Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы

Қаржылық бақылау -қаржы жүйесінің барлық буындарының қаржылық ресурстарын жасаудың,бөлудің және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, обьективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады. Тәуелсіздік қағидаты -мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу. Обьективтілік қағидат -бақылауды ҚР-ң заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандартына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау. Анықтық қағидат -бақылау нәтижелерін бух-к,банктік құжаттармен, бақылау обьектінің өзге құжаттарымен растау. Ашықтық қағидаты -бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ҚР Президентіне, Үкіметіне, маслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі. Құзырлық қағидаты -мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы. Жариялылық қағидаты -құпиялылық режимді,қызметтік,коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып,мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын негізгі міндеттерге мыналар жатады:1)шжс-ң қарамағындағы ақшалай ресурстарды (бюджеттік және меншікті қаржаттарды, банктік несиелерді, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;2)ұйымдардың және халықтың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерінің орындалуын тексеру;3)қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнім, қызметтер рентабельділігін арттыру жөніндегі ішкі өндірістік резервтерді анықтау;4)кәсіп-да, ұйымдарда, мем-к мекемелерде қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды, материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру;5)қаржылық тәртіпті бұзуларды жою және ескерту.Оларды айқындап білген жағдайда ұйымдарға,лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залалды өтеу қамтамасыз етеді.Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды. Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:1) жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік);2) қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б.). Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау.Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі.Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:1) Алдын –ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады.2) Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 333 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру | Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері | Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою | АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы| Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)