Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.

Читайте также:
  1. ДОЛГИ ЗАМАНИВАЮТ В ЛОВУШКУ
  2. Канадцы пытаются выйти из кризиса, в который их заманили американцы
  3. Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу.

Негізгі әдістерге тістерді зерттеуде қолданылатын одонтоскопия және одонтометрия, бұл нативті препараттар, жақ модельдері мен ренгенограмманың пайдалану арқылы жүргізіледі.

Одонтоскопия - бұл ағза құрылысының ерекшелігін сипаттау және визуалды түрде қарау. Тіс әр түрлі позицияда қаралады. Тістің сипаттауын медицинада және антропологиялық әдебиетте вестибулярлы қабаттан бастайды, содан кейін тістің лингвалды, окклюзонды, аппроксималды нормасына мінездеме береді. Одонтоскопияның тіс қуысын қараумен аяқтайды. Ортопетикалық стомотологияда тіс сауытының анатомиялық құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Тісті сипаттағанда тістің контуры және оның беткейлік рельефіне мінездеме береді. Қарама қарсы жақтағы тістің доғасына қатынасы бар біратаулық тіс орналасады, өзіндік құрылысында ерекшелігі бар, бұл ерекшелік екі жақтың біреуіне тиісті екенін анықтайды (тістің латерализациясы). Негізгі латерализацияның белгілеріне сауыт бұрышының белгісі, сауыт қисығының белгісі және түбірдің орналасу түрі жатады.

Дәстүрлі анатомиялық түрде тісті сипаттау кезінде тістің генерациялық түрін анықтаймыз (сүт және тұрақты тіс), кейін класс (күрек тіс,ит тіс,премоляр,моляр), тіс доғасының жақтары (оң және сол) және әртүрлі нормадағы одонтоскопия (вестибулярлы, лингвалды, медиалды және дисталды).

Нормалардың әрқайсысына міндетті түрде сипатталады:

- құрылым формалары: сауыттың жоғарғы пішіні, жоғарғы окклюзионды төмпешіктердің пішіні, түбірдің қисаюы;

- морфологиялық құрылымның мөлшері(жоғарғы вестибулярлы эмальды, буылтықтың жоғарғы шайнау төмпешіктері);

- сапалық құрылым ерекшеліктері (төмпешіктің ыдырауы, эмаль ісінуінің болмауы);

- құрылымның жайылмалы орналасуы(окклюзионды төмпешіктер орналасуы, жоғары шайнау иектерінің бағытталуы, қырларының орналасуы, эмальды-цементті шекараның бағытталуы);

- құрылымның орналасуы;

- морфологиялық құрылымның деңгейлері(эмаль ісінуі);

Тістерді сипаттау вестибулярлы нормадан басталып негізіне ауыз қуысындағы тіс.

Вестибулярлы нормаға сипаттама берген соң, жоғарғы лингваға сипаттама береміз. Үшінші позицияға окклюзионды норма кіреді, яғни жоғарғы тістің жұмысын сипаттайды. Содан кейін медиальды және дисталды жоғарғы бөліктерді сипаттап, бір-бірімен салыстырады.

Әр нормалардың одонтоскопиясында тістің түбірі мен сауытын қарастырады, яғни контурлары, пішіні бойынша геометриялық фигуралармен айқындалады (үшбұрыш, трапеция,шаршы, тікбұрыш, ромб, сопақша)

Геометриялық фигуралармен салыстыру тіс құрылысының барлық заңдылықтары үшін өте тиімді.

Одонтоскопиядан сауыт контурынан сәйкес түбір контурына өтуін суреттейді. Осыған байланысты бір-біріне қарама қарсы орналасқан сауыт контурынан түбір контурына өтуін қатарластырады. Әрбірінің пішіні және эмальды- цементті шекараның орналасқан кеңістігін анықтайды.

Одонтоскопияның маңызды бағасы беткей рельефті суреттеу болып табылады. Бұл кезде сауыттың шығыңқы аймақтарының санын(эмальді буылтықтар, төмпешіктер, қыры), сауыттағы және түбірдегі тереңділіктерді (ойыстар, борозды).

Тістің морфологиялық түзілісінің топографиялық сипаты үшін сауыт пен түбірді жарты бөліктерге бөледі. Вертикалды ось бойынша: вестибулярлы, лингвалды, медиалды және дисталды нормадан сауытты окклюзионды, ортаңғы және үштік мойындық, ал түбір –мойындық ортаңғы және үштік ұшы деп бөлінеді. Фронталды ось бойынша: вестибулярлы және тілдік нормада сауытта медиальды және дистальды бөліктерді ажыратады. Сагиталды ось боынша: медиалды және дисталды нормада сауытты вестибулярлы және тілді бөліктерге бөледі.

Тісті зерттеу 2 перпендикулярлы проекцияда(вестибулярлы-лингвалды және медиалды-дисталды) жасалынған тістің шлиф бойымен қуысының сипатымен аяқталынады, сонымен қатар рентгенограмма арқылы.

Тіс қуысымен оның сыртқы пішінінің қарым-қатынасын суреттейді. Сауыт қуысының түбінде орналасқан каналдың кіреберісін қуыстың енін көрсетеді, ал көп түбірлі тістерде каналдардың салыстырмалы сипаттамасын береді(өте үлкен диаметрлі әртүрлі қуыстар тарылған, қисайған, тарамдалған каналдарды ажыратады).

Тісті зерттеудің обьективті әдісіне одонтометрия жатады. Одонтометрияны жүргізу үшін өткірленген пышағы бар штангенциркуль қолданылады, ал 0.1 мм өлшемге дейін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Тіс беткейінің унификациясын өлшеу үшін келесі ориентирлерді қаламмен белгілеу міндетті:

- сауыт пен түбірдің негізінің шекарасы;

- тістің шартты ортаңғы вертикалды проекциясы.

Сауыттың (түбірдің) негізінің шекарасы периметр дәлдік бойынша үлкен шығыңқы эмальды –цементті шекараны тіс беткейінің вестибулрлы және тілдік шекарамен қосады.

Тістің шартты ортаңғы вертикалды проекциясы медиалды және дистальды, вестибулярлы және лингвалды тіс беткейлерін ажыратады.

Өте маңызды одонтометриялық параметрлер болып табылады: тіс биіктігі, түбірдің (сауыттың) биіктігі(ұзындығы), сауыт биіктігі, сауыттың вестибулярлы-лингвалды өлшемі(диаметрі), мойынының вестибулярлы-лингвалды өлшемі(диаметрі) сауыттың медио-дисталды өлшемі (диаметрі), мойыны медио-дисталды өлшемі(диаметрі), эмальды-цементті шекараның айқын иілімі.

Тіс биіктігі сауыттың және түбірдің алып тасталынған бөліктерінің аралығындағы аралықта анықталады. Түбірдің биіктігін (ұзындығын) сауыттың (түбір) шекарасын және тіс түбірінің ұшын негіздей отырып медиалды (немесе дисталды) нормада өлшеу керек.

Тіс сауытының биіктігін тіс биіктігі және түбір биіктігінің әртүрлі аралықтарында анықтайды.

Тіс сауытының вестибуло-лингвалды өлшемі бұл үлкен шығыңқы вестибулярлы және лингвалды беткейлер арасындағы аралық.

Мойынның вестибуло-лингвалды өлшемін вестибулярлы және лингвалды беткейдің үлкен шығыңқы эмальды-цементті шекара аралығында анықталады.

Сауыттың медиалды-дисталды өлшемін аппроксималді беткейдің жанасқан бөліктер арасында өлшейді.

Мойынның медиалды-дисталды өлшемін эмальді-цементті шекара қиылысында және тістің медиалды-дисталды беткейінің шартты ортаңғы вертикалды проекциясында орналасқан аймақтар аралығында өлшейді.

Эмальді-цементті шекараның айқын иілімін медиалды және дисталды нормада өзінің үлкен шығыңқысынан сауыт негізінің деңгейіне дейінгі ең қысықа аралық.

Одонтометриялық параметр сауыт модулін, сауыт салмағын, сауыт индексін өлшейді.

Сауыт модулі = Сауыттың В-Л + сауыттың М-Д

Сауыт салмағы = сауыттың В-Л * В-Л диаметрі

 

Сауыт индексі = Сауыттың В-Л диаметрі

Сауыттың М-Д диаметрі

 

Мойын индексі= Мойынның М-Д диаметрі

Сауыттың М-Д диаметрі

 

Бұл жерде В-Л – вестибулярлы-лингвальды өлшемі;

М-Д – медио-дистальді өлшемі.

Стоматологияда рентгенологиялық зерттеулер ренгенологиялық зерттеулерді қолданады, сонымен қатар ауызішілік және сыртылық ренгенография, томография, панорамды ренегенография және ортапотомография. Тістің ренгенологиялық зерттеулерінің маңызды әдісі ортопантография болып табылады. Бұл әдісте ренгенологиялық сәуле тіс өсіне перпендикулярлы жүреді. Бұл зерттеу әдісі тістің санын оның орналасуы және тіс тінінің зақымданған аймағының анықтақтайды. Тістің тығыз бөлігі және жан жағындағы сүйектер ренгенологиялық сәулелерді ұстап қалады. Нәтижесінде пленкада тістің контуры, оның қуысы, қоршаған тіндер және тістің басқа да құрылымдарымен қатынасын айқын көрсетеді. Тіс эмалі тығыз көлеңке береді және цемент пен дентинді контрирлейі, бұл сауыт пен түбірдің шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. Дентин және цемент ренгенограммада дифференцияланбайды. Тістің қуысы дентин контурының сызығы арқылы анықталады, пульпаның ренгенологиялық сәулені ұстап қала алмауына байланысты. Савуыт қуысы жанасқан түрде анық контурмен анықталады, түбір каналдары сауыттың қуысынан түбірдің ұшына дейін тарылып түбір иілімін қайталайды. Түбірдің цементі мен альвеола аралық периодонталды қабатқа сәйкес келеді. Балаларда ренгенограммада сүт тістерінің түбірлерніңі латеральды аймағында әр түрлі даму сатысында тұрақты тістерге ауыстыратын басттамасы орналасқан. Тұрақты тістер сүт тістерінің астында капсулада орналасады, ол жарықтану түрінде көрінеді. Сүтті молярды артындағы дисталды бөліктерде қосымша тістер түзіледі, тұрақты моляры. Сүт тістер ренгенологиялық суретте тұрақты тістерден өлшеменің аздығымен және пішінімен ажыратылады. Тұрақты тістер тістік қатарда орналасқан және бір бірінен тіс аралық қалқа арқылы бөлінген. Тіс аралық қалқалар ерін тәрізді сүйекке ұқсайды. Жоғарғы жақтың медиалды күрек тісі сүйекті таңдайдың еріндік қабатына жақындайды және мұрын қуысының түбіріне жақын орналасады. Латералды күрек тістің түбірі мұрын қуысымен бірнеше өлшемде алшақ орналасады. Жоғары жақтың алдынғы бөлімінің ауызішілік ренгенораммасында тіс аралық қалқан мен медиалді күрек тіс арасында жақын аралық тігістердің жарықтануы анықталады. Медиальді күрек тіс түбірінің ұшының деңгейінде сопақша пішінді тілік көрінеді. Жоғарғы жақтың ит тісінің түбірінің ұшы мұрын қуысының түбіріне жақын, бірақ мұрындық тілікке жетеді. Примоляр және моляр орны примоляр ұшының қойнауына жақын немесе төмпешікті сүйек жоғарлауы таңдайдың торусы болады. Моляр түбірі кейде гаймор қуысының қойнауын түзеді және тек шырышты қабатпен жабылады. Төменгі жақтың медиалды күрек тісі жақ аралық тігістің ені жағынан орналасқан. Ол бір жасқа дейін анықталады. Төменгі жақ сүйектің лингвальды беткейі ит тіс түбіріне сәйкес және премолярлық, кейде тегіс немесе төмпешікті сүйекті түзілісте анықталады. Премолярлар түбірдің ұшының деңгейінде иекасты тілікке сәйкес келетін овалды жарықтану байқалады. Моляр түбірінен төмен кейде сүйек тінінің анық емес контуры анықталады – төменгі жақ сүйек үсті ойыс. Төменгі жақ сүйектің каналы сүйек тінінің қуысы тәрізді болады және ол тұрақты молярдың түбіріне көбінесе бірінші, жақын орналасады.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 519 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тістердің шығуы| Тістердің дамуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)