Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы сипаттамасы

Читайте также:
  1. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
  2. Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы
  3. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

Кіріспе

1. «Алғазы Орта мектебі» туралы жалпы мәлімет..............................4

2. «Алғазы Орта мектебі» - нің есептеу техника құрылғылары.......5

3. «Алғазы Орта мектебі» желілік жүйесі..........................................10

4. «Алғазы Орта мектебі» бағдарламалық жабдықталуы................23

5. Еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері......................................26

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

Алғазы Орта мектебі» туралы жалпы мәлімет

Сурет 1. « Алғазы Орта мектебі»

Мектеп ғимараты 2 қабатты, 1974 жылы кірпіштен салынған, 320 оқушыға арналған типтік ғимараттың жалпы алаңы-2069,1 шаршы метр (1 қабат-1126,1ш.м., 2 қабат-943ш.м). жер учаскесінің көлемі – 3,2700 га. Ғимараттың балланстық құны 40 млн. 399мың теңге. Ғимарат сұйық отынмен жылытылады, 2000 жылы «CHAPPE-2307», 2009 жылы «RЕX-25» маркалы жылу қазандықтары орнатылған, қазандық ғимараттың сыртында орналасқан. 2006 жылы мектептің шатырына, 2011 жылы спорт залдың шатырына және мектептің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2012-2013 оқу жылына бекітілген лимит 21535 литр. Оқыту тілі: қазақша. Оқушы саны: 2011-2012 о.ж-10/83, 2012-2013 о.ж.-10/90, 2013-2014 о.ж.-11/102. Оқыту түрі: күндізгі, мектеп 2 ауысымда оқиды (1 ауысым-87 оқушы (85,3%), 1,3-11 сыныптар, 2 ауысым-2сыныптың 15 оқушысы (14,7%) және 1 мектепалды даярлық сыныбының 12 баласы). Оқу жылының басынан 10 сыныптың 5 және 11 сыныптың 5 оқушысы қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алуда.

Қаратал ауданы Әкімдгнің 06.05.2013 жылғы №129 Қаулысы негізінде «Алғазы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып бекітілді, Қаратал аудандық Әділет басқармасы 2009 жылы 12 наурызда Заңды тұлғаға мемлекеттік қайта тіркеу жүргізді (Алғашқы тіркеу 06.12.1999 ж). мектеп жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 18.11.2013 жылы Қаратал ауданының әділет басқармасынан қайта тіркеуден өткен. «Алғазы орта мектебі» мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттары бар. Атап айтсақ:

Қаратал ауданы Әкімдігінің 06.05.2013 жылғы №129 Қаулысымен бекітілген Жарғы;

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік. Тіркеу номері №171-1907-16-ММ, 12.03.2009 жыл. БСН 991240003563;

Салық төлеушінің куәлігі 530700004845, 09.06.2008 ж., 23.10.2000 жылдан бастап салық төлеуші ретінде тіркелген. (Серия 09 №0007582);

Жалпы орта саласында білім беру қызметін жүргзу құқығы бар мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензиясын Алматы облыстық білім департаменті 03.06.2003 жылы берген, АА сериялы, тіркеу №0012306;

Медициналық ызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия қосымшасымен алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек; Жедел және шұғыл медициналық көмек тасымалдау кезіндегі медициналық алып бару, шұғыл медицина көмек. Санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халыққа гигиеналық білім беру) Серия ЛП №0002571DB, 17.07.2007 ж. қосымша №446.Мектептің техникалық паспорты Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының Қаратал аудандық филиалымен 15.05.2006 жылы жасалған. Жер учаскесіне меншік құқығын, тұраты жер пайдалану құқығын беретін акт 01.04.2003 жылы алынған, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі: 03-259-087-101, жер учаскеснің алаңы: 3.2700га;

 

«Алғазы Орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің

жалпы сипаттамасы

Болашағымыздың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал жасап, жас сұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастырып, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім ордасы. Ұлттық мүддені ойлап, ұлттық идеологияны дәріптеп, білім мазмұны мен тәрбие ісін халықтық педагогикаға негіздеген – білім беруді дамтыу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда өз үлесін қосып, жұмыс жүргізіп жатқан ауылдағы қазақ ұлттық білім ордаларының бірі – Қаратал ауданындағы Алғазы орта мектебі. Мектеп Қаратал ауданының ең шалғай жатқан Балқаш көлінің солтүстік батысында Қарақұм ауылында орналасқан. Аудан орталығынан – 220 км. Мектеп тарихынан бірер сөз: Алғазы орта мектебі - 1935 жылы бастауыш мектеп, 1957 жылы сегізжылдық мектеп, 1973-1974 оқу жылынан орта мектеп.

Білім ордасының білім беру ісінде алған бағыты – ертеңгі ел тұтқасы, бүгінгі мектеп шәкірті – жеке тұлғаның білімін алуын, ізденісін, тәрбиесін қазіргі өркениет талабына сай жаңа үрдісте ұйымдастыру болып табылады.

Мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі проблемасы: жаңа педагогикалық оқыту технологиялары мен озық іс тәжірбиелерді оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Оқу тәрбие үрдісінің мақсаты: оқу тәрбие үрдісіне жаңаша мамзұн беру арқылы жан-жақты, білімді, бойына, санасына халқымыздың,дәстүрлі рухани құндылықтарын сіңірген ұлтжанды, құзыретті тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеті: 1. Білім берудің дамытушылық сипаты.

2. Оқытудың жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдері мен ақпараттық технологиямен жұмыс.

3. Мұғалімнің білімі мен біліктілігін, кәсіптік шеберлігін жетілдіру, іздену, шығармашылық инновациялық жұмысы.

Мектеп 2 қабатты, 320 орындық, жалпы көлемі 2069,1 кв.м. Мектепте кабинеттік жүйе, оқу кабинеттері, мектеп залдары қазіргі талап деңгейінде жабдықталған. 11 сынып, 11 сынып комплекті, 11 оқу кабинеті, 1 шеберхана, 1 компьютерлік кабинет (10 компьютер), спорт зал, кітапхана, дәрігерлік бөлме, мектеп буфет бар. Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сабақ 8.30-да басталады, үзілістер ұзақтығы: кіші үзіліс – 10 минут, үлкен үзіліс – 20 минут. Мектептің жылыту жүйесі автономды, бір жылдық сұйық отынды пайдалану нормасы – 21235 л, жарық көзі табиғи.

Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 102 оқушы білім алуда, 19 мұғалім қызмет жасайды. Мектепалды даярлық сыныбына – 13 оқушы, 1 сыныпқа 15 оқушы қабылданды. «Балапан» қ.м.ш.о. – 3-5 жас аралығындағы 25 бала тәрбиеленуде.

Мұғалімдердің сапалық құрамы: 14-і жоғары білімді, 2-і аяқталмаған жоғары, 3-уі арнаулы орта. Санаттары бойынша 3 мұғалім жоғары санатта, 6 мұғалім бірінші санатта, 2 мұғалім екінші санатта. Мұғалімдердің білімі мен біліктілігін жетілдіру бойынша 2013-2014 о.ж. 5 мұғалім курстан, 2 мұғалім аттестациядан өтеді. Мектептегі кітап қоры 3585 дана, оқулық 2858 дана, оқулықпен қамтылу – 72%.

3 пән әдістемелік бірлестігі құрылған:

1. Бастауыш сыныптар пән бірлестігі – жетекшісі Балаборинова С.А.,

2. Гуманитарлық циклдегі пән бірлестігі – жетекшісі Даулетчинова Б.Е.

3. Жаратылыстану – математикалық циклдегі пән бірлестігі – жетекшісі Амиржанова Д.С.

4 жас мұғалім бар. Тәлімгерлер бекітілген. Штаттық кесте бойынша әкімшілік бірлік - 6: директор – 1, оқу ісі жөніндегі орынбасар – 1, тәрбие жөніндегі орынбасар – 1, педагог-ұйымдастырушы – 0,5, педагог-психолог - 1, АӘД пәнін ұйымдастырушы – 1. Ішкі қызметкерлер саны 12: медбике – 0,5, кітапахана – 0,5, іс жүргізуші – 0,5, күзетші – 3, үй тазалаушы – 3, шаруашылық меңгерушісі – 1, зертханашы – 1, есепші – 1, кезекші-күзетші – 1. Барлығы 18 бірлік.

Мектеп оқушыларымен факультатив таңдау сабақтары, қолданбалы курстар, сыныптан тыс үйірмелер жүргізіледі. 5-9 сыныптарда «Алаштану», «Абайтану», 5-7 сыныптар «Өлкетану», сыныптан тыс спорт, қолөнер үйірмелері жүргізіледі. 10-11 сыныптар бағдарлы оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша оқытылады.

Өткен оқу жылы бойынша мектептің білім сапасы – 56%, оқу озаты - 23, оқу екпіндісі - 26.

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады», - деп Абай атамыз айтқандай ертеңгі жас ұрпақтың өрелі болып өсуі жақсы ата-анамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Олай дейтініміз, баланың ес біліп өмірді енді тани бастаған барлық уақыты мектепте өтеді. Ақыл санасы ұстаз алдында қалыптасады. Ауыл мектебінде білім сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін, мұғалімнің әр сабаққа жан-жақты тиянақты дайындалуы қажет. Әрине жұмыс алға басу үшін мұғалімнің ой-өрісі күнделікті даярлығына, жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалануына жаңашылдықпен дамыта жүргізуіне байланысты болмақ. Ұстаз көрсеткіші пәндік олимпиада да көрінеді. Жыл сайын аудандық, пәндік олимпиадаларда, байқау, конкурстарда жетістіктерге қол жеткізудеміз. Атап айтсақ: «Дарын» облыстық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы 2011 жылы, 1 оқушы тарих пәнінен Арланова Ақерке – ІІ орын. 2012 жылы облыстық пән олимпиадасынан тарих пәнінен – ІІ орын қола жүлдегер. 2012 жылы облыстық республикалық Мұқағали оуқларының жеңімпазы – 1 оқушы Айдарбекова Рауана. 2013 жылы республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі пәнінен өткізілген байқаудың жеңімпазы – ІІІ орын. Мектеп оқушылары жылма-жыл аудандық пән олимпиадаларының, «Ақбота», «Руский медвежонок» интеллектуалдық білім сайыстарының жеңімпаздары. 2011 жылы 4 оқушы, 2012 жылы 6 оқушы, 2013 жылы 9 оқушы.

Білім ордасының өмірі түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға толы. Мектебімізде «Жас қалам», «Абайтану», «Шебер қолдар», «Былғары қолғап» бокс үйірмесі жұмыс істейді. Мұқағали оқуларынан соңғы үш жылда аудан бойынша І,ІІ грант приді иеленген Айдарбекова Р. мектеп қана емес аудан мақтанышы. Облыстық Мұқағали оқуларына жолдама алып, іріктеу турынан сүрінбей өткен Республикалық сайысқа қатысып, дипломант атанды. Бұл әрине оқушының ғана емес оқушына поэзияға құштарлығын тудырып, ақындық өнерге баулап жүрген Даулетчинова Баянның еңбегі зор. Ауданда мектеп оқушылары арасында өткізілген көркем өнгерпаздар байқауының қолөнер жанры бойынша ІІ орын, «Өнерлі өрнектер» атты байқауда «Шебер қолдар» номинациясы бойынша ІІ орынды шебер қолдар үйірмесінің мүшелері жетекшісі Бакирова Ләззат иеленді.

Салауатты өмір салтын қалыптастырып мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, спортпен шұғылдану оқушылар арасында кеңінен насихатталып, жұмыстар жүргізілуде. Мектепте спорт жұмыстары да дұрыс жолға қойылған. Мектеп оқушылары бокстан өткізілген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары. 2009 – 2012 оқу жылы аралығында мектеп оқушылары 2 халықаралық, 6 республикалық жарыстарға қатысып: 2 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлделер алды.

Шәкірттерге білім беруде заман талабына сай озық педагогикалық технологияларды және орқытудың жаңа әдістерін қолданып жаңа бағытта жұмыс жасайтын ұстаздар жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері: Балаборинова С., Жетписбаева К., тарих пәнінің мұғалімі АмиржановаД., информатика пәнінің мұғалімі Спанбетова А., химия-биология пәнінің мұғалімі Алиманова А. т.б. ұстаздардың еңбегін атап өтуге болады. – білімді, білікті, жаңашылдықпен жұмыс істейтін ұстазға байланысты. Осы орайда заман талабына сай білім мен тәрбие беріп оқушы мен ата – аналар құрметіне бөленіп жүрген ұстаздарымыз да баршылық.

Елбасымыз: «Өркениетке жетудің басты көмекшісі - білім» дейді. Ендеше білім сапасын жоғары көтеру ұстаздар мойнындағы міндет.

Соңғы жылдар мектептің білім сапасы ҰБТ нәтижелерімен сарапталуда.

Мектебіміздің соңғы 3 жылдағы ҰБТ нәтижелері: 2009 – 72,6 %, 2010 – 87,5 %, 2012 - 72,7 % аудан бойынша үшінші орында; грант: 2009 - 2, 2010 – 2, 2012-2013 о.ж. 11 сыныпты бітіруші жоқ. 2011-2012 о.ж. ҰБТ-көрсеткіші - 72,7%, аудан бойынша 3-і орын.

Ұстаз беделі – шәкіртімен. Мектепті әр жылдары ү.здік аттестатқа бітіріп Республикаларымыздың әр тараптарында жемісті еңбек етіп жатқан түлектерімізді мақтан етеміз. Олар: Майтанов Б. – сыншы, ғылым докторы, Акпарова Ж. – педагогика ғылым. Кандидаты, Айтқұлов Ж. – білікті хирург, Аманқұлов Б. – суретші, дизайнер, Карабалинова М., Қасымбекова А.- терапевт дәрігер, Мейрамгазина Д., Асылбекова Г. – заңгер, Намазбеков Б. – шебер, домбыра жасаушы.

Білім мен ғылымды терең меңгерген ұрпақ тәрбиелей алғанда ғана қазіргі жаңа заман мектебі алдына мемелекетіміздің қойып отырған міндеттерін шеше аламыз. Сондықтан мектеп ұүжымының алдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі мақсаты- білім беру технологияларын тиімді пайдалана отырып тұлғаға бағытталған білім мазмұнын жаңаша құру, білім сапасы мен тәрбие деңгейін көтеруге бағытталады

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)