Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ежелгі грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойшылдар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон). Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстандағы болған саяси элита
  3. Великий греческий философ Аристотель, автор трактата «Поэтика». Скульптура работы Лисиппа
  4. Ежелгі Шығыс философиясы 1 страница
  5. Ежелгі Шығыс философиясы 2 страница
  6. Ежелгі Шығыс философиясы 3 страница

Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”, “Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған. Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.

Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы

қояды.Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс;

1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде

жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде

дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы

 

  1. адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір
  2. сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

Аристотель б.з.д.384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып,
мемлекет- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да
мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді.Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заңболса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің
әрі қарай дамуына жағдай жасады.

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасауды қажегтілігін түсінунен деп ұғындырады. Алғашкы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең назар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамтылды.

Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді.

Ежелгі грек ойларының дәстүрлері негізінде Цицерон мемлекеттік құрылымының әртүрлі формаларына талдау жасауға, бір формалармен екнші форманын пайда болуына, сонымен бірге олардың ең дұрыс формаларын іздеуге және т.б. мәселелерге үлкен көңіл бөлді. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), опти-маттарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді.

Мемлекет пен құқық мәселелеріне арнап орасан зор мұра қалдырған Цицерон құлдықты қалыпты жағдай жәнс әділетті іс деп есептейді. Оның айтуынша «құлдықтың әділетті болуы, оның мұндай адамдарға пайдалы болуынан, өйткені саналы түрде жүргізілген құлдық олардың (құлдардың) пайдасы үшін жасалады».

Нағыз азаматтардың міндеттеріне, Цицерон ақиқатты тануды, әділеттілікті, білімділікті және сабырлылықгы жатқызады.

Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне қол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы игілікпен еңбек етуге тиіс.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1923 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)