Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Артериялдық қысымды өлшеу

Жүректiң жиырылуы кезінде артериалды жүйеде пайда болатын қысым артериялды деп аталады. Ол күрделi нервтi-гуморалды реттеу механизмдерiне, жүрек лақтырысының көлемiне және жылдамдығына, жүрек жиырылу жиiлiгiне, ырғағына және тамырлық тонусына байланысты болады.

Систолалық және диастолалық қысымдарды ажыратады. Систолалық қысым қарыншалар систоласынан кейiн пайда болады. Қарыншалар диастоласында артерия тамырларындағы сақталатын қысым диастолалық деп аталады.

Систолалық және диастолалық қысымдар айырмашылығы пульстiк қысым деп аталады. АҚ адамның жасына, сыртқы орта жағдайларына, нервтi және физикалық жүктемеге байланысты болады.

АҚ жоғарлауы артериялды гипертензия (немес гипертония), ал төмендеуi гипотензия (гипотония) деп аталады.

Мақсаты: АҚ көрсеткiштерiн анықтау және зерттеу нәтижелерiн бағалау.

Көрсеткiштер: дәрiгердiң тағайындауы бойынша.

Жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, көк қаламсап, температуралық бет, 700 спирт, мақта домалақтары.

Процедураға дайындық:

1.Науқасқа болатын процедура жайлы 15 минут бұрын хабарлау.

2.Науқасты ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу

Процедураны орындау:

1.Науқастың қолын алақанымен үстiге қаратып қою.

2.Манжетаны қажеттi көлемге келтiру.

3.Манжетаны иыққа шынтақ бүгiндiсiнен 2-3 см-ге жоғары орнату, бiлек пен манжета арасында бiр саусақ өтетiндей кеңiстiк болу керек.

4.Монометрдi манжетаға орнату.

5.Монометрдегi шкала ‘’0’’ белгiсінде тұру керек.

6.Шынтақ ойығында пульсацияны фонендоскопты қойып анықтау.

7.’’грушаның’’ вентилiн жауып, ауаны монжетаға шыбық аретмиясында пульсация жоғалғанша (+20-30мм.сын.бағ) жiберу.

8.Вентилдi ашып, ауаны бiртiндеп шығару. Монометрдi бақылау.

9.Пульс толқынының бiрiншi соққысын систолалық АҚ-ға сәйкес келедi.

10.Олардың жоғалуы диастолалық АҚ-ға сәйкес болады.

11.Манжетадағы ауаны толық шығару.

Процедураның аяқталуы:

1.Монжетаны шешу.

2.Монометрдi чехолға салу.

3.Фонендосоп басын 70% спиртпен екi рет сүрту.

4.АҚ мен пульс қысымдар нәтижелерiн бағалау.

5.Көрсеткiштердi науқасқа хабарлау.

6.Нәтиженi температуралық параққа тiркеу (алымында-систолалық қысым, бөлiмiнде-диастолалық)

 

Тәулiктiк диурезiн өлшеу және су балансын анықтау

Диурез деп зәрдiң түзiлуi мен шығарылын айтады. Тәулiк бойы шығарылған зәр көлемi тәулiктiк диурез деп аталады.

Ересек адамдардың тәулiктiк диурезi 800мл-ден 2000мл-дi құрайды. Ол науқастың жасына, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығына, тамақтануға, физикалық жүктемелерге, т.б факторлаға байланысты болады. Тәулiктiк диурез iшiлген сұйықтықтың 75-80 құрайды, ал қалған 20-25 терiмен, деммен және нәжiспен шығарылады. Тәулiктiк су балансы-бұл тәулiк бойы iшiлген сұйықтық пен шығарылған сұйықтық арасындағы қатынас.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 385 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп | Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау| Шараны орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)