Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік саясат және Адами даму

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
  7. Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чили моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

1. Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;

2. Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;

3. Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;

4. Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;

5. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.

Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)