Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Анестезиология және реанимация
  4. Анестезиология және реанимация»_ каз
  5. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  6. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  7. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері

Шаруашылық субъектілерінің міндеттемелерін орындай алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі кәсіпорынды қайта ұйымдастыруға мәжбүр етеді. Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Банкроттықтың пайда болу себептері:

Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептеріне:

- нормативтік-құқықтық базаның, яғни қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерін реттеу заңнамасының жетілдірілмеуі;

- инфляция деңгейі;

- бағалы қағаздар нарығының қажетті деңгейде дамымауы жатады.

Шаруашылықты жүргізуге тікелей қатысты субъективті факторларға:

- банкроттықты уақытында болжап және одан келешекте сақтана алмау;

- жарнама, өтімділік жҥйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

- өндіріс көлемінің қысқаруы;

- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

- ақталмаған жоғары шығындар;

- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

- үлкен қарыздар және өзара төлей алмаулар кіреді. Кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мҥмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау және алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативтік-құқықтық базасы ретінде ҚР «Банкроттық туралы» Заңы қолданылады.

Аталған заңға сәйкес кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті тҥрде жасалады. Ал еріксіз түрде кредиторлардың немесе «Банкроттық туралы» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады. Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады. Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса ғана, банкроттық жайында ғана іс сотпен қаралады.

Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.

Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімділікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).

59)Корпорацияның қаржылық қызметінің міндеттері. Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы қызметін құрады. Қаржы қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.

Фирманың қаржы қызметінің міндеттері:

- тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;

-кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;

-шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;

-нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл қызметсіз мүмкін еместігі.

Қаржы қызметі біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да қызметімен тығыз байланысты.

Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы қызметінің алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды.

60)Корпорацияның меншікті капиталын құру саясаты. Меншікті капитал тиімділігін өлшеу критерилері Меншікті капитал қалыптастыру корпорацияның жалпы қаржы стратегиясының өндірістік-коммерциялық қызметін ақшалай ресурспен қамтамасыз ететін бөлігі болып табылады. Меншікті капитал: -меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтің қажетті мөлшерін құру; - меншікті капитал есебінен айналым активінің белгіленген үлесін құру мақсатында қалыптастырылады. Меншікті капиталды басқару оның жинақталған бөлігін ұтымды пайдаланумен ғана емес, сонымен бірге корпорацияның келешекте дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурсының меншік көзін құрумен де байланысты. Меншікті капиталды басқару процесінде оны қалыптастыратын көз ішкі және сыртқы көзге бөлінеді. Ішкі көзінің құрамына: бөлінбеген кіріс; меншікті капиталға негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау нәтижесінде қосылатын қаражат; өзге де ішкі көз кіреді. Сыртқы қаражат көзіне: қосымша үлестік капиталды жұмылдыру; қосымша акционерлік капиталды тарт; заңды тұлғаның және мемлекеттің тегін қаржылай көмегі; қарыз қаражатты меншікті қаражатқа конверсиялау; инвестициялық мақсатқа түскен мақсатты қаржыландыру қаражаты, өзге де сыртқы көздер жатады. Меншікті қаржы ресурсын қалыптастыру саясаты корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталмыш саясат мына негізгі сатылардан тұрады: 1) базистік кезеңде МҚР пайда болуы мен оны пайдалануын талдау; 2) алдағы кезеңде МҚР-на жалпы қажеттілікті анықтау; 3) түрлі көзден меншікті капитал тарту құнын бағалау; 4) ішкі және сыртқы көздің есебінен МҚР-дың барынша көп мөлшерін тартуды қамтамасыз ету; 5) МҚР пайда болатын ішкі және сыртқы көзді оңтайландыру. Меншікті қаржы ресурсын ойдағыдай қалыптастыру: 1) жол берілетін қаржы тәуекелін ескере отырып пайданың жиынын барынша көбейтуді; 2) таза пайданы дивиденд төлеуге және өндірісті дамытуға пайдаланудың ұтымды құрылымын; 3) компанияда тиімді амортизациялық саясатты әзірлеуді; 4) ұтымды эмиссиялық саясат қалыптастыруды немесе қосымша үлестік капитал тартуды қамтамасыз етеді.

61)Корпорацияның меншікті капиталының құрамы мен құрылымы. Меншікті капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның құрылуы барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет ету барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттар болп табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды,түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады. Жарғылық капитал – компанияның қызмет атқаруына қаржылық негіз болып табылады. Акциялар шығару арқылы жарғылық капиталды құру мақсаты компанияның қызмет етуіне қаражат жинау және өмірлік цикл шегінде үздіксіз қаржыландыру. Меншікті капиталдың екінші элементіне қосымша капитал жатады. Ол үш құрамдасқа жіктеледі: енгізілген қосымша капитал, қайта бағалаудың капиталы және жинақталған капитал. Меншікті капиталдың үшінші элементі – резервтік капитал. Инвесторлармен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен есеп айырысқанда қаражат жетпей қалса, осы капитал қолданылады. Яғни, шаруашылық қызмет шығыстарының орнын толтырып отыру Меншікті капиталға талдау жүргізгенде ұйым мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да ұйымның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Компанияның капиталы оның ең негізгі құрылу базасы болып саналады және құны материалды, бейматермиалды, ақшалай формада болады. Капиталдың қызмет нәтижесі сол комапния иелерінің қызығушылықтарының нәтижесін /пайданы алу және ұлғайту көрінісі. Жалпы компания капиталы түсінігі оның бірнеше түрлерін сипаттайды. Олар келесідей: 1.компания меншігіне қарай: өз меншігіндегі және сырттан алынған. 2.инвестициялау объектісіне қарай: негізгі және айналмалы. 3.өнірістік айналымдағы формасына қарай: ақшалай, өндірістік, тауарлы. 4.пайдалану мақсатына қарай: ссудалық, өнірушілік, спекулятивті. Компания капиталының пайда болуы шаруашылық субъектісі пайда болғаннан бастап іске асады. Осыған сәйкес кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын қалыптастырады. Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі. Корпорация қорларының қайнар көзінің біріне қосымша капиталдар кіреді.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 919 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ | Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері | Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері | Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері | Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері. | Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау | Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы. | Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны | Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент | Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері| АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)