Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы

Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар

кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.

Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды. Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы - ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.

Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:

- Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;

- Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;

- Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;

- Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.

Қарыз капиталдардың бірінші және негізгі қайнар көзі болып табылатын қайта өндіру процесінен шығатын қаражаттар, яғни олар өздерінде ақша капиталын жинап отырады.

Қарыз капиталдың екінші қайнар көзі болып рантье капиталдары (ақша капиталистердің) табылады. Олар капиталистер өзінің байлығын өндіріске салуды және одан пайда алуды жөн көрмейді, сол капиталды басқа капиталистерге немесе мемлекетке қарыз беру арқылы пайда алу дұрыс деп санайды және осыдан бастапқы қарыз капиталын қайтару шарты бойынша ссудалық пайыздар арқылы пайда табуды көздейді.

Ссудалық капиталдың қалыптасуының үшінші қайнар көзіне несиелік ұйымдарға өздерінің түскен табысын және жинаған ақша қорларын салып жүретін қалған несие берушілер бірлестігі жатады. Солардың қатарына зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік бюджеттің уақтша бос ақша қаражаттары, жиналымдар және басқа институттардың, әртүрлі кластардың табысы кіреді.

Қарыз капиталының құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

- Құнды бағалаудың базалық көрсеткіштерін қалыптастырудың қарапайымдылығы. Мұндай базалық көрсеткіштерге несие үшін процент формасында қарызға қызмет ету құны, облигация бойынша купондық ставка және т.б. жатады. Бұл көрсеткіш компанияның несиелік келісім-шарт талаптарында, эмиссиялық немесе басқа да міндеттемелер келісім-шарт талаптарында тікелей көрсетіледі.

- Салық корректорындағы қарыз капиталының құнын бағалау процесіндегі есеп. Қарызға қызмет ету төлемі (несиге проценттер және т.б.) өнім шығындарына (өзіндік құнға) кіретіндіктен, олар компанияның салық салу базасының мөлшерін төмендетеді.

- Кредиторлармен бағаланатын компанияның несиеқабілеттілігінің деңгейімен байланысты қарыз капиталын тарту құны. Кредиторлардың бағалауы бойынша неғұрлым компанияның неисеқабілеттілігі (яғни, қаржы нарығында оның несие рейтингісі) жоғары болса, соғұрлым осы компанияның қарыз капиталын тарту құны (несие және оның әртүрлі формалары бойынша төмен проценттік ставка – " прайм райт " – "біріншікласты қарызгерлер" үшін кредиторлармен белгіленеді) төмен болады.

- Қарыз капиталын тарту тек қарызға қызмет ету ғана емес, сонымен қатар осы негізгі қарыздың сомасын төлеу міндеттемелері бойынша ақша ағымдарының қайтарымдылығымен әрқашанда байланысты болады.Бұл қауіпті жағдайларға әкелетін қаржы тәуекелінің ерекше түрлерін генерациялайды (компанияның банкроттыққа ұшырауы). Компанияның ағымдағы кезеңіндегі төлемқабілетсіздік тәуекелін төмендетуде ұзақмерзімді несие және оның барлық формалары бойынша проценттік ставканың қысқамерзімдіге қарағанда әрқашанда жоғары болады.

Қарыз капитал құнының базалық элементтері:

1. Қаржы несиесінің құны

- Банктік несие

- Қаржы лизингі

2. Облигацияларды эмиссиялау есебінен тартылған капиталдың құны

3. Тауар (коммерциялық) несиенің құны

- Қысқамерзімді төлем уақытын ұзарту формасында

- Вексельмен рәсімделген ұзақмерзімді төлем уақытын ұзарту

4. Ішкі кредиторлық борыштың құны

Қарыз капиталының құны, банк несиесі түрінде келесі формула түрінде анықталады:

БНк = БНПм – (1-ПССм) / (1-БНКш)

БНк – банк несиесі түрінде қатыстырылған қарыз капиталының құны, %;

БНПм – банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі, %;

ПССм – пайдаға салынған салық мөлшерлемесі;

БНКш – банк несиесін қатыстыруға шыққан шығын деңгейі.

Қаржы лизингінің құны – қаржы несиесін қатыстырудың қазіргі түрінің бірі ол лизинг төлемінің мөлшерлемесі негізінде анықталады.

КЛМ = (Лм – Ажм) * (1-ПССм) / (1-КЛКш)

КЛМ – қаржы лизинг жағдайында қатыстырылған қарыз капиталының құны, %;

Лм – жылдық лизинг мөлшерлемесі, %;

Ажм – қаржы лизинг жағдайында активтерді қатыстыруға кеткен шығындардың деңгейі.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1522 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері | Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері | Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары | Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ | Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі| Арыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)