Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоталитарлық режимнің саяси практикасы

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстандағы болған саяси элита
  3. Ежелгі грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойшылдар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон). Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.
  4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері.
  5. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
  6. ФОЛЬКЛОР ПРАКТИКАСЫ МАТЕРИАЛЛАРЫ

Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Румынияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Келесі белгілер тоталитарлық режимді сипаттайды:- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;- террористік полицейлік бақылау жүйесі;- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;- қарулы-әскери күшпен бақылау;- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы; - тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді.

Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын тебуі және оның мемлекетпен тұтасып кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дәріптеу, қоғамдық санада тек бір ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы және т.б.

Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.

Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі) дамушы елдердің артта қалу мәселелері

Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады.Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады.

Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік.

26 Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи)

Орта ғасырлар (б.д. IV-XV ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғанда қоғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады.Саяси ойлардың айтарлықтай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектерінде кӛрініс тапты. Оның аса кӛрнекті ӛкілдері болып әл-Кинди, Бируни, әл-Фараби, Ибн-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низами, Әлішер Науаи және басқалары саналды. Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның, философиялық және әлеуметтік-саяси ойдың дамуында үлкен рӛл атқарған Сырдариядағы (Қазақстан) Фараб қаласында туған ұлы ғалым Әбунасыр Мұхаммед әл-Фараби (870-950) болды.

Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың кӛрнекті ӛкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұқарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы – «Хәмсә» («Бес қазына») бес поэмадан тұрады. Олар: «Құпиялар қазынасы», «Хорстар және Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті сұлу» және «Ескендір-наме».

Низамидың шығармалары ӛз дәуірінің энциклопедиясы іспетті болды. Онда әлеуметтік-саяси материалмен қатар философия мен жаратылыстанудан, психология мен педагогикадан, тарих пен филологиядан, этика мен эстетикадан, экономика мен діннен ауқымды материалдар берілді. Оның шығармашылығы одан кейін де Шығыс пен Батыстың алдыңғы қатарлы әлеуметтік-саяси ойының дамуына үлкен ықпал жасады.

Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында ӛзбектің кӛрнекті ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рӛл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен айналысты, мәдениет қайраткерлеріне қамқорлық жасады.

Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың кӛп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол «Шардиван» (Тӛрт лирикалық жинақ), «Хәмсә» (Бес поэма), «Махбуб әл кулуб» (Ғашық жүректер), «Мухакамат әл лугатайн» (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды, олар орта азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған құнды үлес болды.

Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойдың тарихи дамуы тек Шығыстың ғана емес, Еуропаның, жалпы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-саяси іліміне қосылған үлкен үлес болды.

Еуропаның орта ғасырлық саяси ойының ӛзіндік ерекшелігіне, ең алдымен, батыстың саяси ойына негізінен христиан діні мен Рим шіркеуінің күшті ықпалы себепші болды. Сол тұстағы саяси ойдың орталық мәселелерінің бірі қандай билік басым болуы керек – рухани-діни (шіркеу) немесе зайырлық па (мемлекет), деген мәселе болды. Шіркеудің саяси талаптарын негіздей келіп, оның идеологтары билеушілердің куаттылығы шіркеуден шығады, ал шіркеу ӛзіне беделді тікелей Христадан алады деп сендірді. Осыдан христиандық ел билеушілерінің сӛзсіз міндеті – христиан шіркеу басына бағынатындығы болып шығады

 

35 ) Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі. “Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген, таңдалған деген мағынаны білдіреді. ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ.басында италия ғалымдары Г.Моска,В.Паретто, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінеді деді.Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,байлықты,діни дәрежені(мәртебені жатқызады. Осы үш қасиет,оның ойынша,адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
“Элита”терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға” бірдей социология трактатында (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады.Ол бойынша элита билік басында алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар бір элита екіншіні алмастырып,жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша,бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді..Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды.Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппаратыпайда болады.Ол көпшілікпен біртіндеп алшақтайды,қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды.Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынаншығармай,сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек,шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі,билігі дегеннің бәрі бос қиял.”Огархияның темірдей заңы “ осы дейді..Р.Михельс.

36) Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар(Н.Макиявелли,Томас Мор,Жан Боден). Қайта өрлеу дәуірінін көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Липийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жұргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-катынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, каһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен кушті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы ушін бірақ рет колданылуы керек. Бірак Макиавеллидің бул ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген кағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Кейбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, ездерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.

Томас Мор ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1932 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

Боден Жан(1530-1596) - атақты француз саяси ойшылы, қүқықтанушысы, егемендік теориясының негізін қалаушы. "Мемлекет жайлы алты кітап" еңбегінде ол монархияның шексіз егемендігін қолдады, бірақ монарх билігі қүдайдан еместігін алға тартты. Сондай-ақ ол Макиавелли сияқты саясатты дін мен моральдан аражігін ажыратып қарастырды. "Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі" деді. Бүл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік үғымдарына назар аударады. Мемлекеттік басқару жеке әулеттердің мүлкіне емес, тек мемлекеттік мүлікке қана жүреді. Боденнің пікірінше, мемлекеттік биліктің еге- мендігі пападан да, империядан да, ішкі сословиелік күрестен де тәуелсіз бөлінбес, шексіз, жоғарғы билік. Ол шексіз монархия мен үлттық мемлекетті жақтады. Егеменді биліктің қүрамдас бөліктері: заңшығарушы қүқық, бейбітшілік пен соғыс қүқы, жоғары лауазымды шенеуніктерді сайлау қүқы, рақымшылық ету қүқы, ақша басу қүқы, - дейді ол. Ж.Боден Монтескьеден әлдеқашан бүрын қоршаған ортаның түрмысқа, адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың бірге түру түрлеріне ықпалын анықтаған. "Тарихты оңай зерттеу әдісі" еңбегінде ол осы мәселені жан-жақты ашып қарастырған. Ж.Боден Макиавеллидің ізінше шіркеуден тәуелсіз саяси ғылымға жол ашып, мемлекеттік егемендіктің қажеттігін дәлелдеп, қүқық қүндылығын арттыруда еңбек сіңірді.

37)Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешеліктері. Тоталитаризм өзінің революцияшылдығымен ерекшеленсе, авторитаризм, керісінше консерватизмімен, дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды ұстануымен ерекшеленеді және органикалық даму идеясына жүгінеді. Бұл идеяның астында кез-келген прогрессивті бастауларға кедергі келтіруге ұмтылу жасырынып жатуы мүмкін, бірақ авторитаризмның ескі тәртіптерді революциялық қиратуға қарсы екендігі күмәнсіз.

Мұнда осы екі саяси жүйенің өте елеулі айырмашылығы көрінеді. Егер тоталитаризм «ұлы ілімде» бейнеленген өзінің утопиялық идеалына сай алдыңғы әлеуметтік иерархияны, азаматтық қоғамның институттары мен құрылымдарын қиратып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзіп, қалыптасқан әлеуметтік жіктелуді жоюды көздесе, авторитаризм керісінше бұларды сақтауды қолайлы көреді. Ол мемлекеттен араласудан азат аймақтарды қалдырады. Авторитарлық режим орнаған елдерде демократиялық қайта құрылуды жүзеге асыру азды-көпті ауыртпалықсыз өтетіндігі де сондықтан.

Егер тоталитаризм өндірістің барлық құралдарын жалпылау жолымен экономиканы толықтай мемлекеттендіруді жүргізсе немесе оған қатаң мемлекеттік бақылауды орнатса, авторитаризмде бұрынғы әлеуметтік-экономикалық ахуал мен экономиканы басқарудың механизмдері сақталынады. Билік басына келген билеуші топ мамандарға экономиканы тікелей басқаруды тапсыра отырып, экономикалық процестерге өте мүқият қатынаста болады. Бүған деген қажеттілік айдан анық, тіпті большевиктер шаруашылық дағдарысы кезеңінде өнеркәсіптерді басқаруға «буржуазиялық мамандарды» тартуға мәжбур болды.

Екі жүйенің айырмашылықтары тек қана азаматтық қоғамның институттарына ғана емес, сонымен қатар билік институттарының құрылымдарына да байланысты. Тоталитарлық жүйенің өзегі монополиялы билеуші партия болып табылады, ал кеңестік конституцияда оның қоғамдағы басқарушы рөлі бекітілген. Партиялық органдар бүкіл мемлекеттік аппаратта, қоғамдық ұйымдар мен өндірістік құрылымдарда болады. Партияның шешімдері биліктік өкілеттіктерді тасымалдаушылардың барлығы үшін, сондай-ақ армия мен ішкі қауіпсіздік қызметтері үшін де міндетті.

Авторитарлық жүйелерде ядро мен жоғары саяси құндылық мемлекет болады. Ол биліктік өкілеттіктер мен функцияларды атқарады. Мемлекеттің өзі заңнамада бекітілген нормаларға бағынады және репрессивтік емес, басқару функцияларын орындайды. Бірақ бұл, әрине, ұйымдасқан қылмыс пен билікті шексіз пайдалану фактілері болмайды дегенді білдірмейді.

Мемлекеттің қарсы топтардың үстінен қарап тұратын және олардың қарсылықтары мен күресін реттеп тұратын өзіндік төреші идеясы сақталынады. Бұл жағдайда авторитаризм мемлекетке әртүрлі қоғамдық күштер мен бір-біріне қарсы саяси топтардың арасындағы компромисті орнататын механизм рөлін беретін дәстүрлі және қазіргі заман доктриналарына сүйенеді.

Тоталитаризмнен айырмашылығы авторитаризм диктатураның жұмсақ, қатаң емес формасында болады, сондықтан да террор мен репрессия тоталитарлық жүйедегі тәрізді рөл мен орынға ие болмайды. Тоталитаризм өзінің утопиясы мен амбициясына сәйкес жүйелік террор мен жаппай репрессияларды жүзеге асырады. Террордың ұлғаятындығы соншалық қауіпсіздік қызметтері тіпті басқарушы партиямен билік үшін бәсекеге түсе бастайды. Репрессияға режимге қарсылар ғана емес, өзгеше ойлайтындар, тіпті «жаңа ортағасырға» іштей наразылар да ұшырайды.

Авторитаризмның тоталитаризмнен тағы бір ерекшелігі, ол сайлау террорын пайдаланады. Егер кімде-кім режимге белсенді түрде қарсы болмаса, ол қудалауға ұшырамайды. Әдетте авторитарлық режим мемлекеттік билік пен оның саясатына ашық қарсы шықпағандардың жеке өміріне араласпайды. Террор режимнің саясатына келісіп қана қоймай, оған белсенді түрде қарсы шығатындарға ғана қолданылады.

39) Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар(Томас Гоббс,Джон Локк,Шарль Луи Мантескье,Жан-Жак Руссо). Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, коғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге кажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Ағылшындық Джон Локк (1632-1704) әлеуметтік компромисс идеологы болды. Матриалист, ағартушы танымның эмпирикалық (тәжірибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. «Адам санасы жайындағы тәжірибе» деген шығармасы түрлердің шығу тегі мен адам танымының мүмкіншілігін зерттеуге арналған. Локктың ұйғаруынша, тұрмыстық идея мен принциптер – теория жүзінде де, практика жүзінде де құдай жөніндегі идеяны қоса алғанда болмайды, адамның барлық білімі тәжірибеден туады. Локк әлеуметтік-саяси тұжырымдамасын «Мемлекеттік басқару жайындағы екі трактатында» баяндаған. Мемлекет адамдардың еркімен құрылатын, қылмыскерлерді жазалайтын құрылым екен. Қоғамның игілігі үшін заңдарды шығарады, меншікті қорғау істерін жүргізеді. Заң шығару орындары жоғары тұруы керек. Локк абсолюттік –монархистік билік құрылымын қабылдамады. Оның мемлекет туралы идеялары ерте буржуазиялық революциялардың талаптарына сай келді.

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.

Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

40) Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері мен формалары. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.

Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.

Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.

Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады

Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құры- лымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жа- сап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағыну- шының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай- тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.

Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассоциативтік бірлестігінің бастапқы кезендерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, мораль- дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авторитаризм, авторитарлық — тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады

 

41 ) Қазіргі иделогиялардың негізгі түрлері. Қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырайық. Біздің еліміздің өміріне елеулі ықпал етуші — жаңарған либерализм. Оған айғақ—экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұнын бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік жөне мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы — қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн сиякты.

Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға ұмтылысы бәсендеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр.

Кейбіреулер кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеологияға тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа жатпайды. Себебі, идеологиялы құндылықтарды басшылыққа алмаған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған. Сондықтан да болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д. Истон "идеологияның ақыры" деген тезисті іс жүзінде консервативтік-демократиялық идеологияның бүтіндей билеуін бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі маманы К. Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопияпайда болады деген.

Өтпелі қоғамды басынан көшіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, үғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғүрлым алдағы болатын бо-лашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың әдет-ғүрып, салт-сана әлеуетін көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде. Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейірімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.

42) Билік түжырымдамалары.Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Теологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

43)Консервативтік идеология. Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм).

Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:

Дәстүршілдік - ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;

Либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;

Жаңа консерватизм олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.

44) Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы. Жаһандық проблемалар типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалу мәселелері. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы. Жаһандық проблемалар типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалу мәселелері.

Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар. Екінші дүнисж үзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді

45) Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады.(Мәселен, қазақ, қырғыз, түркмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар моңғол типтес этникалық топқаенеді.Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрл іжүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады. Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі- ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, терииториясымен экономикалық өмірінің, тілімен мәдениетінің,әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктірінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.

Қауымдастықтың түрлері. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу процесі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттардың негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісіде бөлек толып жатқан князьдектер мен хандықтарға, “жерлерге” бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетке адамдардың бір тұтас берік қауымға айналуы мүмкін емеседі. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құралады. Екіншілері бұрын көптеген тайпалардың “қысылып” бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты.

46) Авторитаризмнен демократияға өту жолдары. Демократиялануға өту жолдары. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары әкімшілік социализм елдерінің көпшілігінде авторитарлық және тоталитарлық режимдер күйреді. Бұл елдер демократиялану жолына түсе бастады. Қоғамды демократияландыру мен қайта құру жолына түскен елдерде қоғамдық және саяси қайта құрулардың екі негізгі жолы көрінеді: 1) либералдандыру жолы. Ол батыс үлгісіндегі тез саяси және экономикалық либералдануды («шоковая терапия») ұсынады. Шығыс Европа елдерінің кӛбі, КСРО осы жолды таңдады. Олардың ішінде, саяси мәдениеті, экономикалық уклады Батысқа жақын елдерде ӛндірістің құлдырауы т.б. жағымсыз құбылыстар болса да, қоғамның демократиялануы мен ӛзгеруі табысты болды. Батыс елдеріне тән кӛп жылдарлық дәстүрлі рыноктық экономикасы мен дарашылдық мәдениеті жоқ елдерде демократияланудың либералдық үлгісін жүзеге асыру ауыр, қиратушы салдарға әкелді: әлсіреуге, қылмыстың ӛсуіне, мемлекеттің ыдырауына, саяси және экономикалық анархияға, кейде соғыстарға, ӛндірістің бірден құлдырауына, тұрғындардың кӛпшілігінің жағдайының нашарлауына. Демократияланудың бұл үлгісін қабылдау, әсіресе КСРО үшін ауыр салдарға әкелді. 2) реформалаудың қытайлық үлгісі. «Демократияланудың» кеңестік тәжірибесінен кейін ресми идеология ретінде коммунистік идеологияны сақтаған елдер, ең алдымен Қытай тоталитарлық саяси құрылымдарды модернизациялау, мен реформалаудың ӛзіндік үлгісін жасады, ол «жаңа авторитаризм» деп аталды. Бұл үлгінің мәні - орталықтың күшті билігін сақтау және оны саяси тұрақтылықты сақтау мен сыртқы әлем үшін ашық рыноктық экономиканы дамытуды кӛздейтін радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшін пайдалану. Қытай үлгісі ӛзінің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін кӛрсетті. Қытайлық үлгі батыстық үлгідегі саяси институттарды тікілей енгізбегенімен, іс жүзінде демократияланудың алғы шарттарын жасап, азаматтардың жеке құқықтарын кеңейтіп, оларды толық бақылаудан босатты.

 

47)Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1126 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)