Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері. 1-сағат.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.
  2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.
  3. Мектепке дейінгі білімді басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасы және құрылымы.
  4. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.
  5. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
  6. Педагогикалық жағдаяттар

Жоспар:

  1. Сапа ұғымына анықтама.
  2. Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы
  3. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
  4. Басқарудың принциптері.

Дәріс тезистері:

1.Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: обьект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.

Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.

Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.

 

Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э.Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».

Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 720 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi | Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi | Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары. | Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі. | Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат. | Педагогикалық кеңестердің мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Педагогикалық кеңесті әзірлеу және өткізу.| Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)