Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритмы

Читайте также:
  1. Алгоритмы глобального поиска
  2. Алгоритмы катетеризации мочевого пузыря у мужчин
  3. Алгоритмы промывания мочевого пузыря
  4. Алгоритмы Ролевой Игры.
  5. Алгоритмы с аргументами.
  6. Генетические алгоритмы

Жабдықтау:

 

-сантиметрлік лента

-қабылданған құжат (ауру тарихы)

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Сантиметрлік лентаны арқа тұсынан жауырын астына салыңыз, алдыңғы жағынан 6 қабырға бойымен, пациенттің қолы төмен қараған, тыныс алуы қалыпты.

3.Кеуде қуысының аумағын тыныс шығарған кезде және терең дем алу кезінде өлшеңіз.

4.Алынған нәтижелерді жазып алыңыз.

 

1.4.ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ЖАСАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау.

 

Жабдықтау:

-ысқыш (мочалка)

-сабын

-щетка

-су термометрі

-жайма

-орамал

-таза киім

-ағаш орындық.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Алжапқышты, қолғапты киіп, аузыңызға масканы тағыңыз.

4.Жуынатын бөлме температурасын анықтаңыз (25-27 ◦ С).

5.Ваннаны сабын немесе басқа жуғыш заттарды қолданып щетканың көмегімен ысқылап жуыңыз.

6.Ваннаны ыстық сумен шайып жіберіңіз.

7.Ваннаны суға толтыру барысында судың температурасын су термометрімен өлшеп отырыңыз, судың температурасы 37-38 ◦-С болу керек.

8. Пациентке ваннаға ыңғайлы жатуына көмектесіңіз, бетін бұранғыш қаратып жату керек. Су деңгейі төс сүйегінің семсер тәріздес өсіндісі тұсынан келу керек.

9.Аяғының астына тіреуіш ретінде ағаш подставканы беріңіз.

10.Пациенттің алдымен басын, кеудесін, сосын аяқ- қолдарын сабынды ысқышпен ысқылап жуыңыз.

11.Жылы сумен шайындырыңыз

12.Пациенттің ваннадан шығуына көмектесіңіз, жылы орамалмен немесе жылы жайма сүртінуіне көмек жасаңыз.

13.Пациентті киіндіріп, палатасына апарыңыз.

14.Ваннаны және ванна қабылдауға арналған бұйымдарды жуып, өңдеңіз.

15.Пациенттің ауру тарихына ванна қабылдағаны жайында белгі қойыңыз.

 

 

Ескертпе: ваннаны 3 % хлорамин ерітіндісімен арасына 15 минут салып екі рет жуып шығыңыз.

1.5.ГИГИЕНАЛЫҚ ДУШ ҚАБЫЛДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау.

Жабдықтау:

-дене ысқыш

-сабын

-щетка

-аяқ астына салынатын ағаш

-ақ жайма

-орамал

-таза іш киім.

Іс әрекет алгоритмы:

Бірінші кезең.

1.Пациентке алдағы іс- шара жайында түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Ваннаға кішкентай орындық қойып, оған пациентті отырғызыңыз

3.Пациенттің ваннаға тұруына көмектесіңіз, арт жағынан тұрып, шынтағынан ұстаңыз, сосын оны отырғызыңыз.

4.Пациентті өз бетімен жуынуына ықпал етіңіз, қажет болған жағдайда ғана көмектесіңіз.

Екінші кезең:

1.Алжапқыш киіп, пациенттің басын жуыңыз:

- жаялықты бірнеше қабат етіп орап алып, онымен көздерін жабуын талап етіңіз

- душтан суды құя отырып, шаштарын сулап, жуыңыз

- пациенттің шашына аздап щампунь жағыңыз

- екі қолыңызбен шаштарын жақсылап жуыңыз

- сабын көпіршіктерін сумен жуып тастаңыз

- пациенттің басын құрғатып сүртіңіз

2.Пациентке көмектесіңіз, қажет болса, денесін де гигиеналық ванна жүргізу тәртібі бойынша жуыңыз.

3.Пациенттің орындықтан тұруына көмектесіңіз (қажет болған жағдайда көмектесіңіз, екі жақтап, дененің дұрыс қозғалуын қолдана отырып).

Үшінші кезең:

1.Пациентке ваннадан шығуына көмектесіңіз.

2.Денесін сол тәртіппен құрғатып, сүртіңіз.

3.Пациенттің шаштарын тарауына көмектесіңіз, іш- киімдерін кигізіңіз.

4.Қолдары мен аяқтарының тырнақтарын алыңыз.

5.Пациентке киімдерін киюге көмектесіңіз.

6.Алжапқышты шешіп, оны су өткізбейтін қапшыққа салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

7. Орындалған іс- шара жайында журналға жазыңыз.

 

1.6. ПАЦИЕНТТІ ЖУЫНДЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау.

 

Жабдықтау:

-жылы су құйылған ыдыс

-дәкелер

-қолғаптар

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Дәкені сулап алыңыз.

4.Ылғалды дәкемен пациенттің бетін, содан соң құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіп алыңыз.

5.Екінші дәкемен құрғатып сүртіңіз.

6.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

1.7. ДЕНЕНІ ЫСҚЫЛАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау

 

Жабдықтау:

-қолғап

-жылы су

-дәкелер

-клеенка

-көрпе

-суға антисептикалық әсері бар заттарды қосуға болады. (калий перманганатын).

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1. Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Пациенттің астына клеенка салыңыз.

4.Пациенттің денесін тұтас ашып тастамай,суланған дәкемен дене бөліктерін кезекпен жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз, әсіресе қолтық, шап аймақтары сияқты қатпарлы жерлерді, одан соң орамалмен құрғатып сүртіңіз, құрғатқан дене бөліктерін одеялмен жауып отырыңыз. Дәл осылай дененің қалған бөліктерін ысқылап сүртіп шығыңыз.

5. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

6.Ауру тарихының бірінші бетіне пациентке санитарлық өңдеу. жүргізілгені жайында белгі соғыңыз.

 

 

1.8.ПАЦИЕНТТЕ ПЕДИКУЛЕЗ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС- ШАРАЛАР АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: бөртпе сүзектің алдын алу, биттер мен сіркелерді өлтіру.

Жабдықтау:

-педикулезге қарсы жиналған сөмке:

-клеенкадан тігілген қап (киімдер үшін)

-цинктелген шелек немесе лоток (шаш үшін)

-клеенкадан жасалған пелерина

-қолғап

-қайшылар

-70% спитрпен өңделген жиі тарақ

-спиртті шам

-бас орамал

-мақта

-5%, 10% сірке қышқылы

-заттарды зарарсыздандыруға арналған препараттар

-бөлмелерді зарарсыздандыруға арналған препараттар

-биттерді өлтіруге арналған препараттар

-шаш алатын машинка

-лупа

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентке бит анықталғанын хабарлаңыз, оны өңдеуге келісімін алыңыз, процедураның орындалу барысын айтыңыз.

2.Қосымша халат киіңіз, басыңызға байлам, аяқ киіміңізді ауыстырып, қолғап, маска, фартук киіңіз.

3.Пациентті үстіне клеенка жабылған кушеткаға отырғызыңыз.

4.Пациенттің үстіне клеенкадан жасалған пелеринаны жабыңыз.

5.Шашын дезинсекциялық ерітінділердің бірімен оның қолданылу тәртібімен сәйкес етіп өңдеу керек және осы қалыпта 30 минутқа қалдырыңыз.

6.Пациенттің шашын полиэтиленмен жауып, сыртынан орамалмен орайды.

7.Шашты алдымен жылы сумен, одан соң жуғыш зат қосылған сумен жуып, орамалмен құрғатыңыз.

8.Сіркелерді өлтіру үшін пациенттің шашын жылытылған 6% асханалық сірке қышқылының ерітіндісімен өңдеу керек.

9.Шашты ағынды жылы сумен жуып, орамалмен құрғату керек.

10.Басын ақ дәкеге еңкейте ұстаған қалпында шашты аз- аздан бөліп алып, жиі тарақпен біртіндеп әрбір бөлінген шашты тараңыз.

11.Шашын қайтадан қарап шығыңыз. Бит және сірке қалмағанына көзіңізді жеткізіңіз.

12.Дәкені дез. ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Пациенттің үстіндегі барлық киімдерін шешіңіз, шешілген киімдерін, мейіркештің арнайы киімдерін арнайы клеенка қапшыққа салыңыз.

2 - Тарау. Жұқпалық бақылау

2.1-Қолды өңдеудің әлеуметтік деңгейі

2.2-Қолды өңдеудің гигиеналық деңгейі

2.3-Хлорлы известтің 10 % негізгі тазартылған ерітіндісін дайындау іс-әрекетінің алгоритмы

2.4-Хлорлы известтің 1% жұмыстық ерітіндісін дайындау іс-әрекетінің алгоритмы (10л)

2.5-Хлорлы известтің 5% жұмыстық ерітіндісін дайындау іс-әрекетінің алгоритмы. (10л.).

2.6-хлорамин (1л) дайындау іс-әрекетінің алгоритмы

2.7-Медициналық бұйымдарды құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру іс-

әрекетінің алгоритмы

2.8-Зарарсыздандырылған қорапқа заттарды салу іс-әрекетінің алгоритмы

2.9-Азопирам сынамасы

2.10-Фенолфталеин сынамасы

2.11-Палаталарды генеральды жуып тазалау әрекетінің алгоритмы

2.12-Медициналық бұйымдарды залалсыздандыру

 

 

2.1. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛЫН ӨҢДЕУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

ҚОЛ ӨҢДЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙІ

Мақсаты: пациенттің және медицина қызметкерлерінің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын ормал

-өлшегіші бар сұйық сабын

-секундты көрсететін стрелкасы бар сағат.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Терінің тұтастығын тексеріңіз, (қолда жарақат болса, онда оны лейкопластырмен жабыстырып қойыңыз).

-қолыңыздан сағат және басқа да әшекей бұйымдарын шешіп қойыңыз, халаттың жеңін түріңіз.

2.Екі рет қолыңызды жақсылап сабындаңыз, жақсылап екі қолыңызды бір- біріне үйкелеңіз:

-алақан мен алақанды

-оң жақ алақаныңызбен саусақ сырттарын, сосын сол қолыңызбен оң

жақ қолыңызды;

-алақан мен алақан және саусақ араларын;

-бір қолыңыздың саусақтарымен екінші қол алақанын, кезек- кезек

-сол жақ алақанызбен оң қолдың бас бармағын айналдыра ысқылаңыз,

дәл осылай екінші қолмен жасаңыз;

-сол қолдың барлық саусақтарының ұштарымен оң алақаныңызды және

дәл осылай екінші қол алақанын ысқылаңыз – 30 секунд бойында.

3.Қолыңызды раковинаға тигізбей, жоғары көтеріп ұстаңыз.

4.Сабыны кеткенше қолыңызды әбден ағынды сумен жуыңыз.

5.Бір реттік орамалмен қолыңызды құрғатып, осы орамалмен кранды жабыңыз.

 

2.2. ҚОЛ ӨҢДЕУДІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

Мақсаты: пациент пен медицина қызметкерлерінің жұқпалық қауіпсіздігі мен тазалықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

 

Көрсеткіші:

-қолғапты киер алдында және шешкен соң

-ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасқан соң және мүмкін болған микробтық ластанудан кейін

-иммунитеті төмен пациенттерді күтер алдында

Жабдықтау:

-бір реттік орамал

-өлшегіші бар сұйық сабын

-құрамында спирт бар тері антисептигі

-тампондар

-залалсыздандырылған қолғап.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Терінің тұтастығын тексеріңіз, (қолда жарақат болса, онда оны лейкопластырмен жабыстырып қойыңыз).

-қолыңыздан сағат және басқа да әшекей бұйымдарын шешіп қойыңыз, халаттың жеңін білектің 2/3 дейін түріңіз.

2.Екі рет қолыңызды жақсылап сабындаңыз, жақсылап екі қолыңызды бір- біріне үйкелеңіз:

-алақан мен алақанды;

-оң жақ алақаныңызбен саусақ сырттарын, сосын сол қолыңызбен оң жақ қолыңызды;

-алақан мен алақан және саусақ араларын;

-бір қолыңыздың саусақтарымен екінші қол алақанын, кезек- кезек;

-сол жақ алақанызбен оң қолдың бас бармағын айналдыра ысқылаңыз, дәл осылай екінші қолмен жасаңыз;

-сол қолдың барлық саусақтарының ұштарымен оң алақаныңызды және дәл осылай екінші қол алақанын ысқылаңыз – 30 секунд бойында;

3.Сабын көпіршігін кетіру үшін ағынды сумен қолыңызды шайыңыз және әр қолыңызды 5-6 рет қайталап жуыңыз.

4.Қолыңызды раковинаға тигізбей, жоғары көтеріп ұстаңыз.

5.Бір реттік орамалмен қолыңызды құрғатып, осы орамалмен кранды жабыңыз.

6.Қолыңыздың терісін 2-3 минут бойында 5 мл. антисептикпен жақсылап өңдеңіз.

Ескертпе: Қолданылған орамалдарды арнайы ыдысқа салыңыз. Қолыңызды кептіріңіз.

2.3. ЖҰМЫСТЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ ҮШІН 10% ХЛОРЛЫ ИЗВЕСТТІҢ МӨЛДІР ТҰНДЫРЫЛҒАН ЕРІТІНДІСІН ҚОЛДАНУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: зарарсыздандыру.

Жабдықтау:

-арнайы киім, ұзын медициналық халат, клеенка алжапқыш, резеңке қолғаптар, респиратор, көз қорғайтын әйнек, ауыстырып киетін аяқ киім.

-қақпағы бар, сыйымдылығы 10 л. эмальданған ыдыс немесе үлкен қоңыр түсті, тығыны бар шыны ыдыс

-бір пакет хлорлы известь (1кг.)

-ағаш күрекше

-ертінділерге және құрғақ ұнтақ заттарға арналған өлшемді ыдыстар

-құжаттар: 10%хлорлы ақ дайындау құжаты, белсенді хлор бойынша құрғақ затты бақылау журналы

-жеке бас тазалығына қажет заттар: сабын, жеке орамал.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Арнайы киімді киіңіз.

2.Жабдықтарды дайындаңыз.

3. Процедураның басталу уақытын белгілеңіз.

4.Ыдысқа аз мөлшерде су құйыңыз.

5.1 кг. хлорлы известті салыңыз, түйіршіктерін езіп, ағаш күрекшемен араластырыңыз.

6.Суды 10 литрге дейін толтырыңыз, біркелкі болғанша араластыра отырып.

7.Ыдыстың қақпағын жабыңыз.

8.Дайындалған уақытты белгілеп жазып қойыңыз, арнайы киіміңізді шешіңіз.

9.Тәулік ішінде бірнеше рет ерітіндіні араластырыңыз.

10.24 сағаттан соң ерітіндінің үстіңгі жағын құйып алып, үлкен шыны ыдысқа сүзіңіз, бұрандасын жабыңыз.

Белгі қойыңыз (күні, айы, мейірбикенің қолы).

Ескертпе: ерітіндіні жабық ыдыста қараңғы бөлмеде 5-7 күн сақтау керек.

 

2.4. 1% ХЛОРЛЫ ИЗВЕСТТІҢ ЖҰМЫСТЫҚ ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ (10л.)

Мақсаты: залалсыздандыру

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Арнайы киімді киіңіз.

2.Ыдысқа 1 литр 10% тұндырылған хлорлы ақ ерітіндісін құйыңыз.

3.10 литр су құйып, араластырыңыз, сосын қақпағын жабыңыз (белгі соғыңыз).

 

Ескертпе: пациентті қарауға арналған кушетка, ванна, басқа да заттар,, клеенка алжапқыш, бөлме жуғыш заттар, ағымдағы тазалық жұмыстарына арналған.

 

2.5.ХЛОРЛЫ ИЗВЕСТТІҢ 5% ЖҰМЫСТЫҚ ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ (10л.)

Мақсаты: залалсыздандыру

Іс-әрекет алгоритмы:

1.10% тұндырылған хлорлы әк ерітіндісінен 5 литр алып, шелекке құйыңыз.

2.Судың көлемін 10 литрге дейін жеткізіп, араластырыңыз.

Ескертпе: туберкулезбен ауырған пациенттерді күтуге арналған бұйымдарды залалсыздандыру және бөлмелерді жақсы жуып тазалау үшін қолданатын ертінді.

2.6 ХЛОРАМИН 1(л) ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: залалсыздандыру

Жабдықтау:

-арнайы киім

-10г. құрғақ хлорамин ұнтағы

-сыйымдылығы 1 литрге дейін өлшегіш белгісі бар суға арналған ыдыс

-Залалсыздандыру ерітіндісіне арналған ыдыс

-ағаш күрекше

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Арнайы киімді киіңіз.

2.Ыдысқа шамалы мөлшерде су құйыңыз.

3.Белгіленген ыдысқа қажетті мөлшердегі құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз.

4.10 литр су құйып, араластырыңыз, сосын қақпағын жабыңыз

5.Белгі қойыңыз (күні, айы, мейірбикенің қолы).

 

 

Ескертпе: 0,5% хлорамин ерітіндісі асхана ыдыстарын залалсыздандыру үшін қолданылады. 1% хлорамин ерітіндісі пациентті қарауға арналған кушетка, ванна, басқа да заттар, клеенка алжапқыш, бөлме жуғыш заттар, ағымдағы тазалық жұмыстарына арналған.

Зарарсыздандыруға арналған ерітінділермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Ерітінді теріге немесе кілегей қабықтарға тамып кеткен жағдайларда тез арада ағынды сумен жақсылап жуу керек.(жаңадан дайындалған ерітіндіні бір рет қана қолдану керек.)

 

2.7. МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ҚҰРҒАҚ ЫСТЫҚПЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМІ

Мақсаты: микроорганизмдердің вегетативті түрлерін жою және спораларын жою.

Шарты:

-шыны, металл, жұқа фарфор бұйымдарын залалсыздандыру

-лотоктарда, ашық әдіспен залалсыздандыру

-барлық залалсыздандырылатын бұйымдарды алдын ала дайындап зарарсыздандырылуы және залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізілуі керек.

Талап: залалсыздандырылатын бұйымдарды жібек,қағаз- мақта немесе синтетикалық материалдармен орамау керек, олар жанып немесе күйіп кетеді.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Құрғақ ыстық шкабының ішкі бетін зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған тампонмен 2 рет жақсылап сүртіп алыңыз.

2.Торларға лотокпен инструменттерді жайып қойыңыз.

3.Залалсыздандыру деңгейін бақылау үшін 5 жерге бақылау тестісі- индикаторларды орналастырыңыз (артқы жағына 2 индикатор, 2- алдына, және 1-уі ортасына). Құрғақ ыстық шкабын электр тогының желісіне қосыңыз, залалсыздандыру 180 градуста 60 минут уақыт болу керек, оның 25 минуты материалдарды қыздыруға, 35 минуты көрсетілген температурада микробтарды және олардың ұрықтарын жоюға кетеді.

4.Құрғақ ыстық шкабын ток желісінен алып тастаңыз, есігін тек температура 45-50 градусқа төмендегенде ғана ашыңыз, мейірбике таза хирургиялық халат, маска және залалсызданған қолғап киіп лотоктағы бұйымдарды алып шығады.

Ескертпе: залалсыздандырылған бұйымдар бірден залалсыздандырылған соң қолданылады.

 

2.8. ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРАТЫН ҚОРАПТАРДЫ РЕТПЕН САЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін және белгіленген уақыт аралығында сақтау кезінде залалсыздану деңгейін сақтау үшін.

 

Жабдықтау:

-зарарсыздандырығы ерітінді: 1% хлорамин ерітіндісі (немесе басқа рұқсат етілген ерітінді)

-«бикстер үшін» деген белгісі соғылған сүлік-2 дана

-сүліклерді, қолғаптарды зарарсыздандыруға арналған ыдыс

-қолғаптар, маска

-бикстік ішіне салуға арналған үлкен қалың дәке

-орауға арналған материалдар, медициналық бұйымдар

-пішіні және сыйымдылығы әртүрлі залалсыздандыру қораптары(ЗҚ), фильтрмен немесе фильтрсіз,қораптары.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

2.Бикстің дұрыстығын тексеріңіз.

3.Бикстің ішкі бетін және сырт жағын 2 рет, (15 минуттан соң) зарарсыздандырыңыз.

4.Бикстің ішіне матаны оның шеттері бикстің биіктігінен 2/3-дей сыртына шығып тұратындай салыңыз.

5.Материалдарды немесе бұйымдарды арасына қол сиятындай бостау етіп ретпен салыңыз.

6.Осы бұйымдар үшін температура тәртібіне сәйкес залалсыздандыру индикаторын салыңыз.

7. Барлық салынған материалды бикстің сыртына шығып тұрған дәке шеттерін қайырып жақсылап жабыңыз.

8. Бикс қақапағының астына залалсыздандыру индикаторын салыңыз.

9. Бикс қақпағын құлыпқа жабыңыз.

10.Бикс тұтқасына бөлімше және кабинет аты, залалсызданатын бұйымдардың аты көрсетілген белгіні байлайсыз.

 

Ескертпе: ОЗБ-не бикстер таза, қалың қапшықта жеткізіледі, ОЗБ-нен де дәл осылай әкелінеді.

 

2.9. ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАРТУДЫҢ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Клизмалар.| ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)