Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!

Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге ат салысайық, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тірбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын “Отбасы – тәрбиенің басты ұясы” атты асыл тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұзафар Әлімбаевтың “Ана үміті” өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, Қайтсем де баламды адам етем деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады. Мына бейне баянға назар аударсақ бейне баян көрсетіледі

Тәрбиеші: Бұл көрініске қарап елжірейтін адам, жылымайтын жүрек жоқ шығар.

1. Ата –аналар сіздер не айтасыздар?

2. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?

3. Қатігездік қайдан шығады? Ата-аналар өз ойларын ортаға салды.

Тәрбиеші: Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, өзімшіл қайырымсыз болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мынадай қателік жібермеңіз.

1. Қателік – «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін»

2. Қателік –Не істесең оны істе маған бәрібір

3. Баланы тым көп еркелету.

Тәрбиеші: Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осындай қателіктерге жол бермесеңіздер ғана балаңыздың саналы азамат ьолып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз. Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең деп-Дулат Бабатайұлы айтпақшы, ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре білетіні белгілі.

Жүргізуші:

Құрметтеп ата-баба салт –дәстүрін,

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,

Тыңдайық кезекпенен оқушыны,

Құлшынып ортамызға келген бүгін.

Бір оқушы Ы.Алтынсарин “Ананың сүюі” өлеңін оқиды.

1.Жүргізуші: Бала тәрбиесі – бесіктен дейді қазақ. Оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек. Оқушылар ырым-тыйым айтады.

Тәрбиеші: Келесі бөліміміз ата-ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа арналған ситуациялық сұрақтар жағдаят.

Ортаға екі оқушыны шығарамыз. Ата-аналардың қатысуымен өтетін ойын «жазалау» - деп аталады.

Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс көтеріп айқайласты.

Мектепте темекі шегіпті, оны мұғалімнен естідіңіз.

Тәрбиеші: Ата-аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларды қалай жазалайсыздар? Кезек өздеріңізде ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балаларын жазалайды. Әркім өз ойларын салады да, барлығы бір шешім қабылдайды.

2. Жүргізуші:

Өлең, мақал,жаңылпаш, ән мен жыр.

Мұның бәрі – жанды сөз, ішінде сыр,

Елдің сәні сақталар, жақсы сөзбен,

Қандай жұрт болсын толасыз осыған бір.

Келесі кезекті Даналық әліппесі мақал-мәтелге береміз.

1.Жүргізуші: Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым –тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

2. Жүргізуші:

Тәрбиеге күш жігерін салып көп,

Сыйластыққа ата-дәстүр қалып деп,

Сол ата-ана ұялатар санаға.

Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп,- дей отырып, келесі кезекті Халық даналығы. Нақыл сөздер құрастыру кезегіне береміз.

Бала тәрбиесі Арлы бала
Адам Тіл
Тәрбие басы Өзгеден сый дәметпе
Әдеп баласы Алғыс орады
Өзіңді өзің сыйламасаң Тағалы атпен тең
Жақсылық еккен Кіші сені сыйлайды
Үлкенді сен сыйласаң Тәртіппен өскен тал артық
Тәрбиелі адам Тал бесік
Әдепсіз өскен адамнан Әдебі көрікті
Әдепті бала бесіктен

 

Жүргізуші;

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз жырлағандай, Динараның орындауында Ш.Қалдаяқовтың Анашым-әкешім әні.

Қорытынды. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін сіздермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ел басымыз Н.Назарбаев айтпақшы еліміздің болашағы, бүгінгі азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.

1. Енді соңңғы кезекте ата-аналарға “Сауалнама” таратылады. Уақыт-5 минут. Қажетті жауаптың астын сызыңыздар.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 481 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. | Схематикалық процедураның талдауы. | Иын баламен жұмыс | Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері | Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі. | Дарындылықтың диагностикасы | Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. | Дістемелік қамтамасыздыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дарынды балалармен жұмыс.| Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)