Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көріну ерекшелігі

Читайте также:
  1. Ауыл жастарының өмірге төзімділігінің көріну ерекшеліктері
  2. Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі
  3. Ық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігі

Орындағын: С.Б.Тлеулесова

Жетекшісі: аға оқытушы Г.М. Берекбусунова

Зерттеу мақсаты: үлкен мектепке дейінгі жастағы балалардағы өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшелігі.

Зерттеу объекті: үлкен мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасы.

Зертеу пәні: өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшелігі.

Зерттеу болжамы: үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларда өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшелігі мен өзін-өзі бағалаудың дамуы деңгейінің арасында белгілі-бір тәуелділік бар.

Зерттеу міндеттері:

1) теоретикалық талдау негізінде шет елдік және отандық психология-дағы өзін-өзі бағалаудың дамуы проблемасына қатысты негізгі теоретикалық ықпалдарды анықтау;

2) үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларда өзін-өзі бағалауды зерттеу-дің әдістемелер кешенін таңдау және қолдану;

3) үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларда өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшелігін анықтау бойынша эмпирикалық зерттеуді жүзеге асыру.

 

Зерттеу әдістері:

1) В.Г. Шурдың «Лесенка» әдістемесінің көмегімен баланың өзін-өзі бағалауын зерттеу;

2) А.М. Прихожан, З. Василяускайтенің «Өзіңді сал» немесе «Нарисуй себя» әдістемесі;

3) оқушыларға арналған социометрия әдісі - «Екі үй» тесті;

4) үлкен мектепке дейінгі жастағы балалардың жетекші іс-әрекет барысында өзін-өзі бағалауының көріну ерекшелігін бақылау.

Зерттеу базасы: Өскемен қаласының № 1 қазақ орта мектебі. Зерттеуге үлкен мектепке дейінгі жастағы 33 бала қатысты (бес жарымнан жеті жас аралығында).

Негізгі нәтижелері мен қорытынды

Зерттеу нәтижелерін қойылған болжаммен теңестіре отырып біз қойылған міндеттерді толықтай жүзеге асырдық деп айта аламыз.

Алынған фактілер біздің болжауымызды дәлеледі: үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларда өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшеліктері мен өзін-өзі бағалаудың даму деңгейлерінің арасында белгілі-бір тәуелділік бар.

Атап өтетін мәселе - өзін-өзі бағалау мектепке дейінгі жастағы негізгі жаңа құрылымдардың бірі болып табылады және де үлкен мектепке дейінгі жаста келесі негізгі бағыттар бойынша дамуда:

- бала бағалайтын тұлға сапаларының саны және іс-әрекет түрлері ұлғаяды;

- өзін-өзі бағалау жалпыдан дифференциаиялаған түрге өтеді;

-өзін уақыт барысында бағалау пайда болады, бұл болашаққа сілтеулерден байқалады.

Біз зерттеумізде келесіні анықтадық - өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшелігі төмен, адекватты және жоғары деңгейлі балаларда бірнеше критерийлер бойынша ажыратылады.

Біз, эмпирикалық зерттеу нәтижесі бойынша, өзін-өзі бағалаудың негізгі айрықша ерекшеліктеріне жатқыздық: ойын барысында бастамашылдық таныту; басқа балалардан ойын сипатындағы ұсынысты қабылдау; рөлді өзі таңдау; рөлді атқару сипаты (негізгі, қосымша); басқа балаларды сынау, оларды түзету; балаларда қақтығыстық жиілігі және олардың өз әрекеттерін өзгелердің түзетуіне қатысты реакциялары (негативті реакция, қалыпты реакция).

Сонымен, біз келесі болжамды ұсындық және оны дәлелдедік: үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларда өзін-өзі бағалаудың көріну ерекшеліктері мен өзін-өзі бағалаудың даму деңгейлерінің арасында белгілі-бір тәуелділік бар.

Тәжірибелік маңыздылығы

Эмпирикалық мәліметтер нәтижелерін үлкен мектепке дейінгі балалармен өзін-өзі бағалауды жоғарлату мақсатында сабақты жүргізу барысында педагог пен психорлогтарға ұсыныс және кеңес ретінде қолдануды ұсынамыз.

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Детско-родительские отношения в многодетных семьях | Жеткіншектердің өзіне деген қатынасын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу | Толық және толық емес жанұялардан шыққан оқушылардағы әке бейнесі | Психологическая готовность отцов к рождению первого ребенка | Отношение к конфликтам в семье как способ их разрешения | ПСИХОЛОГИЯ В ОБРАЗОВАНИИ: СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ СРЕДНЕЙ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ И ДОУ | Психолог-студенттердің жетістікке жету мотивациясы мен өзін-өзі реттеуінің өзара байланысын зерттеу | Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсері | Динамика представлений о ценностях у младших школьников | Психолог студенттердің мансап туралы көзқарастарының ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теоретический анализ психологической литературы по проблеме;| Кіші мектеп оқушысының стрессті сезіну динамикасы мен феноменологиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)