Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.
  2. Ерекшеліктері
  3. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.
  4. Мектепке дейінгі білімді басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасы және құрылымы.
  5. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.
  6. Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері. 1-сағат.

Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе басқа оқу-тәрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін жүйешелер (подсистема) ретінде қарастыру қабылданған:

Дидактикалық, бұл жүйе өз ішіне сабақ және сабақтан тыс жұмыстарын қамтиды;

Тәрбиелік, үлкен жүйе бола тұрып, тәрбие жұмыстарын, отбасы тәрбиесін қамтиды.

МДҰ-ның әкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік;

Әкімшілік жүйенің қажеттігі-дидактикалық, тәрбиелілік, материалдық-техникалық, өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосу;

Басаруға тән сипат-юұл жұмысқа баршаның; әкімшілік, тәрбиешілер, ата-аналардың араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. МДҰ көптарапты байланысқа ие.

4.Басқарудың принциптері – басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.

Басқарудың жалпы принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия жатады.

Мақсаттылық принципі басқарудың бағдарламалы-мақсаттық мәнімен анықталады және әрбір кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің алдына айқын мақсатты қойғандығын ұйғарады. Бұл орайда мақсат нақты, жетуге болатын және деректі анықталған шекті болуы керек,сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді. Мақсаттылық принцип мақсаттарды қоюды ғана емес, сонымен қатар олардың қажетті ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда,мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын қамтамасыз/ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз буынғаназарды аударған жөн.

Басқарудың жоспарлау принципі бағдарламалы-мақсатты басқарумен байланысты және іс-қимылдың бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.

Құзыреттілік принцип пен жердің басқару объектісі бойынша білімнің болуынан/немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның құзыретті консультациясын дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен байланысты.

Басқарудың ажырамайтын принципі тәртіптілік, бұл басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек. Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз орындағанды ұйғарады.

Ынталандыру принципі ең алдымен материалдық және моралдық стимулдарды пайдаланудың негізінде еңбекті іс-жұмысқа сылтауратуды ұйғарады. Материалдық ынталандыру жұммыскерлердің еңбек нәтижесіне қарасты жеке экономикалық мүдделігіне негізделсе, ол моралдық негізінен жұмыскерлерге психологиялық әсер көрсетуден тұрады.

Иерархия принципі басқару еңбектің тік бөлінісін көрсетеді, яғни басқарудың сатыларын бөлінуін және басқарудың төменгі сатылардың жоғарыдағыларға бағынғандығын көрсетеді.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1193 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi | Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi | Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары. | Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі. | Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат. | Педагогикалық кеңестердің мазмұны | Педагогикалық кеңесті әзірлеу және өткізу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері. 1-сағат.| Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)