Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

Читайте также:
  1. ОРЫТЫНДЫ
  2. Орытынды 1 страница
  3. Орытынды 2 страница
  4. Орытынды 3 страница
  5. Орытынды 4 страница
  6. Орытынды 5 страница

Санитарлық ағартудың негізгі тақырыптары:

§ Тамақтану

§ Салмақты түсіру

§ Шылым шегу

§ Алкоголизм

§ Наркомания

§ Спортпен шұғылдану

§ Ұйықтау және дем алу

§ Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың алдын алу

§ Эмоционалдық жағдайды жеңу

Денсаулықты сақтауға байланысты маңызды кеңестер:

§ Шылым шегуді тоқтату

§ Ішімдік ішуді азайту – ер адамдар үшін тәулігіне 30 мл, ал әйелдерге – 20 мл аспайды, ішімдікі аптасына 3 реттен артық қолдануға болмайды.

§ Кофені ішу мөлшерін азайту – тәулігіне 3 шыныдан аспайды

§ Дене жаттығуларын үзбей жасау – аптасына 3 рет 30 минуттан

§ Холестерин деңгейін төмендету – 210 мг % дейін

§ АҚ қалыпты деңгейін ұстау, дене массасының индексін 20-25 кг/м2 шегінде сақтау

§ Майларды, жылдам сіңірілетін көміртектерді және ас тұзын пайдалануды азайту

§ Эмоционалдық қолдау көрсететін достармен араласу

§ Сезімдерін еркін көрсете білу

§ Біреумен болсын өз қиындықтарыңызды талқылау

§ Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту

§ Ішімдік ішкенде, ашу немесе алаңдау үстіне көлік жүргізуден бас тарту

§ Гинекологқа қаралу, матка мойнынан алынған жағындыны әр 2 жыл сайын цитологиялық зерттеу

§ Кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту, презервативті қолдану

Сырқатты емес науқасты емдеу

Қазіргі медицинаның маңызды жағы – науқасты қарау мен емдеудің біртұтастығында. Толық диагноз екі құрауыштан тұрады – сырқатының даму тарихына жазылатын сырқаттың диагнозынан және емдеуді тағайындау кезінде ескерілетін науқастың жеке басының қасиеттерінен.

Сырқаттың диагнозын анамнездің, физикалық, инструментальдық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қояды. Сырқат диагнозы патологиялық жағдайларын анықтау арқылы ғана қойылады, ал науқастың жеке басының қасиеттері:

Науқасты емдеу

Психологиялық қолдау көрсету

Науқас дәрігерге сенім білдіурге болатынын сезінуі қажет. Ол үшін оны толғандыратын барлық сұрақтарға мән беріп, физикалық зерттеулерді мұқият жүргізіп, науқасқа ауруы бойынша жәрдем ақы алуына және т.б. құжаттармен байланысқан күрделі процедураларды рәсімдеуіне көмектесу керек. Дәрігер науқасты тыныштандырып, оған оның сырқатының емделетінін, оған кемтарлық және рак қаупі төнбейтіндігін түсіндіруі керек.

Мынаны естен шығармау керек: жедел ауру науқасты қауіптендіреді, ал созылмалы ауру – салғырттандырады.

Науқасты сауаттандыру

Емдеудің маңызды кезеңі – науқасқа сырқатының себебі жайлы түсіндіру. Оны толғандыратын сұрақтарды талқылап, сырқаттың жұбайлық қатынасқа әсері жайлы әңгімелеседі.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Шараны орындау | Ауыз қуысын тазалау | Лақтарды тазалау | Дене қызуы көтерілген науқастарды күту | Ақуыздар | Көмірсулар | Дәрумендер | Тамақтандыру тәртібі | Сауықтыру тағамдарын ұйымдастыру | Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауыр науқастарға және олардың туыстарына көмек| ГЕПАТИТЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)