Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тілдің дамуы

Читайте также:
  1. Беттің және ауыз қуысының дамуы
  2. Науқаста қандай асқыну НЕҒҰРЛЫМ дамуы мүмкін?
  3. Сүт тістердің дамуы
  4. Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.
  5. Тістердің дамуы
  6. Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері

 

Тілдің қалыптасуының бастапқы кезеңінде шырышты қабаттан түзілген қапшық тәрізді болады. Мұндай дөрекі салыстыру тілдің шырышты қабаты мен бұлшықетімен әртүрлілігімен тсіндіріледі.

Тілдің шырышты қабаты түйін тәрізді бірнеше бастамалардан дамиды, олар алғашқы үш доғаның немесе төменгі жақтық желбезек доғалардың вентральды бөліктерінен түзілген біріншілік ауыз қуысының түбіне мезенхиманың пролиферациясы нәтижесінде пайда болады. Барлығынан бұрын 4-аптада Бенига бойынша жұпсыз тілдік түйіншек пайда болады (tuberculum impar, hisa), ол 1 және 2-желбезектік доғалар ұштары арсында, ортаңжелбезектік доғалар ұштары арсында, ортаңғы сызық бойынша орналасқан. Осы түйіншектен мұрын денесінің аздаған бөлігі дамиды, ол ересектерде соқыр тесіктің алдында тілдің емізікшелерінен түзілген бұрышқа қарай жатады Соқыр тесік қалқанша без бастамасы орнында қалған, тіл түбіндегі кішкентай шұңқыр болып табылады. Жұп емес түйіншіктердің алдында екі төменгі жақтық доғалардың ішкі жағында 2қалыңдаған аймақ тзіледі ол бүйірлік тілдік түйіншік деп аталады. Осы түйіншіктер бірігіп, тіл денесі және оның ұшының шырышты қабатының үлкен бөлігіне бастама береді. Соңында тіл түбі 2және 3-мандибулярлы доғалар деңгейінде соқыр тесік артында жататын шырышты қабаттың қалыңдығында пайда болады. Бұл скоба (copula) деп аталады. Copula краниокаудальды бағытта tuberculum impar-дан көмейүсті шеміршегінің бастамасы болып табылатын түйіншікке дейін жалғасады. Corula мен жұпсыз түйіншікарасында қалқанша –тілдік түтіктің ұштары орналасады.(ductus thyroglossus), ол ересектерде тілдің соқыр тесігіне сәйкес келеді. Тілдің осы барлық бастамалары бірге жылдам өседі де, бүтін мүшені құрады. Одан әрі тіл түбі мен денесінің шекарасықызметін тіл емізікшелері орналасқан сызық атқарады, ол алды ашық бұрыш түзеді.

Зерттеулер көрсеткендей, тілдің алдыңғы 2/3бөлігінің шырышты қабаты эктодермадан, ал sulcus terminalis артында орналасқан шырышты қабат энтодермадан дамиы. Тіл бұлшықеттері мандибулярлы миотомдардан дамиды (шүйде сомиттерінің миотомдарынан)

Тілдік бадамша, өмірінің 9-аптасында, дамып келе жатқан тілдің түбірі аймағындағы лимфоциттер миграциясы нәтижесінді дамиды. Тілдің қалыпты даму жолының бұзылуы осы мүшенің ақауына алып келеді. Ең жиі кездесетін аномалия(1:300нәресте) тілдің қысқаруы, нәтижеде тіл ұшы ауыз қуысының түбіне фиксацияланған, қозғалғыштығы төмендеген (операцияны қажет етеді). Егер тілдің бүйір түіншіктерінен пайда болатын бастамалар жабыспаса, тіл ұшының ажырауы болуы мүмкін. Tuberculum impar –дұрыс дамымауы «қосымша»немесе «қосарланған тіл»пайда болуына себеп болады.

Тіл тума ақауына қызықты мысал, 10жасар қызда дамыған:тілдің дорзальді беткейінде екінші тіл сияқты орналасады, бірақ өлшемі кіші,foramen coecum- алдында жатады. Бұл қосымша тіл мүшенің үстіне жылдам өсіп, жырықтаңдаймен бірге артикуляция мен жұтынуға кедергі келтіреді. Қыздың сөзі түсініксіз,сөйлеу бұзылысы байқалған.

Айналадағы тіндерге пропорциональді тілдің дамуы қалыптыдан тыс үлкен немесе кіші тілдің дамуына алып келеді. Бұл аномалиялар макроглоссия және микроглоссия деп аталады.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 445 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер | Тістердің шығуы | Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу. | Тістердің дамуы | Тіс ауытқулары. | Беттің және ауыз қуысының дамуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.| Сүт тістердің дамуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)