Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік саясат және АД

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі- жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды- әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар,жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандыру мен, аналар мен балаларға қамқорлық жасау мен, азаматтарды сауықтырудың профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдаы ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп және қолдап отырғаны белгілі бір әлеуметтік – экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қрғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік- эономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қоғаулар; 2)қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмысыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қоғау шаралары; 3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары. Нақты алғанда- бұлар: мемлекет тарапынан кепілдік беретін және анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері.

 

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 74 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)