Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Клизмалар. 5 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

16.Құйғыштың түбінде су қалу керек.

17.Қайтадан құйғышты пациенттің тізесінен төмен түсіріп, ішіндегісін төгіңіз,ең біріншісін таза ыдысқа жинап, лабораторияға жіберіңіз.

18.Су тазарғанша осы процедураны бірнеше рет қайталап отырыңыз.

19.Зондты жайлап алып, құйғыш екеуін зарарсыздандырған ертіндіге салыңыз.

20.Пациентке аузын сумен шайғызып, ауыз маңайын дәкелермен сүртіңіз.

21.Физикалық, психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 

Ескертпе: зондты жібергенде асқазанға кедергісіз өткенін тексеріп отыру қажет.

12.4. ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АСҚАЗАННАН СӨЛ АЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Асқазанның секреторлық қызметін зерттеу.

 

Көрсеткіштері: асқазан ауруларын анықтау.

Құрал – жабдықтар:

-лоток

-жіңішке асқазан зонды

-20 мл шприц, қысқыш

-10 белгіленген ыдыстар

- 0,25% пентагастрин ертіңділері-2мл

-70% спирт

-контейнер

-резеңке қолғап

-орамал

-қайнаған жылы су (200мл).

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентпен сенімді қарым қатынас жасап, келісім алыңыз, қарама – қарсы көрсеткіштерді анықтаңыз (гипертония ауруын, аневризма, өңештің ауруларын, улануларды), түсіндіріңіз (таңертең ашқарында алуын).

2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киініз.

3.Асқазанға кіретін зондтың ұзындығын өлшеңіз (құлақтың ұшынаң мұрынға дейін, мұрыннан кіндікке дейін).

4.Пациентті отырғызып,егер тіс протезі болса шешініз, басын алдына қарай кішкене еңкейтіңіз.

5.Алдына (мойнына, кеудесіне) орамал жабып, қолына лоток пен дәкені беріңіз.

6.Зондты оң жақ қолына алып 10 – 15 см шамасында суға малып, сол қолымен зондтың бос жағын ұстаныз.

7.Пациенттің аузын ашуын сұрап, зондтың соқыр ұшын тілдің түбіне қойыныз.

8.Пациент жұтқанда мұрнымен терең дем алып отырады. Зондты белгіленген жерге дейін жіберіңіз.

9. Шприцті зондтқа жалғап “О” порцияны ыдысқа сорып алыңыз.

10. Әр бір 15 минут сайын асқазан сөлін сорып алыңыз (1 сағаттың ішінде 1,2,3,4 порция).

11. Қысқышпен зондты 15 минутқа жабыңыз.

12. Шприцке 0,2%-2,0 пентагастрин ертіндісін алып тері астына еңгізіңіз.

13.Қысқышты алып, шприцті зондқа жалғап әр бір 15 минут сайын №5, 6, 7, 8 порцияларды жинап алыңыз.

14. Шприцты зондтаң алыныз.

15.Зондты асқазаннан шығарып алып дезертіндісіне салыңыз,пациенттің аузын шайғызып, дәкемен сүртіңіз.

16. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

17.Зертханағаға 9 порцияны жіберіңіз.

 

12.5. ОН ЕКІ ЕЛІ ІШЕККЕ ЗОНД ЕНГІЗУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: диагностикалық,емдік (өт жолдарының дренажы).

Көрсеткіштері: өт жолдары ауруларын анықтау.

Құрал – жабдықтар:

-залалсыздандырылған 10см сайын 9 белгісі бар (темір түтікшесі бар) ұлтабар зонды

-20 мл шприц

-қысқыш, резеңке қолғап

-лоток

-штатив, 8-10 пробиркалар

-33 % - 25 – 32 мл магний сульфат

-орамал.

-жұмсақ жастық немесе валик

-стакан мен жылы су

-жылытқыш

-салфетка

-зертханаға жолдама.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Процедура туралы пациентке айтып түсіндіріп, келісім алыңыз.

2.Пациентті үш күн бұрын дайындау үшін №4 ем-дәм тағайындалады:

Ø Ішін кептіретін тағамдарды қолданбау;

Ø Оң жақ қабырға астына жылытқышты қою;

Ø Түнге қарай бір стакан тәтті шай ішу;

3.Бір күн бұрын кешкі уақытта жеңіл тамақты кешкі 19ºº сағ кешікпей ішу.

4.Процедура таңертең ашқарынға жүргізіледі (дәрі, тамақ, су ішуге болмайды).Қолды жуып, қолғапты киініз.

5.Пациенттің аузын ашуға ұсыныс беріп, зондты асқазанға жіберіңіз.

6.Пациентке зондты 45-50 см дейін жұтқызып, содан кейін асқазанның қалдығын шприцпен сорып алыңыз, зондты қысқышпен қысыңыз.

7.Пациентпен тағы да зондты 65-70см дейін жұтуын сұрап, тізесін бүгіп, оң жақ қырына жастықсыз жатқызыңыз.

8.Жамбасының астына, валик немесе жастық, бауыр тұсына жылытқышты қойыныз.Зондты 15-20 см әрі қарай жұтқызыңыз (80-90 см).

9.Белгіге дейін жылжыған соң қышқышты алып, зондтың ұшын пробиркаға салыңыз. Алтын сары мөлдір,сілті реакциялы сұйықтық бөліне бастайды. Ол-А – порциясы болады. 20-30 минуттың аралығында 2-3 пробиркаға 10-15мл(асқазан, ішек, ұйқы без) сөлі бөлінеді.

10.Шприцты воронка ретінде пайдаланып,зондтқа жылы түрде 33 % - 50 мл магний сульфат ертіндісін жіберіңіз.

11.Қысқышты зондтқа 10 – 20 минутқа салып, пациентті арқасымен жатқызыңыз.

12.Пациентті қайтадан оң жақ қырына жатқызып, зондтың ұшын пробиркаға салып,қысқышты алыңыз.

13.Жасыл түсті, мөлдір кілегейлі сөл аға бастайды. Бұл Б – порциясы (30-60мл), өт қапшығынан шығады.

14.Егер түсі ашық сары лимон тәрізді сөл шыға бастаса, зондтты келесі пробиркаға салыңыз. Ол С – порциясы, бауыр - өт жолдарынан шыққан сөл, 10-15 мл жиналады.

15.Зондты салфеткамен орап шығарып алып, зондты және қолданылған құрал -жабдықтарды зарарсыздандырыңыз.

16.Пробиркаларды зертханаға жіберіңіз, пациентті палатаға апарып жағдайын қадағалап отырыңыз.

13-Тарау. Өкпе-жүрек реанимациясы

13.1-Зардап шеккен адамға реанимациялық шараларды қолдану іс-әрекетінің алгоритмы.

13.1. ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМҒА РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: өкпенің және жүректің жұмысын, қан айналысын қалпына келтіру.

Көрсеткіші:

клиникалық өлім;

суға бату, тоқ соғу, жедел аурулар.

Клиникалық өлімнің белгілері:

-Ірі магистральдық тамырларда тамыр соғуының жоқтығы (ұйқы, кәрі жілік,

-жамбас артерияларында);

-Сана сезімінің жоғалуы;

-Көз қарашығының кеңеюі;

-Клоникалық, тоникалық тырысудың пайда болуы;

-Демнің тоқтауы.

Биологиялық өлімнің белгілері

-Демнің мүлде тоқтауы;

-Тамыр соғысының жоғалуы;

-Рефлекстердің жоғалуы;

-Терісінің өте өңсіз болуы;

-Бұлшық еттердің босаңсуы;

-Төменгі жақ сүйегінің төмендеуі;

-Көз жанары кетуі;

-Дене температурасынының төмендеуі;

-Денесінің қатаюы;

-Дақтардың пайда болуы.

Қарама қарсы көрсеткіштері:

Биологиялық өлім;

Созылмалы жазылмайтын ұзақ аурулар.

Өкпеге дем жіберу.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациенттің иығынан ұстап (сізге не болды деп сұраңыз?), оның реакциясын анықтаңыз, омыртқасын зақымдандырып алмау үшін айқын, қатты қозғалыстар жасамаңыз.

2.Пациентті қатты жерге жатқызыңыз, қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

3.Басын шалқайтып, сол жақ қолын маңдайына, оң жақ қолын мойнының астына салыңыз.

4.Жауырынына жұмыр жастық салыңыз, төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, пациенттің аузын ашыңыз, ауыз-қуысын тазалап, тілін бекітіңіз.

5.Демнің бар-жоғын құлағыңызбен немесе сұрау арқылы біліңіз.

6.Егер демі анықталмаса, 2 рет демді ішіңізге алыңыз.

7.Сол жақ қолдың екі саусағымен мұрнын жабыңыз.

8.Тереңнен алған демді 1-1,5 сек ішінде пациенттің аузына апарып, бүкіл демді жіберіңіз.

9.Үзіліс жасаңыз, кеуде экскурсиясын қадағалап отырыңыз.

10.Ұйқы артериясының соғысын байқап отырыңыз.

11.Егер тамыр соғысы болмаса, жедел жәрдем келгенше ырғақты демді минутына 12-18 рет жасап, өкпе –жүрек реанимация шараларын жалғастырыңыз.

Жүрекке жабық-тікелей емес массаж жасау.

Мақсаты: жүректің жұмысын, қан айналысын қалпына келтіру.

Көрсеткіші: клиникалық өлім.

Міндетті жағдай: жүрек-өкпе реанимациясының бірізділігін сақтау:

1.Жүрекке жасалынатын тікелей емес массаж, өкпені жасанды желдетумен сәйкес келіп отыруы тиіс. Әрбір 2 минут сайын тамыр соғысын ұйқы артериясынан және көз қарашығы арқылы тексеріп отырыңыз.

2.Жедел жәрдем машинасын шақырыңыз.

3.Жедел түрде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіңіз.

4.Пациенттің басы жүректен төмен немесе жүрек тұсында болуын байқаңыз.

5.Қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

6.Пациенттің жанына тізеңізді бүгіп отырыңыз.

7.Бір қолыңызды төс сүйегінің төменгі ұшына, үстіне екінші қолды салыңыз.

8.Массаж жасағанда қолды бос ұстаңыз.

9.Төстің төменгі жағын 3,8-5 см терендікке дейін басып отырыңыз.

10.«Жоғары-төмен» - ырғақты ұстап отырыңыз.

11.Егер реанимацияны жалғыз адам жасап отырса 9-11 сек ішінде зардап шегушінің екі рет дем алуымен бірге 15 ырғақты массаж жасап отырыңыз.

12.Егер реанимацияны екі адам жасаса, онда зардап шегушінің бір рет дем алуымен 4-5 ырғақты массажды жасап отырыңыз.

13.Жүрек жұмысының нәтижесін 1-2 мин сайын тексеріп отырыңыз.

14Ұйқы артериясының соғысын, көз қарашығын анықтаңыз.

15.Жедел жәрдем келгенше дем жолдарын ашық түрінде сақтаңыз.

16.Дем алу жиілігін, тамыр соғысын бақылап отырыңыз.

17.дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіріңіз.

18.Компрессиямен демнің қарым қатынасы 2:15 болу керек.

19.Өкпе- жүрек реанимациясының 4 комплекс жиынтығын жасап, нәтижесін бағалаңыз.

20.Реанимация шараларын жедел жәрдем келгенше жасай беріңіз, 30 мин аралығында.

Реанимация шараларының нәтижелі белгілері:

-ұйқы және шынтақ артерияларында тамыр соғысының білінуі;

-көз қарашағының жіңішкеленуі;

-қан қысымының қалпына келуі;

-цианоздың, өңі бозарудың азаюы;

-демнің қалпына келуі.

Реанимация қолданғанда болатын асқынулар:

-қабырғалардың жарақаттануы;

-төстің жарақаттануы;

-өкпенің, жүректің, бауыр, көкбауырдың зақымдануы.

Асқынудың алдын-алуы:

- реанимацияны дұрыс қолдану.

Қарағанды қаласының медицина колледжі


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Клизмалар. 4 страница| Караганда 2012 г

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)