Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сызба 9. Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  3. Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
  4. Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
  5. Дәріс. Беттік-активті заттардың гидрофильді-липофильдік балансы, оны анықтау жолдары. ГЛБ-ны анықтаудың Дэвис, Гриффин әдістері.
  6. Зақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
  7. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

· Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.

· Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.

· Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

· Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

· Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.

· Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

· Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.

· Материалдық қорларды бағалау әдістері.

· Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

· Курстық айырманы есептеу.

Ф. №2 негізделіп «Кірісі мен шығысы туралы есеп» есеп беру кезеңінде пайдаланылмаған кірісті есептеу соның ішінде салықты анықтау, кәсіпорынға төленуі кірісте салықты төлеуге дейінгі төленуі; Excell жүйесінде есептеу белгілерін жүргізу.

Қазақстан Республикасы өзінің 16 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.

Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едәуір орын алады (тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2013 ж)..Бұл салықты мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салықрежімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді. Мыналар: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға- бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. Салық салынатын табыс Салықтық кодексте көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтың табыс пен салықтық іиегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жылдық жиынтық табыс (ЖЖТ) әр түрлі көздерден алынған заңи тұлға- бейрезиденттердің жылдық табысы болып табылады.
Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа тек бір рет кіріктіріледі. Алынған ЖЖТ түзетілуі, яғни салық төлеушілердің бұл табысынан белгілі бір сомалар алып тасталуы тиіс.
Салық салынатын табысты айқындау үшін түзетілген Жылдық жиынтық табысдан шегерімдер жүргізіледі. Салықтың шегерімдер деп салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады. Салықтық кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған кызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарысалық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген халық аралық каржылық есептеменің стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ндірістік өнімді есептеу. | Кесте 16. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС – ндегі дайын өнім бойынша операциялар есебі. | Кесте 17. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің пайда мен зиян туралы есебі. | Кесте 18. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің жұмысының тиімділігін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштерін талдау | Кесте 19. Есеп берудің мәліметтері мен пайдалылығы | Компаниядағы қаржылық талдау. Қаржылық коэффициенттердің жүйесі.Шығынсыздық талдау. | Аржылық жоспар. Бюджеттеу. | Тауарлы – материалдық қаражатты басқару. | Модуль 5. Қаржылық нәтижелер және баланстың құрылым бағасы. | Есеп және талдау өткізу, қазіргі ағымдағы өтімділік және коэффициенті қамтамасыздандырылған құрал. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақша қаражатының айналымдылық коәффициенті.| Сан және сапа әдіс тәсілі арқылы ұйымды басқару тиімділігін бағалау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)