Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

Читайте также:
  1. Орытынды
  2. Орытынды 1 страница
  3. Орытынды 2 страница
  4. Орытынды 3 страница
  5. Орытынды 4 страница
  6. Орытынды 5 страница

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағанына да жиырма жылдың шамасы болды, осы уақыт аралығында құқықтық реформа толығымен қалыптасты десекте болады. Өйткені заңды тұлғалардың ең тиімдісі әрі қолайлысы акционерлік қоғам деп өз пікірімді білдіремін.

Акционерлік қоғам – коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны.

Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстарытек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (ҚРАК-ның 85-бабының 5-тармағы). Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.

Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді.

Акционерлерді өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады [45, 32 б.].

Ашық қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи жөне кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Ашық қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін (АК-ның 85-бабының 3-тармағы).

Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің контрагенттермен қатынастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады.

Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г.Басин.

Зерттеу нәтижесін мынадай негізгі тұжырымдар мен ұсыныстармен қорытамыз:

- акционерлік қоғамның қазіргі кездегі жай-күйі, өсуі, құрылымы, қозғалысы анықталды;

- акционерлік қоғамдар зерттеу объектісі ретінде зерделенді;

- акционерлердің жекелеген түрлері ажыратып алынды;

- заңды тұлғалардың ең тиімдісі акционерлік қоғамдар екендігі дәлелденді.

Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны – ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекет ұлттық компаниялардың қандай жариялық-құқықтық нысанға өзгеруі керектігін шешуі тиіс [2, 12 б.].

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Анықтамалар | КІРІСПЕ | Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері| ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)