Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар

Читайте также:
  1. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  2. Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы
  3. Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу
  4. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу
  5. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары
  6. Дейтін станоктар типтері
  7. Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы

21.14, а, б –суретте көлбеу (21.14, а, –сурет) және вертикаль (21.14, б –сурет) станиналары бар СББ-мен жону білдектерінің жалпы 2 түрлерінің сұлбасы корсетілген. Бастиек автоматтық түрде осьті айнала бұрылады, сол себептен кескіштердің алмасуы тез орындалады. Білдек тұтынушыға білдектің жұмыс циклын басқарушы СББ жүйе блоктары орналастырылған шкафпен бірге ұсынылады. СББ жүйесі дайындаманың айналу жиілігінің өзгеруін, беріліс жылдамдығының өзгеруін, аспап бастиегінің периодтық айналысын қамтамасыз етеді. Оператор атқарушы механизмдарға барлық командаларды басқару панелінде пернелердің көмегімен жүзеге асырады.

Білдекті екі револьверлі бастиектерді орнату кезінде (21.14, б -сурет) біреуінің ішіне сыртқы беттерді өңдеу үшін құралдарды бекітеді, ал екіншісіне ішкі беттерді өңдеу үшін құралдарды бекітеді. Револьверлі бастиектерде айналыстың көлденең, тік, көлбеу остері болады. Револьверлі бастиектердің ойықтарында білдектің сыртында дайындама беттерінің өңдеуінің берілген өлшемін баптайтын ауыспалы өзара ауыстырушы аспаптық блоктарды орнатады.

СББ-мен жонғыш білдектердің конструкциясында төрт-он екі позиционды револьверлі бастиектерді қолданады. Бастиектің әрбір позициясында дайындаманың сыртқы және ішкі беттерінің параллель өңделуі үшін екі аспаптан орнатуға болады.

СББ-мен жонғыш білдектерде аспаптық магазин (аспаптардың 8... 20 сыйымдылығымен) сирек қолданылады. Аспаптардың үлкен санымен аспаптық магазиндерді қолдану білдектерді серпімді өндірісті модулдерге, роботталған технологиялық кешендерге енгізу кезінде және кесу аспаптарында беріктіктің біршама периоды болған кездерде тиімді болып табылады. Қазіргі заманғы жонғыш білдектерінде келесі СББ жүйелерін қолданады: барлық басқарушы бағдарламаны сақтау үшін жадысы бар SNC; CNC – мини-ЭЕМ немесе микропроцессоры бар СББ білдекті автономды басқару; DNC – жалпы басқарушы ЭВМ-нан білдектерді топтық басқару.

 

 

1-көлбеу станина; 2-электрқозғалтқыш; 3-алдыңғы тұғыр; 4-пульт; 5-шкаф;

6-бағыттаушылар; 7-суппорт; 8-револьверлі бастиек; 9-жылжымалар; 10-артқы тұрғы

21.14-сурет – СББ - мен жону станоктардың жалпы түрлері

21.15-суретте кесу күшінің мәнінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін СББ адаптивті жүйемен жону станокта дайындамаларды өңдеу сұлбасы келтірілген.

Күшейткіш арқылы 4 пайда болған сигнал салыстыру блок-сұлбасына 5 беріледі, онда оның деңгейі шығаратын құрылғының сигналының деңгейімен салыстырылады. Датчиктің 3 және құрылғының 6 сигналдарының айырмасы күшейткіштен кейін бағдарламалық басқарудың 8 блок-сұлбасына түседі. Осыдан кейін сигнал бағдарлама сигналымен суммаланады және қадамды коммутаторға 9, қадамды электрдвигателіне 10, гидрокүшейткішке 11 және редукторға 12, айналмалы қозғаушы бұрамаға 13 және суппортқа 14 бойлай берілісті хабарлаушыға келеді.

Датчиктің және шығарушы құрылғының сигналдарының айырмасының таңбасынан кесу күшінің өзгеруіне әсер ететін бойлай берілістің жылдамдығының артуы немесе төмендеуі орындалады. Кесу күшінің тұрақты мәнінде дайындаманы өңдеу өңдеудің қателіктеріне әкелетін технологиялық жүйеде серпімді деформациялардың тербелістерін едәуір төмендетуге және білдек қуатын тиімді қолдануға және құралдың беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

 

1-өңделетін дайындама; 2-электрқозғалтқыш; 3-датчик; 4-күшейткіш; 5-блок-схема;

6-құрылғы; 7-күшейткіш; 8-бағдарлы басқару; 9-қадамды коммутатор; 10-қадамды электрқозғалтқыш; 11-гидрокүшейткіш; 12-бәсеңдеткіш; 13-айналма жүріс бұрама;

14-суппорт; 15-құрал бастиегі

21.15-сурет – СББ адаптивті жүйемен жону білдегінде дайындамаларды өңдеу сұлбасы

 

Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар қазіргі станоктар көбінесе кесу уақыты бойынша салыстыруға болады. VL сериялы станоктарда мақсатты бағыттау арқылы қысқа жылжытулар іске асырылады. Бұл қосымша уақытты қысқарту есебінен өңдеу уақытын едәуір ұтымды болуға әкеледі. Тетіктерді тиеу және түсіру құрылғылары қажет болмайды. Станокты айнала қоршаулаған тасымалдау-жинақтау конвейері тиеу позициясына тетіктерді орналастырады. Портал құралкүймешіктің бөлігі болатын жұмыс шпинделі өзі дайындамалар алуды және өңделген тетіктерді орналастыруды орындайды.

21.16-суретте СА562 модельді жоғары дәлдікпен өңдейтін бұранда кескіш-жону станогы бейнеленген.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құралкүймешік
Артқы тұрғы
Алдыңғы тұрғы

       
 
Жылжымайтын сүйеніш

 

 
Жылжымалы сүйеніш

 

 

 


217.16-сурет - СА562 модельді жоғары дәлдікпен

өңдейтін бұранда кескіш-жону станогы

 

21.17-суретте тұйық тасымалдауыш конвейердің көрінісі келтірілген. Тұйық тасымалдауыш конвейер қайта баптауды қажет етпейтін тасымалдауыш жақтаушаларда тиеу-түсіру позицияларға тетіктердің орнын ауыстырады. Тиеу-түсіру позициясы жұмыс аймағының артында орналасқан. Сондықтан транспортердің алдыңғы бөлігінде орналасқан жылжымайтын өңделген тетіктер өңделмеген дайындамаларға оңай алмастырылады. Станоктың СББ басқарылатын тасымалдауыш конвейер қайта баптауды қажет етпейді. Басқа тетікке ауысу кезінде тасымалдауға қатысты жаңа мәліметтерді басқару бағдарлама арқылы СББ -ның құрылғысына кіргізеді.

 

 

21.17-сурет-Тұйық тасымалдауыш конвейер

 

21.4.1 Жону кескіштерінің және арнайы құрылғылардың


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1318 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тетік бетінің түзілу әдістері | Металдарды кесудің негізгі параметрлері | Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары | Сурет – Кескіш бұрыштары | Кесу процесінің физикалық мәні | Кесу аймағындағы байланыстық процестер | Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы| Түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)