандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттіқ машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты.

 

Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

4. Абылай хан мирасқорлары билік еткен кезеңдегі Орта жүз аумағындағы саяси жағдай. (XVIII ғ. аяғы- XIX ғасырдың басы).

Уәли хан билік еткен жылдардағы Орта жүз.

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады. Ол ақыр аяғында қазақ хандығының саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты. 1768 – 1774 жылдардағы орыс–түрік соғысының барысында Россия әскерлері Қырым мен Ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Россия Алтын Орданың мұрасына және Евразияның барлық халықтары арасындағы басты рольге жекедара дәмелене бастады. Бұл Россияның Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық саясатын жеңілдетті.

1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін күздігүні қазақ қоныстарында оның үлкен баласы Уәлиді хан жариялауға дайындық басталды. Онан басқа хан атағынан Барақ, султанның баласы Дайыр және Кіші жүз ханы Батырдың баласы Құдайменді султан дәмеленді. Уәли султан таққа басқа үміткерлерді жеңіп, 1781 жылдың желтоқсаныңда Ханбаба султанның ауылында Цин елшілерінің, султандардың қатысуымен хан жарияланып, ақ киізге көтерілді. Сол жерде Абылайға ас берілді. Сайлау рясіміне әр түрлі қазақ руларының бес жүзден өкілі қатысты, соның ішінде орыс елшісі Чугаловта болды. 1782 жылдың басында Уәли Петропавл бекінісіне барып, Россияға адалдыққа ресми түрде ант берді және оны Россия әкімшілігі таныды.

Уәлидің бір мезгілде Россияға да, Қытайға да ант беруінің өзі әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетеді. Дегенмен де, оның билігі Абылай ханның қолында болғанындай абсолютті билік болған жоқ. 80-жылдардың басында қаракесек және төртуыл руларында Барақ султанының баласы Дайыр хан болып жарияланды. Оны Нура өзенінің бойында арғың руларын басқарған Бөкей султан қолдады.

Дайыр хан 1786 жылы өлді және оның інісі Бөкей сайлануға қол жеткізе алмай, өз иеліктеріне султан атағымен билік ете берді. XVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде екі хан Уәли мен Ханкөже (Барақ султанның баласы) калды.

Уәли ханның ішкі саясатын шекаралық шепке жақын жерде көшіп жеретін султандар мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыстарды жақтайтын пиғылдарды да қиындата түсті. Соңғылары патша әкімшілігіне ханның озбырлығы мен қысым көрсетуіне жиі шағым жасайтын. Нәтижесінде шекарада тұратын қазақтар, орыс иеліктеріне көшіп кетіп отырды. 90 жылдырдың басында Уәли Оңтүстік Қазақстанда бақылау жасаудан айырылады және Жетісудің өз бауырлары Сүйік және Әділ султандар билік еткен бөліктерінде ғана оның билігі сақталып қалды. Ханның 1785 жылы қырғыздармен соғысы осы аймақтағы тағы бір сәтсіз сыртқы саяси әрекеті болды.

Уәлидің Цин империясымен қатынастары неғұрлым тұрақты болып, үнемі елшіліктер алмасып отырды. 1800 жылы ханның өтініш бойынша император Цзяцин Ғаббас султанды Уәлидің мирасқоры деп ресми түрде таныды. Ғаббас Уәлидің тірі кезінде өлді, оның басқа балалары не жас болды, не айтарлықтай беделі болмады. Хан билігінің әлсіреуі орталық Қазақстанның қазақтарының 1816 жылы Бөкейді өз билеушілері деп жариялауына әкеп соқты, оны орыс үкіметі ресми түрде танып, сол арқылы Уәлидің Орта жүзге ықпалын әлсіретуге тырысты. Бөкей хан 1819 жылда қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Шыңғыс сайланды, алайда оның Нураның жоғарғы ағыстары мен Қарқаралы және Кент тауларының төңірегінде көшіп жүретін бірнеше қауымдарға ғана билігі жұрді. СоныменХІХ – ғасырдың бірінші ширегінде Орта жүзде Уәлиден басқа, оның билігіне таласқан тағы да үш хан болды. Уәли өзінің баласы Ғұбайдолла султанды мирасқоры деп жариялап, 1821 жылы қайтыс болды.

Уәли хан мен оның бақталастары билік етуінің негізгі қорытындысы қазақ хандығының жалпы әлсіреуі еді. Басқарудың үлестік жүйесіне көшу- султандар ықпалының өсуіне, ал XVIII аяғы-ХІХ ғасырдың басында орталық биліктің бөлшектенуі іріткі салу сарынның күшеюіне және мемлекеттің іс жүзінде ыдырауына әкеп соқты. НәтижесіндеХІХ ғасырдың 20-жылдарыңда Россияның Орта жүзде хан билігін жоюға әрекет жасауына және қазақтарды тәуелсіздігінен айырып, Қазақстанды Россия империясының бір бөлігіне айналдыратын әкімшілік реформалар жүргізуіне мүмкіндік берды.

59-жауабы: Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.

1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 – 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. – 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 – 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтің батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 – 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңт. аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 – 56 ж.) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 – 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 – 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті (қ. 4-кесте).

1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.

Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесі 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды (қ. 3-кесте).

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статист. мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары – Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте).

Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары) (қ. 2-кесте).

Әдетте қазақтар көбінесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесі 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жетті. Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда – 1258500, Моңғолияда – 83000, Ауғанстанда – 28000, Түркияда – 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерінде – 2500, Германияда – 700, Жапонияда – 400, Австралияда – 400. Бельгияда – 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда – 20, Кубада – 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге Францияда – 172, Швецияда – 51, Пәкстанда – 36, АҚШ-та – 23; Австрияда – 18, Швейцарияда – 4, Данияда – 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде – 687800, Түрікменстанда – 87600, Қырғызияда – 42600, Украинада – 10500, Тәжікстанда – 10000, Әзербайжанда – 4000, Грузияда – 3000, Молдовада – 2000, Арменияда – 500, Беларусьте – 300 адам тұрады.

Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 – 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 – 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі 6,1%. Орташа арифмет. жас – небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлігі жастар мен балалар.

Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жетті. Соңғы он жылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерінің үлесі 67%. Экономика салаларында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және арнаулы орта білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта білімділер тиісінше 234 және 296 болды.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазіргі кезде 3455 мектеп мемл. тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тілінде – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде – 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады әрі қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 ж. – 72,4%, 1993 ж. – 88,2%, 1995 ж. – 88,0% болды;


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы | Жауабы:. Қазақ хандығының құрылуы. | Сұрақ-жауап:)Қ Р басқару формасы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі | Сұрақ-жауабы:)Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы | Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 1 страница | Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 2 страница | Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 3 страница | Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 4 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 1 страница | Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 2 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жауабы:Патша өкіметінің көші-қон саясаты 3 страница| Жауабы:Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)