Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердің дамуы

Читайте также:
  1. Беттің және ауыз қуысының дамуы
  2. Науқаста қандай асқыну НЕҒҰРЛЫМ дамуы мүмкін?
  3. Сүт тістердің дамуы
  4. Төменгі жақтың күрек және сүйір тістердің иннервациясына қандай жүйке қатысады?
  5. Төменде көрсетілген тістердің қайсысы балалардың жақтарының қабыну кисталарының НЕҒҰРЛЫМ себебі болып табылады?
  6. Төменде көрсетілген тістердің қайсысына осы өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
  7. Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.

 

Тіс ауыз қуысының шырышты қабығының туындысы болып табылады. Шырышты қабықтың эпителимен эмальды ағза, ал эпителий асты мезенхимасынан-дентин, пульпа, цемент, породонт дамиды. Тістің дамуы үш кезеңнен тұрады: біріншіден тістің қалыптасуы, екіншіден тістің туындысының дифференцировкасы, үшіншіден тістің түзілуі.

Бірінші кезеңде құрсақ ішілік 6-7 аптасында ауыз қуысының жоғарғы және төменгі жағында эпителимен қалыңдауы мен тіс пластинкасының колб тәрізді бүртіктену, содан кейін сүт тістердің эмалды ағзасына айналады. Эмбриогенездің оныншы аптасында эмалды ағзада мезенхима өседі. Ол тістің негізгі туындысы болып табылады. Дамудың үшінші айының соңына қарай эмалды ағза тіс пластинкасынан босайды, олар эпителиалды тін арқылы жалғасып отырады, бұл эмалды ағзаның мойны. Мезенхиманың тығыздалу нәтижесінде тіс қапшығы пайда болып ол тістің бүртігімен сәйкестендіреді.

Екінші кезеңде тістің дамуында олардың біртекті эмалды ағзасының жасушасының жеке қабаттарға бөлінуі жүреді. Ортасында пульпа пайда болады, эмаль түзілуіне қатысатын амилобласттың бастамасы болып шетінде эмальды жасушаның ішкі қабаты болады. Бір мезетте эмальды ағзаның түзілуі мен қатар тіс бүртігінің қалыптасуы жүреді. Оның мөлшері ұлғайып, эмалды ағзаға терең енеді. Бүртікке тамырлар мен нервтер кіреді. Бүртіктің жоғарғысында мезинхима жасушаларынан одонтобласттар-дентин түзуші жасушалар пайда болады. Үшінші айдың соңында мойнында мезенхима өседі. Олар сорылып, тіс туындысы тіс пластинасына ажырайды. Тіс пластинасының бос шеттері мен артқы бөлігі өсіп сақталады. Олар эмалды ағзадан тұрақты тістерге ауысады да, жақсүйек мезенхимасынан сүйекті қалқалар өсіп, тіс ұяшықтарының қабырғасын құрайды.

Тіс дамуының үшінші кезеңінде,құрсақішкілік кезеңнің 4 айынан бастап, тіс тіндері- дентин, эмаль, тіс пульпасы пайда болады. Одонтобластардың әсерінен дентин түзіліп, 5 айдың соңында қатаюы басталады. Амелобластар тіс бүртіктерінің ұшында эмаль түзе бастайды. Кейін эмальдің қатаюы басталып, кейін тіс шыққаннан кейін аяқталады. Алғашқыда сауыт кейін тіс түбірлері қатаяды. Тіс сауыттылық түзілуіне байланысты, кіреуке ағзаның жоғарғы бөлігі жойылады. Төменгі бөлімі мезенхима клеткалары бар эпителиалды қынапқа айналады. Тіс түбірі дентинін құрайтын одонбобластарға айналады. Тіс түбірінің дамуы постэмбрионалды кезеңде аяқталады. Тіс қапшығының мезенхималды клеткалары цементобластарға ауысады, тіс түбірінің дентинінің бетінде цемент түзіледі. Тіс бүртіктерінің мезенхимасынан пульпа дамиды. Тұрақты тістер де тіс табақшасынан дамиды. Дамудың бесінші айында сүт тістер бастамаларының артында курек, ит және кіші азу тівстердің эмалды ағзалары түзіледі. Бір мезетте тіс табақшалары артынан өсіп, олардың жиегінен үлкен азу тістердің эмаль ағзалары түзіледі. Келесі даму кезеңдері сүт тістердікіне ұқсас, тұрақты тістердің бастамасы сүт тістермен бірге бір сүйек ұяшығында орналасады. Тұрақты тістердің бастамасы туылғаннан кейін бірінші айында қатая бастайды. Алғашқы болып бірінші моляр, кейін премоляр, ит тістер және күрек тістер қатаяды. Үш жыл екінші және үшінші үлкен азу тістер қатаймайды. Тұрақты тістердің түбірінің қатаюы 15 жас, ақыл тіс түбірлері 25 жаста аяқталады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 692 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер | Тістердің шығуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.| Тіс ауытқулары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)