Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. ТӘрбие жҰмысыныҢ теориясы мен Әдістемесі

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе

П.С. Алиева, А.М. Заурбекова

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Тараз 2015 ж

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУЫ

 

 

 

 

П.С. Алиева, А.М. Заурбекова

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

 

СЕМИНАР ЖИНАҒЫ

(Оқу-әдістемелік құрал)

 

Тараз 2015 ж

Кіріспе

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауында: «... оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да да- муы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», − деп атап көрсетті. Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын, дербестігін, толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу – рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады. Семинардағы оқу пәнінің мазмұны – білімгер тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады. Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу процесінде адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін, тұлғаның құндылықты бағдарын қалыптастыратын – тарих, мәдениет бойынша материалдар жеткілікті қолданылмайтынын атап көрсету қажет. Жастарға қазіргі заманғы іс-әрекет принциптері мен өзекті проблемаларында өткеннің прогрессивті, гумандық идеяларының тарихи тамыры бар екендігін көрсетудің маңызы зор. Білім беру процесінің маңызды құрамдасының бірі ретінде оқытумен қатар тәрбие процесі жай-күйінің талдауы және зерттеуі көрсеткендей, қазіргі білімгерлердің тәрбиесі біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік жүйенің дағдарысы: өмірдің қылмыстануы; экологиялық жағдайдың нашарлауы; адамгершіліктің төмендеуі және т.б. көптеген келеңсіз процестермен күрделендірілген. Соңғы жылдары тәрбие жұмысының қызметі төмендеді. Әр білімгердің бойында адамгершілік, қайырымдылық, азаматтық, еңбекке шығармашылық қатынас, тіршілік атаулыға ұқыпты қарау, өз халқының мәдениетін сақтау қасиеттерін тәрбиелеу – әрбір педагогикалық ұжым басшылыққа алуы қажет және оқу-тәрбие жүйесі толығуы тиіс басты құндылықтар. Заманауи жағдайларда білім беру мекемелеріндегі тәрбиені дербес түр ретінде емес, кез-келген педагогикалық қызметке тән іс-әрекет ретінде қарастыру қажет. Сондықтан, семинар жинақтарының мақсаты – тәрбие процесін білім берудегі маңызды басымдық ретінде жетілдіру және қазіргі жоғары оқу орындағы оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуге ықпал ету.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 698 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Конфликт| Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)