Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Клизмалар. 3 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

3.Пациенттің арқа тұсынан тұрыңыз және одан түкіргішті аузына апаруын сұраңыз, 3 рет терең дем алып, үшінші демнің соңында қатты жөтеліп, қақырығын түкіргішке түкіруін сұраңыз.

4.Жиналған қақырық мөлшері жеткілікті және ол сілекей емес екеніне көз жеткізіңіз.

5. Түкіргіш қақпағын медицина қызметкері өзі жабады, сосын оны тасымалдау үшін арнайы қорапқа немесе бикске салады- бұл 1-ші порция.

6.Биксті сыртынан спиртпен сүртіңіз.

7.Медицина қызметкері қолғаптағы қолын сабынмен жуу керек.

8. Арнайы киімді шешіңіз,бір реттік болса жойылады, ал көп реттік болса зарарсыздандырылады.

9. Пациент келесі күні таңертең қақырық жинау үшін таза түкіргіш алады және оған қақырық жинап оны емдеу мекемесіне әкеліп тапсырады- бұл екінші порция.

10. Үшінші порциясы сол күні мейіркештің бақылауымен жиналады, (осы тәртіптің 1,2,3,4,5 Тарауларын қара).

Жұмыс орнында тамақтануға, шылым шегуге тыйым салынады. Қауіпті материалмен ластанған заттар тез арада зарарсыздандырылуы немесе жойылуы керек. (5% хлорлы ерітінділерде 4 сағатқа салып қою керек.) Түкіргіштер тасымалдау алдында 5% хлор лы ерітінділерге малынып алынған ветошьпен сүртіп алынады.

 

Ескертпе: Қақырық қақпағы тығыз бұралып жабылатын түкіргіштерге жиналады. Түкіргіштің сыртына пациенттің аты, фамилиясы, туған жылы, қақырықты жинаған күні көрсетіледі. Әрбір күдікті адамнан зерттеуге үш порция қақырық жіберіледі. Қақырық жинау бөгде адамдар жоқ, жақсы желденетін, желдеткіші және кварц лампасы бар жерде немесе далада медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жиналады.медицина қызметкері маска киіп, алдына клеенка алжапқыш байлап, қолына резеңке қолғап киюі керек.

 

10.7. АТИПТІ КЛЕТКАЛАРҒА ҚАҚЫРЫҚ ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: қақырықта атипті клеткалар бар- жоғын анықтау.

Жабдықтау:

1.қақпағы бар, таза, аузы кең шыны ыдыс,

2.зерттеуге жолдама қағазы.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.1Құрғақ, таза ыдыс дайындаңыз.

1.2Зерттеуге жолдама жазыңыз.

1.3Этикетканы ыдысқа жапсырып, онда пациенттің А.Т.Ж.,бөлімше және палата нөмірі, айы, күні және мейіркештің қолы болуы керек.

1.4Пациентті дайындаңыз.

- Қақырықты таңертең, аш қарында жинау керектігін түсіндіріңіз.

- Қақырық жинар алдында тісін тазалап, аузын қайнаған сумен шаю керек, (тістері қанайтын болса, онда аузын ас содасы ерітіндісімен немесе) 0,01 % калий перманганат ерітіндісімен шайғызу керек).

- Жөтеліп,қақырығын таза шыны ыдысқа 3-5мл. кем емес мөлшерде жинау керек.

- Қақырық болмаса, терең дем алып содан соң жөтел соңында қақырықты жинау қажет жэәне қақпағын жабу керек. Жиналған қақырықты жолдамамен қоса зертханаға 1 сағаттан кешіктірмей тапсыру керек.

 

Ескертпе: қақырық жиналған ыдыс зертханаға бірден, жылы күйінде жеткізілуі керек.

10.8. ҚАҚЫРЫҚТЫ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ҮШІН ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Жабдықтау: Залалсыздандырған Петри шыны табақшасы немесе залалсыздандырған түкіргіш

-Зерттеуге жолдама қағаз.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Зерттеу алдына бактериологиялық лабораториядан залалсыздандырған Петри табақшасын немесе залалсыздандырған түкіргішті алып қойыңыз.

2.Зерттеуге жолдама тлотырыңыз.

3.Залалсыздандырған түкіргішке этикетка жапсырыңыз.

4.Пациентті дайындаңыз:

- Қақырық аш қарында, таңертең ерте жиналуы керек екенін түсіндіріңіз.

- Қақырық тапсырар алдына тістерін тазалап және ауыз қуысын қайнаған сумен шаю керек екенін ескертіңіз.

- Қақырықтың алғашқы порциясы түкіргішке жиналмайды, түкіріп тасталынады.

-Қақырықтың келесі порциялары залалсыздандырған түкіргішке жиналып, қақпағы жабылады.

5.Жиналған қақырықты жолдамамен қоса зертханаға жеткізіңіз.

 

 

10.9. МҰРЫННАН ЖҰҒЫНДЫ АЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Жабдықтау:

-қолғаптар

-шыны пробиркада залалсыздандырған, темір, жұғынды алатын таяқша

-шпатель

-штатив.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды жуып, қолғап киіңіз.

3.Пациентті терезеге қарай отырғызыңыз(басы аздап шалқайған болуы керек.)

4.Пробирканы сол қолыңызға алыңыз, оң қолыңызбен пробиркадағы жұғынды алатын темір таяқшаны алыңыз.

5.Сол қолыңызбен пациенттің мұрын ұшын жоғары көтеріңіз,оң қолыңызбен жұғынды алатын таяқшаны жеңіл айналмалы қозғалыстар жасай отырып төменгі мұрын қуысына, алдымен бір жағына, содан соң екніші жағына енгізіңіз.

6. Ақырындап, пробирканың сыртына жанастырып алмай жұғынды алған тақшаны пробиркаға енгізіңіз.

7.Жолдама толтырыңыз (пациенттің фамилиясы, аты,күні, зерттеу мақсаты, емдеу мекемесінің аты, «мұрын жұғындысы»).

8.Пробирканы жолдамамен қоса зертханаға жіберіңіз.

 

 

10.10. МҰРЫН ЖӘНЕ ТАМАҚТАН ЖҰҒЫНДЫ АЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: ауру қоздырғышын анықтау.

Көрсеткіші:

-Организмде бактерия бар- жоқтығын анықтау мақсатында, емдеу мақсатында мұрын және тамақ қуысындағы микрофлораны анықтау.

Жабдықтау:

-мақта тампондары бар залалсыздандырған пробирка

-оларды зертханадан алдырады.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентті жарық көзінің тұсына қаратып отырғызыңыз.

2.Оған аузын ашуды ұсыныңыз.

3.Сол қолдағы шпательмен тілдің түбін төмен басыңыз.

4.Оң қолыңызбен пробиркадағы залалсыздандырған тампонды алып шығыңыз және онымен тамақ бездерінң айналасын сүртіп алыңыз(сол және оң жағынан), ауыз қуысы мен тілдің кілегей қабатына жанастырып алмай.

5.Ақырындап, пробирканың сыртына жанастырып алмай залалсыздандырған тампонды пробиркаға салыңыз.

6.Пробиркаға белгі соғыңыз.

7.Пациенттің басын аздап артқа шалқайтыңыз.

8.Сол қолыңызға пробирканы алыңыз, оң қолыңызбен тампонды шығарыңыз.

9.Жеңіл, айналмалы қозғалыстар жасай отырып тампонды мұрын қуысының төменгі жағына енгізіңіз, алдымен бір жағына, содан соң екінші жағына.(әрбір мұрын қуысына жеке- жеке тампон).

10.Пробирканың сыртқы қабырғасына тигізіп алмай тампонды ақырындап пробиркаға енгізіңіз.

11.Пробиркаға белгі соғыңыз.

12.Жолдама жазыңыз, онда пациенттің фамилиясы, аты, жасы, палата мен бөлімше нөмірі, жұғынды алған күн, ай және мейірбикенің қолы болу керек.

13. Пробиркаларды тез арада бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

 

 

10.11. ЖАЛПЫ ТАЛДАУҒА ЗӘР ЖИНАУ ҮШІН ПАЦИЕНТТІ ДАЙЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: диагностикалық

Жабдықтау:

- сыйымдылығы 200-250мл. құрғақ, таза ыдыс

- зерттеуге жолдама.

Іс-әрекет алгоритмы:

 

1.Пациентке зерттеу жүргізу тәртібі мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Зәрді тапсырар алдында көп мөлшерде сәбіз бен қызылша жемеу керек, зәр айдайтын дәрілер, сульфаниламидтер қабылдамау керек екендігін ескертіңіз.

3. Зерттеуге бір күн қалғанда сұйықтық қабылдау тәртібін бұзбау керек.

4.Зәр жинау алдында сыртқы жыныс мүшелерін жуып, тазалау керек.

5.Зерттеу алдында аузы кең үлкен шыны ыдыс дайындап алыңыз (жуып, кептіру керек).

6.Жолдама дайындаңыз, онда көрсетіңіз: зәрді жалпы талдау, пациенттің А.Т.Ж., жасы,бөлімше мен палата нөмірі, айы, күнін жазып, қол қойыңыз.

7. Таңертеңгі зәрін жинаңыз-100-150мл.

8.Таңертеңгі сағат 9.00. кешіктірмей жиналған зәрді зертханаға жеткізіңіз.

Ескертпе: Ыдысты сода ерітіндісімен жууға болмайды (зәр тез сілтіленіп кетеді). Синтетикалық жуғыш заттардан, сүттен босаған ыыстарды қолдануға болмайды.

10.12. ЗӘРДІ НЕЧИПОРЕНКО БОЙЫНША ТАЛДАУҒА ЖИНАУ ҮШІН ПАЦИЕНТТІ ДАЙЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: клеткалық элементтердің санын анықтау.

 

Жабдықтау:

-таза құрғақ ыдыс

-зерттеуге жолдама.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Зерттеу алдында таза, құрғақ ыдыс дайындап алыңыз.

2.Ыдысқа белгі қойып, пациентке беріп қойыңыз.

3.Жолдама дайындаңыз, онда пациенттің фамилиясы, аты, жасы,бөлімше мен палатаның нөмірі, талдаудың аты- Нечипоренко бойынша, айы, күні және мейіркештің қолы болуы керек.

4.Пациентке келесі жағдайды түсіндіріңіз: талдауға зәрдің ортаңғы бөлігін жинау керек, зәрге отырар алдында сыртқы жыныс мүшелерін тазалап жуу керек.

5.Жиналған зәрді зертханаға жеткізіңіз.

 

10.13. ЗӘРДІ ЗИМНИЦКИЙ ӘДІСІ БОЙЫНША ТАЛДАУҒА ЖИНАУ ҮШІН ПАЦИЕНТТІ ДАЙЫНДАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты:д иагностикалық

Жабдықтау:

-таза, құрғақ, белгі қойылған ыдыстар (10)

-жолдама.

 

Пациентті дайындау:

-Зерттеу жүргізер алдында зәр айдағыш дәрілерді қолданбау керек.

- Тәулігіне сұйықтық қабылдауды 1,5л.дейін шектеу, зәр бөлу көбейіп, оның салыстырмалы тығыздығы төмендемеу үшін.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Сыйымдылығы 200,0мл. 8 ыдыс және қосымша 2-3 ыдысты жуып, кептіріңіз.

2.Әр ыдысқа этикетка жапсырыңыз, онда көрсетіңіз: зәрді Зимницкий бойынша талдау, порция№1,...., пациенттің фамилиясы, аты, жасы, бөлімше мен палатаның нөмірі, айы, күні және мейіркештің қолы.

3.Пациентке былай деп түсіндіріңіз: зәр тапсыратын күні таңертеңгі сағат 6.00.-де зәрді унитазға отырсын, одан кейінгі зәрді әрбір 3 сағат сайын әрбір ыдысқа отыру керек, келесі күнгі таңғы сағат 6-ға дейін.

4.Түнде, тиісті уақытында пациентті оятып отыру керек.

5.Таңертең, сағат 8.00-ден кешіктірмей зәрдің барлық порциясын зертханаға жеткізу керек.

Ескертпе: Егер зәр артылып қалса,онда оны қосымша ыдыстарға жинау керек. Ыдыстың сыртына: «№.. порцияға қосымша зәр» деп жазылады. Тиісті уақытында зәр бөлінбесе ыдыс зертханаға бос қалпында жеткізіледі.

10.14. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ЗӘР ЖИНАУ

ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі микрофлора түрін анықтау, инфекцияның таралуына бақылау жасау үшін.)

Жабдықтау:

- сыйымдылығы 200мл. залалсыздандырған шыны ыдыс, қақпағы крафт қағаздан

- жолдама.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентті зәрді зерттеуге жинау ережесімен таныстырыңыз, сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығына баса назар аудару керек екендігін ескертіңіз.

2.Сосын пациент ыдыстың қақпағына және ішкі бетіне ештеңе жанастырмай ашады, оған зәрге отырады,(әйелдер зәрдің тек ортаңғы бөлігін жинайды), ыдысты ½ бөлігіне дейін толтырып қақпағын жабады.

3.Таңертенгі сағат 9.00. кешіктірмей жиналған зәрді зертханаға жіберіңіз.

Ескертпе: процедураны тез және нақты, ыдысты тез жабатындай етіп жасау керек және ыдыс таза емес беттермен жанаспау керек; зәрді бактериологиялық зерттеулерге залалсыздандырғанлік ережелерін сақтай отырып жинау керек, қоршаған ортадан бактериялар түсіп кетпеу керек.

 

 

10.15. ЗӘРДЕГІ ҚАНТ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН ЗӘР ЖИНАУҒА ПАЦИЕНТТІ ДАЙЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: зәрдегі қант мөлшерін анықтау.

 

Жабдықтау:

-сыйымдылығы 3 литр және 200-250мл. ыдыстар

-өлшем белгісі бар флакон

-шыны таяқша

-жолдама.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Зерттеу алдында ыдыстарды дайындап алыңыз.

2.3 литрлік банкге белгі салыңыз: қағаз тілімін желімдеңіз,оған көлем көрсеткіштерін жазыңыз(100,200,300,400 және т.с.с.)

3.Пациентке зәр жинау ережесін түсіндіріңіз: таңертең қуықты түнгі зәрден унитазға босату керек, сыртқы жыныс мүшелерін жақсылап жуу керек, содан соң барып тәулік бойындағы зәрді 3 литрлік ыдысқа жинау керек.

4.Тәуліктік диурезді өлшеңіз.

5. Шыны таяқшамен зәрді араластырыңыз.

6.200мл. ыдысқа зәрді құйып алыңыз.

7.Зертханаға жолдама жазыңыз, онда көрсетіңіз: зәрдегі қантты анықтау, пациенттің фамилиясы, аты, жасы, бөлімше мен палатаның нөмірі, айы, күні, және мейіркештің қолы.

8. Сағат 8.30.-ға дейін зертханаға зәр мен жолдаманы жеткізіңіз.

10.16. НӘЖІСТІ КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: ас қорыту жолдарының барлық бөлімдерінің ас қорыту қабылеті жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

Жабдықтау:

- зерттеуге жолдама

- құрғақ, таза, шыны ыдыс

- шпатель

- судно, горшок

- резеңке қолғап

- зарарсыздандыру ерітінділері бар ыдыстар

- полиэтилен қапшығы

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Зерттеу алдында пациентке алдағы процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Дәрігер тағайындаған диеттік тағамның құрамын түсіндіріңіз(диеттік тамақтануға ауысу нәжісті талдауға тапсырудан 4-5 күн бұрын болу керек.)

3. Кешкісін құрғақ, таза, шыны ыдыс және шпатель дайындап қойыңыз.

4.Нәжісті зерттеуге таңертең жинау керек екендігін түсіндіріңіз.

5. Пациентке ескертіңіз: зерттеу жүргізілетін күні пациент ішектерін нәжістен суы жоқ судноға босату керек, унитазға отырмау керек. 6.Фекалий алу тәртібін түсіндіріңіз:

- Фекалий алар алдында қолғап кию керек. Ағаш шпательмен 5-10грамм фекалий алып (зәр араласпау керек), оны дайындалған ыдысқа салу керек.

- Қолданылған шпательді полиэтилен қапшыққа салу керек.

- Қолғапты шешіп, оны да сол қапшыққа салу керек.

- Қапшықты байлап, жою керек.

- Қолды жуып, антисептикпен өңдеу керек.

- Алынған материалды жолдамамен қоса зертханаға жеткізу керек.

Ескертпе: амбулаториялық жағдайда манипуляция орындау кезінде қолғап пен шпательді полиэтилен қапшығына тастау керек, ал стационарлық жағдайда қолғап пен шпательді зарарсыздандыру керек.

Нәжісті бұрандалы қақпағы бар ыдысқа жинайды. Ыдыс құрғақ және таза болу керек. Зерттеу нәтижесінің нақты дұрыс болуы пациенттің зерттеуге дұрыс дайындалуына және фекалиді жинау тәртібіне тікелей байланысты болады. Зертханаға фекалиді клизмадан соң, тік ішекке емдік майлар енгізгеннен соң, ішке бояғыш заттар қабылдаған соң, кастор және вазелин майынан соң, белладонна, пилокарпин, темір, висмут, барий қабылдаған соң тапсыруға болмайды.

10.17. НӘЖІСТІ ЖАСЫРЫН ҚАНҒА ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: нәжісті жасырын қанға зерттеу

 

Жабдықтау:

- зерттеуге жолдама

- таза, құрғақ шыны ыдыс

-шпатель

-судно, горшок

-резеңке қолғап

-зарарсыздандыру ерітінділері бар ыдыстар

-полиэтилен қапшық

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке 3 күн бұрын алдағы процедура жайында, оның мақсаты мен орындалу барысы жайында түсіндіріңіз, алдағы дайындықтар жайында ескертіп қойыңыз.

2. Пациентті келесі жағдайлар жайында хабардар етіп қойыңыз: 3 күн бұрын ет, балық тағамдарын жеуге болмайды, сондай-ақ көк жемістерді жеуге болмайды, яғни құрамында темірі бар тағамдар., сондай-ақ йод, бром, темірі бар тағамдарды қолдануға болмайды.

3. Пациенттен немесе оның семья мүшелерінен анықтаңыз: оның басқа жерлерінен қан кету байқалмай ма екен, (тіс қанау, қан түкіру, геморрой, менструация), бұл жағдайлар жалған нәтиже алуға ықпал етеді.

4.Егер мұндай жағдайлар байқалса, нәжіске қан түсіп кетпеуін қамтамасыз ететін жағдайларды ұсынып, кеңес беріңіз.

5.Кешкісін қақпағы бар, таза, құрғақ, шыны ыдысты және шпательді дайындаңыз.

6. Зерттелетін күні таңертең фекалий алу керек екендігін түсіндіріңіз.

7.Пациент үлкен дәретке унитазға емес, судноға(суы жоқ) отыру керектігін түсіндіріңіз.

8. Фекалий алу тәртібін түсіндіріңіз:

- Фекалий алар алдында қолғап кию керек. Ағаш шпательмен 5- 10грамм фекалий алып (зәр араласпау керек), оны дайындалған ыдысқа салу керек.

- Қолданылған шпательді полиэтилен қапшыққа салу керек.

- Қолғапты шешіп, оны да сол қапшыққа салу керек.

- Қапшықты байлап, жою керек.

- Қолды жуып, антисептикпен өңдеу керек.

- Алынған материалды жолдамамен қоса зертханаға жеткізу керек.

9.Алынған материалды жолдамамен қоса зертханаға жеткізіңіз.

 

 

10.18. НӘЖІСКЕ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: бактерияларды анықтау:

Көрсеткіші:

-Жедел ішек жұқпасы

Жабдықтау:

-сымға немесе арнайы сым- ілгекке оралған мақта тампоны бар залалсыздандырған пробиркалар

-зерттеуге жолдама

-резеңке қолғаптар

-тасымалдауға арналған контейнер немесе темір пенал, оларда бактерияларды өсіруге арналған орталары бар пробиркалар және нәжіс алуға арналған ағаш шпатель орналасқан.

-консерванты бар флакон((30 % глицерина) ерітіндісі және 70 % физиологиялық ерітінді

-зарарсыздандыратын ерітінділері бар ыдыстар

-стеклограф

-штатив.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Алдын –ала пациентке алдағы процедура жайында, оның мақсаты жайында түсіндіріңіз.

2.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

3.Клеенка алжапқышты алдыңызға жауып, қолғапты киіңіз.

4.Столға барлық қажетті заттарды қойып алыңыз.

5. Стеклографпен пробиркаларға жолдамадағы нөмірге сәйкес етіп нөмірлерін қойып шығыңыз.

6. Пробиркаларды штативке орналастырыңыз.

7. Пробиркадан залалсыздандырған тампонды алып шығыңыз.

8.Пробиркаға 3-5 мл. консервант құйыңыз.

9. Тампонды консервантқа малып алыңыз, артық мөлшерін пробирка қабырғасына сығып тастаңыз.

10.Пациенттен сол жақ қырымен жатып, аяғын ішіне қарай бүгуін сұраңыз.

11.Сол қолыңызбен пациенттің 2 жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен ақырын, күштемей айналмалы қозғалыстармен тік ішекке 3-4 см. тереңдікке тампонды енгізіңіз.

12.Тампонды шығарыңыз.

13. Тампонды пробирканың шеттеріне жанастырып алмай құрғақ залалсыздандырған пробиркаға салыңыз.

14. Пробирканы штативке орналастырыңыз, ал штативті контейнерге салып, тығыздап жабыңыз.

15.Қолғапты шешіңіз, оны зарарсыздандырыңыз.

16. Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз.

17.Алынған материал мен жолдаманы бактериологиялық зертханаға жіберіңіз.

10.19 НӘЖІСТІ ГЕЛЬМИНТ (ҚҰРТ) ЖҰМЫРТҚАСЫНА ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: құрттардың бар- жоқтығын анықтау.

Жабдықтау:

-зерттеуге жолдама қағаз

-құрғақ, таза шыны ыдыс

-ағаш шпатель

-стеклограф

-судно немесе горшок

-резеңке қолғап, клеенка алжапқыш

-зарарсыздандыру ерітінділері бар ыдыстар

-антисептик ерітінділері.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Алдын –ала пациентке алдағы процедура жайында, оның мақсаты жайында түсіндіріңіз.

2.Құрғақ, таза, қақпағы бар ыдысты дайындаңыз.

3.Пациентке фекалийді зерттеу жасайтын күні таңертең жинау керектігін түсіндіріңіз.

4.Фекалийді унитазға емес, судноға (суы жоқ) жинау керек екенін ескертіңіз.

5.Резеңке қолғапты киіңіз.

6.Ағаш шпательмен фекалиді әр жерден (үш жерден) алыңыз және құрғақ шыны ыдысқа салып, аузын жабыңыз.

7.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз.

8.Жолдама жазыңыз.

9.Алынған материалды жолдамамен қосып зертханаға жіберіңіз.

 

Ескертпе: амбулаториялық жағдайда манипуляция орындау кезінде қолғап пен шпательді полиэтилен қапшығына тастау керек, ал стационарлық жағдайда қолғап пен шпательді зарарсыздандыру керек.

11-Тарау. Аспаптық тексеру әдістері.

11.1.- Пациенттің асқазанын рентген тексерісіне дайындау алгоритмы.

11.2.-Пациенттің тоқ ішегін рентген тексерісіне дайындау алгоритмы.

11.3.- Пациентті холецистоскопияға дайындау алгоритмы.

11.4.- Пациентті холеграфияға дайындау алгоритмы.

11.5.- Пациентті экскреторлық пиелографияға дайындау алгоритмы.

 

Эндоскопиялық тексеру әдістері

 

11.6.- Пациентті ректороманоскопияға дайындау алгоритмы.

11.7.- Пациентті жоспарланған фиброгастродуоденоскопияға дайындау алгоритмы.

11.8.- Пациентті фиброколоноскопияға дайындау алгоритмы.

11.9.- Пациентті бронхоскопияға дайындау алгоритмы.

11.10.- Пациентті колоноскопияға дайындау алгоритмы.

11.11.- Пациентті цистоскопияға дайындау алгоритмы.

11.12.- Пациенттің іш қуысының УДЗ-ге дайындау алгоритмы.

11.13.- Пациенттің өт жолдарының қысқаратын қабілетін УДЗ-ге дайындау алгоритмы.

11.14.- Пациенттің кіші жамбас мүшелерін УДЗ-ге дайындау алгоритмы(қуық, жатыр, аналық без, қуық без).

11.15.- Пациенттің бүйрек, жүрек және қан тамырларын УДЗ-ге дайындау алгоритмы.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 544 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Клизмалар. 2 страница| Тарау. Клизмалар. 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)