Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ

Читайте также:
  1. Выручка - нетто
  2. Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
  3. Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
  4. Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
  5. Переход от единовременной нетто-ставки к нетто-ставке при уплате страхового взноса в рассрочку
  6. Принципы расчета страховой премии в рисковом страховании. Основная нетто-ставка и рисковая надбавка.

4. Активтердің экономикалық рентабельділігі

Қаржылық нәтижелік көрсеткіштер:

EBIT― бұл көрсеткіш проценттер және корпоративтік табыс салығын алып тастағанға дейінгі пайда.

EBIT = Жалпы табыс ―шығындар ―амортизация

EBT― корпоративтік табыс салығына дейінгі табыс.

EBT= Жалпы табыс ―шығындар ―амортизация―проценттер

Таза пайда нормасы

ТПН = EBIT–КТС / түсім (өткізу)

ROA― активтердің рентабельділігі

ROA = EBIT–КТС / жалпы активтердің орташа құны

ROE ― меншікті капиталдың рентабельділігі

ROE = жай акция бойынша пайда / меншікті капиталдың орташа құны

ROI ― инвестициялардың баланстық рентабельділігі

ROI =салықтан кейінгі операциялық пайда / активтердің таза баланстық

құны (– Амор. аудар)

MVA― нарықтық қосылған құн

Нарықтық қосылған құн өнімнің құнынан материалдардың,энергияның құнын алып тастағандағы құны.

EVA― экономикалық қосылған құн.

EVA =(Жалақы қоры– капитал шығындары) *инвестициялар

PV― дисконттау коэффициентінен күтілетін табысты көбейту арқылы анықталады.

PV=DF* C1

NPV― таза келтірілген құн

NPV = PV ―қажетті инвестициялар

83)Қаржылық сауықтыру және корпорация қаржысын басқарудың дағдарысқа қарсы стратегиясы. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық шаруашылық іскерлігі нәтижесінде жауапкершілік принципі тауар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде және өндірістік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етуде кредиторлардың талаптарын орындай алмаған жағдайда, яғни кәсіпорын банкроттылыққа ұшыраған кезде жүзеге асады. “Дәрменсіздік” түсінігі кәсіпорынның тауарлар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде кредиторлардың талаптарын орындай алмағандығын, есеп айырысу шотында міндетті сақтандыру жарналары мен салықтарды төлеуге қажетті ақша қаражаттарының жоқтығын білдіреді. Төлемақы, пеня, неустойкатөлемегені үшін кәсіпорынды дәрменсіз деп атауға болмайды, яғни санкция сомалары кредиторлық қарыз болмайды. Банкроттылықтың пайда болу себептері: Басқа да көптеген құбылыстар сияқты банкроттылықтың да өз пайда болу себептері бар. Кәсіпорын іскерлігінің сәтсіз болуы –кәсіпорын мүлдем немесе тек әлсіз ықпалын тигізетін сыртқы (объективті) фактор мен тікелей кәсіпорын жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді ішкі (субъективті) фактордың өзара әрекетесуінің нәтижесі болып табылады.

Дағдарысқа қарсы басқару жағдайында қаржылық және инвестициялық стратегияның маңызды құрамды бөлігі кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру көзі болып есептелінеді. Инвестиция түсінігі - бұл ақша қаражатының, бағалы қағаздарды, басқадай мүліктерді, әрекет үшін, пайда табу әрекетінде белгілі бір объектіге салу.

Инвестицияларға әр түрлі факторлар әсер етеді:

факторы (инвестициялау – бұл негізінде табысты ағымдағы тұтынудан бас тарту, сөйтіп болашақта ірі көлемде табыс алу.)

- Инфляциялық – бұл тұрақты баға деңгейінің инвестор өз қаражатын белгілі объектіге инвестициялауға және оған қажетті тауарлар және қызметке бағаның өсуін күте отырып, бұндай бағаның өсуін компенсовать етуі керек, ондай ондай жағдай болмаған кезде оған инвестиция тиімді болмайды.

- Белгісіздік немесе тәуекел факторы. (тәуеклді инвестициялаудан күткен нәтижесі алмай қалу мүмкіндігімен түсіндіріледі.)

Инвестициялық қызметті қаржыландырудың келесі көздерден ажыратады:

Меншіктік инвестицияның ресурстары:

- Дамуға бағытталған таза пайда.

- Амортизациялық төлем

- Мүліктің шығынымен байланысты шығындарды жабуға сақтандыру сомасы

- Жабу кезеңі өтіп бара жатқан, ертеректе салынған ұзақ мерзімді салымдар

- Негізгі қаражаттардың бөлігін сату арқылы қайта инвестициялау

- Артық айналым қаражаттарын инвестициялауға жұмсау

Қарыз инвестициясының ресурстары:

- Ұзақ мерзімді банкттік кредиттер және басқадай кредиттік ресурстар;

- Компанияның облигацияларын шығару;

- Мақсатты мемлекеттік кредиттер;

- Инвестициялық лизинг

Тартылған инвестициялық ресурстар:

- Компанияның акияларын шығару;

- Инвестициялық сертификаттар шығару;

- Сырттан отандық және шетелдік инвесторларының жарғы қорына салым салу.

Барлық аталған инвестициялық ресурстардың төрт топқа біріктіруге болады:

1. бюджеттік қаржыландыру (бюджеттің барлық деңгейлерінен)

2. кәсіпорынның және ұжымдарының меншіктік жинақ қоры

3. шетел инвестииялары

4. халықтың жинаған қаражаты

Барлық деңгейдегі бюджеттен инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға пайдалану проблема туғызады. Егерде мемлекеттің қарызының өскендігін, салықтың нашар жиналатынын ескерсек, онда бюджеттен бағдарламаны инвестициялауға қаражаттың бөлінуі екі-талай.

Қазіргі кезде кәсіпорындарда меншіктік ресурстарды қорландыру (жинақтау) жүргізілмейді. Бүгінгі күнде кәсіпорындардың айналым қаражаттары 80% коммерциялық банктердің арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл дегеніміз кәсіпорындар тапқан табысының үлкен бөлігі екінші деңгейлі банктердің төлеуге кетеді.

Қазақстан кәсіпорындарына жоғарғы шығындар және өндірістің төмен рентабельдігі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың өсуі, құрал жабдықтардың өсуі, моральдық және тозуы салдарынан, инвестицияға қаражат жинақтауға қиыншылық туғызады.

Дағдарыс жағдайында инвестициялау мүмкіндігі:

Инвестициялау және инновациялау, әлбетте кәсіпорынның, тұрақты жұмыс істеу нәтижесінде іске асырылады. Бірақта сондай жағдайлар болуы мүмкін, айталық кәсіпорынды дағдарыстан шығару, оның қаржылық жағдайын түбегейлі жақсарту – инвестициясыз және инновациясыз мүмкін болмайды. Осыған байланысты тиімді инвестициялық жобалардың дағдарыс жағдайында кәсіпорынға қайсысы тиімді? Тиімді жобаларды таңдау! Қиыншылық жағдайда қалай қаржылық ресурстарды тартуға болады?

Инвестицияны жіктеуде ең бір қолданатын әдіс бұл инвестицияны қаржылық және нақтылы инвестицияға бөлу. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру әдісін қарастырғанда негізгі көңіл нақтылы инвестициялауға бөлінеді, өйткені олар стратегиялық дамуға ықпал етеді. Қаржылық инструменттерге қаражат салу (қаржылық инвестиция) кәсіпорын дамуына қосымша қаражат тарту әдісі ретінде қаралады.

Нақтылы инвестиция объектілеріне қарай келесіге салушы мүмкін:

А) негізгі қорларға (жер сатып алу, құрылыс жабдықтарын сатып алу, өнеркәсіптік инфрақұрылым жасау, негізгі капиталды ауыстыру, модернизациялауға)

Б) материалдық емес активтерге талап (мысалы интеллектуалдық меншіктілік – патенттер, авторлық құқық және т.б.)

Дағдарыстың және дағдарыс алдында кәсіпорынның жағдайы ірі көлемде негізгі қорларға ивестиция құюға мүмкіндігі болмайды.

Ал материалдық емес активтерге салу тез нәтиже береді.

Нақтылы инвестициялаудың функционалдық бағытын қарастыра отырып, оларды төмендегідей жіктейді:

· ықтиярсыз «вынужденное», әр түрлі стандарттар және нормативтерді қанағаттандырумен байланысты инвестициялау;

· негізгі өндірісті жаңартумен байланысты инвестиция;(ескі тозған қорларды ауыстыру)

· технологиялық процесстерді жетілдірумен байланысты ағымдағы шығындарды азайтумен байланысты инвестициялар;

· өндірісті кеңейтумен байланысты инвестициялау;

· жаңа құрылысты инвестициялау;

· жаңа тауарларға және рыноктарға инвестиция салу;

Ықтиярсыз инвестиция аты көрсеткендей, оның міндеттілігін көрсетеді. Егер де кәсіпорын бұндай инвестицияны жасамаса, онда ол банкроттыққа байланысты жойылады. Есептеп шығарылған негізгі қорлардың орнын толтыруға болатын инветицияны да ықтиярсыз инвестицияның қатарына жатқызуға болады, егер де бұл негізгі қорды сақтау кәсіпорынның стратегиясымен анықтаса.

Кәсіпорындардың нақтылы меншікті ресурстарының қорлануы жоқтың қасы. Бүгінгі күні кәсіпорындардың айналым қаражаттарының 80% коммерциялық банктердің кредиттері есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл дегеніміз кәсіпорынның тапқан пайдасының үлкен бөлігі банктер кредиттерін жабуға кетеді деген сөз. Қазақстан кәсіпорындарына өте жоғарғы шығындармен және өндірістің төменгі рентабельдігімен сипатталады. өндіріс қорлары және құралдары тозған, кәсіпкей мамандардың кетуі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың өсуі инвестициялық қорланудың нақтылы базасын қысқаруға әкеп соқтырады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері | Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары| ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)