Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақуыздар

Жасуша және оның маңайындағылар негізі болады. Ақуыздар (грекше «протос» - бірінші бастамшы) - негізгі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% кепкен заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша жасау үшін адам ылғи ақуызға зар болады. Адам ағзасына олар азоттың жалғыз қайнар көзі болады. Фермент, гормондар ақуыздан құралған, тұқымқуалаушылық ақпаратты беруіне, жасушаның тыныс алуына, бұлшық еттің жұмысына қатынасады, оттегі тасымалдаушы, ағзаны микроб пен вирустардан қорғайды. Ақуыздар көбінесе 20 аминоқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін.

Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады. Әр түрлі тағамдардың да ақуыздар аминоқышқыл құрамы әр түрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқылдармен жетістіру үшін тағамдардың кең ассортиментін қолдану жөн.

Сол арқылы ағза ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдерден толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әр түрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдар жеткізуге болады (сүтті ботқа, тары ботқа, көкөністермен). Ақуыздардың тағамда жетіспеуі, ағзадағы тапшылық әр түрлі патологиялық процесс тудырады. Артық ақуыздар ағзаны қалжыратады, алмасу процесін бұзады, ішектегі шіріту процесін тездетеді, бауыр мен бүйрек жұмысының қуатын арттырады.

Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы - тәулік бойынша 1-1,5дене мөлшеріне тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1 г аздау болады. Ақуыздың қажеттілігі физикалық, жүйкемен көңіл-күй жағдайы ауырлағанда, тоңғанда, қызғанда көбеюі мүмкін.

Липидтер (майлар)

Энергия қайнар көзі болып саналады.

Адам өмірінде майлардың физиологиялық рөлі зор. Олар жасуша құрамына кіреді, жасушаны қалыпты өмір сүруіне қатынасады, жартылай қор бойынша май деполарында жатады: тері астындағы клетчаткада, шарбыда (сальник), жұмсақ қосылысқан ұлпаларда, ішкі ағзада қорланады. Тері астындағы май қабаты адам денесін механикалық әрекетінен, тоңудан сақтайды, ішкі ағзаларды қоршап дұрыс қозғалыста болуын, соғып алудан, шайқалудан қорғайды. Егер ағзада көмірсулар жетіспесе немесе оның калориясы төмен болғанда, май қоры ең бірінші жоғары энергетикалық зат болып жұмсалынады.

Майлар (май ертінділер, дәрумендер, витамин Д) ақуызды сіңіруін, қалқанша безінің жұмысын белсенді етеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін, тамақтың дәмін, тойынған сезімді шақырады. Төмен температурада еритін майлар (өсімдік майлары, балық майы, т. б.) жоғарғы температурада еритін майларға (ірі қара майы, қой, шошқа, т.б.) қарағанда, эмульгацияланған майлар (сүт, сүт майы, т.б.) жақсы сіңеді. Майлар қаныққан және қанықпаған болып екі топқа бөлінеді. Өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, соя) көбінесе қанықпаған майлардан құралған, ал жануарлар майлары (ірі қара мал, шошқа, қой) - көбі қаныққан майлар. Майлардың ағза үшін биологиялық құндылығы көбінесе майлы қышқылдардың жоғары қаныққан емес мөлшерде болуымен анықталады, олар үшеу. Олар ағзада түзілмейді, сондықтан тамақтанудың таптырмас факторы болып табылады. Жоғары қаныққан майлар тотықты-жасанды процеске қатысады, қантамыр қабықшасының эластикалығын азайтады, холестеринді майлы қышқылға ыдыратқыштығын белсендіреді, өт бөлуін, ішек перестальтикасын жүйелейді. Қанықпаған майлар негізгі жеткізуші өсімдік майлар, кейбір жануарларда (құс, балық майы, сүйек миы майы) болады. Майларға 28-30 % калориялық тәулік рационы жатады. Қарт адамдарда майдың қолданылуы тәулік барысында азаяды. Суық климатта май қажеті өседі, ал ыстық климатта азаяды. Тәулік бойына 30% өсімдік, 70% жануар майларын пайдаланған жөн. Тамақтануда майдың көптілігі де, аздығы да адамға әсер етеді. Майды қолдануды азайтқанда дене салмағы жеңілдейді, қорғаныс күші төмендейді, өсуі тоқтайды. Майларды көп қолдану жағымсыз әсерін тигізеді - алмасу процесі бұзылады, түрлі аурулар туады (атеросклероз, диабет, т.б.).


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 418 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу | Шараны орындау | Ауыз қуысын тазалау | Лақтарды тазалау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дене қызуы көтерілген науқастарды күту| Көмірсулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)