Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары.

Читайте также:
  1. Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады.
  2. Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары.
  3. Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар

Жоспары:

1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.

2. Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.

3. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір-талас, т.б.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация (бейімдеу).

Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б. ұйымдастырады.

Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген. Бұл тұжырым кәсіптік бағдар жұмысын мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін жоққа шығармайды.

Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда, екінші кезең - V-VІІ, үшінші кезен - VІІІ, төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.

Бірінші кезең міндеті - мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Бұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат - оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.

Екінші кезең - жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс - белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат - белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кенес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болган жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр.

Үшінші кезенде – кәсіп пен мамандықты жан-жакты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама тандай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардын көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн.

Төртінші кезеңде - X-ХІ оқушылары өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы.

Қазіргі өндірістік кәсіпорындар және «Меншік туралы» заңға сәйкес мемлекеттік, жеке меншіктік т.с.с, кәсіп нысандары талаптарының бірі көпшілік арасында кәсіптік бағдарды жүргізу. Сондықтан, бұл жұмыс кәсіпорындарда, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, жүргізіледі. Мұның маңызы нарықтық қатынастар кезеңінде айта аларлықтай өсті, өйткені жұмыстың көлемі мен формалары әр түрлі. Алға қойылған нақтылы міндет кәсіптік бағдардың көлемін, ұйымдастыру мен басқару формасы мен жолдарын белгілейді.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті - оқьш жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы адамдарға халық шаруашылығының құрамы мен өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандыктың бүгіні мен ертеңін оның сан алуан сырларын жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.

Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, экскурсия, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін документ, стенд, альбом, фотосуреттер жұмыс үдерісі мен өнім шығару жағдайын, еңбек озаттарының үлгілі табысын баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсіпің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Оқушыларды өнеркәсіп орындарында нақтылы жұмыс істеуге араластыру және т.б., көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. Олардың негізгілері шеберханалар мен оқу-тәжірибе учаскілерінде жұмыс істеу, факультативтік оку, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.

Кәсіби насихат жұмысын, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, кино, баспа орындары арқылы да жүзеге асады.

Кәсіби кеңес - мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты - жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездеулер ұйымдастырады. Кәсіби кеңес жұмысын жүргізудін негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын, қабілетін, мүддесі мен мақсатын анықтау. Кеңеске келген адамдарға сол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін және білім беретін, оқуға дейінгі қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан-жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтар, медиктер, психологтар, социологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.

Кәсіби іріктеу - адамдардың денсаулығына, физиологиялық, психологиялық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты нақтылы мамандық бойынша жұмыс істеуге жарамды екендігін анықтау.

Кәсіби іріктеу - адамдардың мамандық таңдау құқын, еріктілігін және бостандығын жоққа шығармайды және жойып та жібермейді. Мамандық таңдау, нақтылы бір жұмысқа орналасуға адамдардың еріктілігі мен бостандығы ҚР Конститутциясында тұжырымдалған. Кәсіби іріктеу кәсіпті дұрыс тандап және қабілетіне сай жұмысқа тұруды дұрыс шешуге көмектеседі. Бұл профессиограмма жасау арқылы жүзеге асады.

Профессиограмма жеке мамандыққа қажетті талаптар: денсаулық, психологиялық, мінез-құлық, жалпы және кәсіби білім дәрежесін анықтайды.

Кәсіби адаптация (бейімдеу) осы жұмыстардың шешуші буыны. Ол таңдаған мамандықтары бойынша еңбек коллективіне келіп, үйреніп кету мерзімінде олар өз мамандығының мәнін шынайы түсінеді, еңбекке етене араласады, коллективті және өндіріс орнын біле бастайды. Жаңа жағдайға үйрену мерзімі орта есеппен 4-5 жыл. Бұдан кейін олар тұрақты маманға айналады. Жаңа жағдайға бейімделіп, тұрақты болу - жаңа келген адамды ұжымның қабылдауына байланысты. Егер ұжым өз мәнінде қабылдамаса, онда олар тұрақтамай жаңа орын іздей бастайды. Олай болса кәсіптік бейімдеуге көңіл бөлген жөн. Кейінгі кезде кәсіпке бейімделіп, үйреніп кетудің сан алуан жолдары мен формалары өмірге келді. Міндет - осыларды тиімді пайдалану.

Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары. Демек, мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт.

Екіншіден үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір өсе түседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлышындыратын болады және оны дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді.

Кәсіптік бағдар беруге сәйкес жүйелік тәсілдің әдіснамалық принциптері:

- кәсіптік бағдардың әрекеттерін кіріктіру;

- нақтылық;

- оңтайлылық пен тиімділік;

- кешенділік;

- ғылымилық;

- кері байланыс;

- жүйелілік;

- иерархиялық.

Кәсіптік бағдар беру жүйесі және оның негізгі құраушылары.

Иерархиялық принцип екі деңгейде қарастырылады:

- ұйымдастырушылық;

- функционалдық.

Оның біріншісі ұйымдық жұмыстарды, нормативтік құжаттарды, ережелерді белгілейді, ал екінші деңгейде оның әрбір құрылымда жүзеге асырылуы, функцияларды бөлу қамтамасыз етіледі және орындалады.

Иерархиялық деңгейде білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары сияқты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары түрінде жұмыс жүргізу орындалады.

Кәсіптік хабарлама жасау.

Мұнда халық шаруашылық салалары, өндіріс орындары, колхоз, совхоз, мекемелердегі әр түрлі мамандық пен мамандық иелері (мамандар) туралы хабар беру балып табылады.

Хабарлама жасаудың мақсаты – оқушылардың жалпы еңбек туралы білімін тереңдету мен кеңейту болып есептеледі.

Сондай-ақ, мамандықтардың бір-бірінен айырмашылығы және сол мамандықтарға халық шаруашылығының қажеттілігі туралы айтылады.

Осыған байланысты, оқу мамандар оқушыларға кәсіп туралы хабарлама беруде жергілікті жердегі негізгі кәсіпке байланысты беру қажет деп есептейді. (Барлық мамандықтан бірдей хабарлама ұйымдастыру мүмкін емес). Мысалы: Шымкент қаласында негізгі өнеркәсіптің бірі - текстиль (тоқыма) өнеркәсібі болғандықтан, ондағы оқушыларға кәсіптік бағыт берудің негізгі тоқыма кәсіптеріне байланысты,ал Созақта тау-кен өнеркәсібі, Теміртауда металлургия өнеркәсібі мен құрылысына байланысты болу керек деп есептейді.

Сонда да болса бұл жұмысты жүргізуде негізінде оқушылардың қызығушылығын есепке алу қажет. Өйткені оқушылардың кейде белгілі бір білімге құмартып, соған байланысты өзінің болашақта мамандық таңдауда бейімделе бастайды. Сондықтан мамандық хабарлама жұмыстарын өткізуде оқушылардың осы қасиеттері үнемі басшылыққа алынады.

Кәсіптік хабарлама жасауда мектептегі сабақ пен сыныптан тыс жұмыс түрлерінің ұйымдастырылу көлеміне байланысты жүргізу тиімді болады. Мысалы: сабақта белгілі бір өндірістің немесе халык шаруашылығының ғылыми негізін үйретуге байланысты сол кәсіптегі мамандық жөнінде хабарлама ұйымдастырады. Бұл жұмыс шағын көлемді қысқаша түрде, яғни сабақты өмірмен байланыстыру бағытында да іске асырылады.

Бұларды өзара байланысы шеңбер бойына орналасқан тізбекке ұқсас болады.

Кәсіптік бағдар беру функциялары:

- әлеуметтік;

- экономикалық;

- психологиялық-педагогикалық;

- медициналық-физиологиялық.

Олардың әрбірі оқушынының әлеуметтік-кәсіби өзіндік айқындалуына бағдарланады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекше мәні бар, себебі ол мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында болашақ мамандықты таңдаудағы теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады. Сабақта көптеген әдістер қолданылады: әңгіме, диспут, түсіндіру, профессиограмманы өзіндік құрау, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шаралар туралы есеп беру.

Бағдарлама үш деңгейде жүзеге асады, олар кейде бір-бірімен байланысып, қатал бір тізбекте орындалмайды.

1-деңгей — дұрыс, яғни тиімді кәсіптік бағдар беру үшін әмбебап құзыреттілікке ие болу.

2-деңгей – әр түрлі кәсіптік бағдар беру формаларын қолданып көру.

3-деңгей – таңдалған кәсіп бағытына сәйкес жеке білім бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру.

Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету ұжымы болу керек, оларға мына мамандар қажет: психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беретін педагогтар. Қызмет көрсету ұжымының сандық құрамы кәсіптік бағдар берудің нақты бағытына байланысты болады.

Оқушылардың кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру кәсіптік бағдар беруге арналған мектеп ортасын жобалау, ол үшін мыналарды құру қажет:

— кәсіптік бағдар беретін орындардың жұмыс істеу жоспары;

— пән оқытушылары жүргізетін кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспары.

Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет:

— жақсы жабдықталған кітапханалар, онда кәсіптік бағдар беру және арнайы білімі саласындағы әдебиеттер болуы тиіс;

— интернет ресурстарын қолдану мүмкіншіліктері.

Кәсіптік бағдар беру жөнінде іс-шаралар жүргізілгеннен соң, олардың тиімділігін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішіндегі бірінші әдіс -диагностика.

Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару.

Диагностикалық әдістердің кәсіптік бағдар берудің тиімділігін анықтауға қолданылатын әдісі — бақылау.

Бақылау — белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кеңтараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыс тарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісідеп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.

Кәсіби бағдар беруді мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

— кәсіби ақпараттандыру;

— кәсіби кеңес;

— мамандықты таңдау.

Кәсіби ақпараттандыру — әр түрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, мамандықтар нарығының даму перспективалары мен мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің формаларымен және шарттарымен, мамандықтар бойынша адамдарға талабымен, мамандық аясында квалификациясының өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктерімен таныстыру. Кәсіби кеңес–оқушыға психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру.

Мамандықты таңдау - мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы ұсыныстарын оқушыларға ұсыну. Оның психологиялық, психо-физиологиялық және медициналық диагностика нәтижелеріне сүйеніп сәйкес мамандықты ұсыну.

Білімді модернизациялаудың ауыспалы кезеңіне дейін «мектеп-комбинат» ара қатынасы білім басқарамасымен қатал бақыланды: мектептер кәсіптік бағдар бойынша дайындық сағаттарын беруге міндетті болды, оқушылар жұмысшылар мен қызметкерлер мамандықтарын таңдау мүмкіндіктері болды.

Қазіргі кездері жағдай өзгеріп, осы уақытта оқыған оқушыларды кәсіптік оқыту мен кәсіптік бағдар беруде бірнеше мәселелер пайда болды.

Бірнеше мәселелер қатарын қарастырып кетсек:

— мектептер арасындағы оқу комбинаттары мен жалпы білім беретін мектептер ара қатынасын реттейтін нақты нормативті-құқықтық базаның болмауы мектеп басқармасының көп жағдайда оқушыларды кәсіптік оқыту мен бағдар беру шараларын ұйымдастырмауы;

— әрбір жалпы білім беретін мектеп оқушыларға кәсіптік оқыту мен бағдар беруде мамандықтардың көптеген түрлерімен қамтамасыз ете алмайды, көбінесе, техникалық бағытта, қолданбалы бағытта, қызмет жасау салалары болады, себебі мұндай бағыттардың дамуы көптеген қаражат қажет етеді;

— техникалық профильдердің дамуына кететін өте үлкен материалдық шығындарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бұл бағыттарды гуманитарлық бағыттағы мамандықтармен ауыстырған. Сонымен кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездей ссоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпау, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 6917 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дарындылықтың диагностикасы | Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. | Дістемелік қамтамасыздыру | Дарынды балалармен жұмыс. | Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ | Сынып жетекшінің диагностикалық картасы | Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу. | Азіргі жағдайдағы балалар бірлестіктері мен ұйымдары. | Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Салауаттанудың даму кезеңдері.| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)