Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дүниежүзілік саясат ұғымы.

Читайте также:
  1. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  2. Курстың саясаты мен процедурасы.
  3. Леуметтік саясат және АД
  4. Леуметтік саясат және Адами даму

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халақаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те

жеткілікті.Халықаралық қатынастардың тарихи дамуы барысында оның

қатысушыларының сипаты, қызмет тәсілдері, өзара іс-қимыл көлемі

айтарлықтай өзгерді. Бұл жеке мемлекетаралық іс-қимылдардың белгілі бір

аймақ шеңберімен шектеліп қалуынан әлемдік жаһандануға өту белгісі. Қазіргі

кезде бүкіл әлем іс жүзінде халықаралық саясат кеңістігі болып, бірте-бірте

жаһандануға өту барысы аңғарылады. Ғаламдасу (жаһандану) саяси бағытымен бірге мемлекеттер арасындағы “ұлттық мүдделер” бәсекелестігі тұрғысындағы қатынастар қалыптасты олар, бір жағынан, бірнеше ұлы державаның даму жолындағы бірігуіне айналса, екінші жағынан, саналы түрдегі өзінің

стратегиялық, перспективалық болашақтағы бірігу процесінде жетекшілік етуге мүдделі. Бұл құбылыстар жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуын бейнелейді. Халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесінің қалыптасуы ортағасырлық және Жаңа дәуір (ХYІ ғ.) кезеңінде жүзеге аса бастады. Бұл

процестің маңызды алғышарттары: 1) ХY ғасырдың соңы мен ХYІ ғасырдың басындағы ұлы жағырапиялық ашулардан туындаған халықаралық саясат кеңістігінің ұлғаюы; 2) халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік

жүйесінің пайда болуы; 3) халықаралық ынтымақтың әртүрлі үлгілерін ің жетілуі; 4) аса ірі ұлттық мемлекеттердің құрылуы.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 545 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)